Quantcast
Channel: Cұрақ-Жауап - Соңғы сұрақтар
Viewing all 42143 articles
Browse latest View live

Есеттің қолына түскен орыс әскерлерін босатқан ақын кім

$
0
0
Есеттің қолына түскен орыс әскерлерін босатқан ақын кім

Нокия 206 телефонына мобимит. другвокруг. сжс қалай енгізуіме болады?

$
0
0
Нокия 206 телефонына мобимит. другвокруг. сжс қалай енгізуіме болады?

Жауап берді: Тік төртбұрыш кестенің әрбір бірлік шаршысында нақты сан жазылған

$
0
0

есептің шарты осылай

Тіктөртбұрыш кестенің әрбір бірлік шаршысында нақты сан жазылған және кестеде бірдей сан жоқ.Әрбір жолда ең үлкен сан таңдалған.А-осы сандардың ең кішісі,әрбір бағанда ең кіші сан таңдалған,В-осы сандардың ішінен ең үлкені. А және В сандарын салыстыр

Жауап берді: Орыстар шығарған ең оңай психологиялық тесті

$
0
0
Музыка, звук, поцелуй, ал не болды енді?

Жауап берді: Ало ало деген өлең бар ет бір жігіт айтатын аты қандай еді таппай жатырмын?

Жауап берді: Уинстон Черчилль – XX ғасырдағы британдық ұлы саяси қайраткер

$
0
0

Уинстон Черчилль – жарты ғасыр бойы Ұлыбританияның саяси аренасында үстем болған британдық мемлекеттік және саяси қайраткер.

Өзінің еліне қызмет етуге міндетті адамдардың әрқайсысы сияқты, Черчилль Англияға ақылмен, ұлттық тарихына үлкен құштарлықпен және де суық оймен қызмет етті. Және де ол, әрине, өз жетістіктері және пайдасы үшін елінің тағдырын ескермей кеткен емес. Тек осылай ғана ол өз елінің сарқылмас махаббаты мен барлық адамзаттың құрметіне қол жеткізе білген. Оның барлық өмірі ұлттық тарихқа, оның ең үздік стандарттарына адалдығымен өтті.

Қоғамдық өмір сахнасында ұзақ уақыт бойы орнын сақтай білген саясаткерлер мен мемлекет қайраткерлері жиі кездесе бермейді. Олардың ішінде өз өмірлерін аянбай саясатта табысқа жету жолына арнаған қайраткерлер сирек кездеседі. Черчилльдің саясаттағы жолы үлкен табыстарымен де, маңызды сәтсіздіктерімен де белгілі болды. Ол туралы қоршаған адамдардың пікірі өзінің айналысуына тура келетін көптеген маңызды мәселелер туралы пікіріндей қарама-қайшы болды. Оның мінезіне қарама-қайшылықтан басқа өзі ұшыраған жағдайларға байланысты өзгеріп тұру тән болды. Ал әр түрлі қасиеттерінің көптігі оған белсенді саясаткер, мемлекет азаматы болуға мүмкіндік берді. Бұдан басқа ол офицер, жазушы, тарихшы, стратег, журналист, жоғары класс ораторы және қабілетті суретші болды, ол тас қалаушы және бақша сәулетшісі шеберлігін игерді.

Өмір бойы Уинстон Черчилль публицистика үшін игілікті объект болып өтті. Істегені мен айтқанының бәрі оның әрекетінің жаңа көрінісі болып отырды.  Көптенен замандастарына қарағанда, ол әрдайым бұқаралық ақпараттар құралдарының мәнісін және олардың артында тұрған бұқараны бағалай білді. Оларға өз тарапынан көптеген ықыласы мен ілтипатын білдіріп, бұны өз мақсатары үшін ебін тауып пайдалана білген.

21 жасында Англияның саяси өміріне қадам басып, ол қырық жыл бойы жеке істерінде актердің, жылнамашының, сыншының және соттың ролін ойнап, саясатта қала берді. Тынышсыз өмірдің шытырман оқиғаларын кешіп жүріп, ол өзіне көңіл аударта білетін.

Би-би-си хабар тарату компаниясының 2002 жылғы сұрастыруы бойынша, У. Черчилль тарихтағы ең ұлы британец атанды.

«Табыс – бұл энтузиазмді жоғалтпастан сәтсіздіктен
сәтсіздікке жылжи білу». Уинстон Черчилль

Британдық мемлекеттік және саяси қайраткер, 1940-1945 және 1951-1955 жылдардағы Ұлыбританияның премьер-министрі; әскери адам, журналист, жазушы, Британия академиясының құрметті мүшесі (1952), әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты (1953).

2002 жылы Би-би-си хабар компаниясы жүргізген сауалнамалар деректері бойынша ол тарихта ұлы британец деп аталды. 

Уинстон Черчилль 1874 жылы 30 қарашада Бленхейм Сарайында Мальборо герцогтарының атадан қалған қожалығында туған.  Черчилльдің әкесі – лорд Рэндольф Спенсер-Черчилль, Мальборо 7-герцогының екінші ұлы, белгілі саясаткер, Кертартпа партиялар атынан Қауымдық палата депутаты болды, Қазынашылық канцлер лауазымымен айналысты. Анасы – леди Рэндольф Черчилль, қыз кезінде Дженни Джером, бай америкалық бизнесменнің қызы болған.

Саяси мансаппен айналысқан әкесі де, ақсүйектер өміріне берілген анасы да ұлына аз уақыт бөлді. 1875 жылы балаға деген қамқорлық бала бағушы Элизабет Энн Эверестке жүктелді. Оны тәрбиеленушісі шынайы сезіммен жақсы көрді және Чирчелль үшін ең жақын адамдарының бірі болды.

Черчилль сегіз жасқа толған кезде оны  Сент-Джорджда дайындық мектебіне жібереді. Мектепте тәнін жазалау практикасы болатын және ұдайы тәртіп бұзатын Уинстонға жиі қолданылатын. Ұдайы барып жүретін бала бағушы баланың денесіндегі ұрып-соққан іздерді байқағаннан кейін ол бірден анасына хабарлады да, оны Брайтонда Томсон апалы-сіңілілер мектебіне ауыстырады. Оқудағы табыстары әсіресе ауыстырғаннан кейін қанағаттанарлық болды, бірақ тәртіп бойынша аттестаттау көрсетті [1, б. 86].

1886 жылы ол ауыр өкпе қабынуымен ауырды. Денсаулығының нашарлығы мен оқудағы күмәнді табыстары ата-анасына, бірнеше ұрпақ бойы Мальбора руының еркектері оқыған Итонға емес, атағы кем түспейтін Хэрроуға жіберуге ой салды. Ол мектепті, барлық пәндер бойынша емтиханнан өте алған барлығы 12 оқушы арасында аяқтады, тарихты оқуда табыстары ерекше байқалды. Хэрроуда сайысумен айналысты және 1892 жылы мектеп чемпионы болып, айтарлықтай табыстарға жетті.

1893 жылы 28 маусымда Черчилль Ұлыбританияның ең атақты әскери училищелерінің бірі Сандхёрстегі Корольдық әскери училищеге үшінші рет (латын тілі бойынша жазбаша жұмыстарда қиындық болды) емтихан тапсырды. Бағаларының төмендігіне байланысты (102-ден 92 нәтиже) ол курсант-кавалерист болады да, жақсы нәтиже көрсеткен бірнеше талапкерлер түсуден бас тарту арқасында анағұрлым даңқты жаяу әскер класына ауыстырылады. Сэндхёрстте ол 1893 ж. қыркүйектен бастап 1894 ж. желтоқсанға дейін оқып, 130 адам арасында түлектердің жиырмасыншысы болып аяқтайды (басқа мәліметтер бойынша – 150 ішінде сегізінші). 1895 жылы 20 ақпанда Уинстон Черчилльге кіші лейтенант шені берілді.

Сол жылы ол екі ауыр қазаны бастан кешті: қаңтарда оның әкесі қайтыс болады, шілдеде перитониттен оның сүйікті бала бағушысы дүниеден өтеді.

Шен алғаннан кейін Черчилль Оның Мәртебесінің 4-гусар полкіне тіркеледі. Мүмкін ол сол кезде ғана әскери мансап оны қызықтырмайтынын мойындаса керек: «Мен неғұрлым ұзақ қызмет еткен сайын, маған қызмет ету соғұрлым көбірек ұнайды, бірақ бұл менің ісім емес екеніне соғұрлым көбірек көзім жетеді», деп ол 1895 жылы 16 тамызда леди Рандольфке жазды.

1895 жылы, анасының көп байланыстарының арқасында Черчилль Кубаға «Дейли График» газетінің әскери тілшісі ретінде жергілікті халықтың испандықтарға қарсы көтерілісін түсіндіруге жіберілді, бірақ осы кезде шынайы қызметте тіркелуін жалғастырды. Испан әскерлеріне іссапарға жіберілген ол оқ астында алғаш рет  болды. Газет оның бес мақаласын жариялады, олардың ішінде кейбіреулері «Нью-Йорк таймс» болып қайта басылды. Мақалаларды оқырмандар игі ниетпен қарсы алды және гонорар 25 гинеяны құрады, бұл сол кезде Черчилль үшін анағұрлым айтарлықтай сома болды. Испан үкіметі оны «Қызыл крест» медалімен марапаттады және бұл Черчилль атағына жанжалды сипат берді, себебі британия баспасөзінде тілшінің  бейтараптылығына күмән келтіру себебі туды. Мадақтау мен әдебиеттегі атағынан басқа ол Кубада одан өмір бойы қалмаған екі әдетке үйренді: куба сигарын тарту және түскі астан кейінгі сиеста-демалысы. Англиядан кері қайтқанда Черчилль алғаш рет АҚШ-қа барды [1, б. 98].

1896 жылы қазанда полк Индияға бет алады да, Бангалорада пәтерлерге орналасады.  Черчилль университет білімі болмағандықтан оның орнын толтыру үшін көп оқиды және поло бойынша полк құрамасының үздік ойыншыларының бірі болады. Қол астындағылардың естеліктері бойынша ол офицерлік міндеттеріне адалдықпен қарайды және солдаттар мен сержанттарды үйретуге көп уақытын кетіреді, бірақ қызмет ету кертартпалығы оған бөгет болады, ол екі рет Англияға демалысқа барады (оның ішінде Виктория королевасының басқаруына 60 жылдығы  бойынша салтанатқа), Калькутта мен Хайдарабадқа соғып, Индия бойынша саяхат жасайды.

1897 жылы күзде өзінің жеке байланыстары мен анасының мүмкіндіктерін қайтадан пайдаланып, ол елдің солтүстік-батысында Малаканд таулы аймағында пушту тайпаларының (ең алдымен мохмандтар) көтерілісін басуға бағытталған экспедициялық корпусқа іссапарға баруға қол жеткізеді. Бұл кампания кубандыққа қарағанда анағұрлым қатыгез және қауіпті болып шықты. Операция барысында  Черчилль сөзсіз батырлық көрсетті, дегенмен бұл қажеттіліктен гөрі көбінесе есерліктен туатын артық қатерге бас тігу болды. Ол анасына: «Мен әлемде қандай нәрсе болмасын, батырлық атағына көбірек ұмтыламын» деп жазды.

Әжесі герцогина Мальбороға жіберілген хатында ол екі жақты да қатыгездігі үшін бірдей дәрежеде әжуалайды, ал кампанияның өзін мағынасыздығы үшін: «Пушту тайпаларының адамдары жаралыларды азаптайды және өлгендерді мазақтайды. Солдаттар қолдарына түскен қарсыластарын – жаралыларды немесе жараланбағандарды ешқашан тірі қалдырмайды. Дала госпитальдары мен қарауыл отрядтар аурулармен бірге жау үшін ерекше мақсат болып қызмет етеді, біз жазды судың жалғыз көзі болып табылатын резервуарларды бұзамыз және оларға қарсы оқ – талқандау әсері сұмдық ... «Дум-дум» жаға оқтарын қолданамыз. Бұл - қаржы жағынан жұтататын, адамгершіліктен жұрдай моральдық, әскери тұрғы мәселесінде және дөрекі саяси ағаттық».

Хаттар алдыңғы шептен «Дейли Телеграфта» жарияланды, ал кампания аяқталғаннан кейін 8500 дана тиражбен оның «Малакандтық дала корпусының тарихы» (ағыл. «The Story of the Malakand Field Force»). Басып шығарылды. Басылымға асығыс дайындауға байланысты кітапта типографиялық қатенің көп саны кеткен, Черчилль 200-ден астам қате басылуды санады және содан бері әрқашан баспа шектерін жеке түзетуді талап етті [2, б. 32].

 Малакандтан сәтті оралғаннан кейін Черчилль Солтүстік Африкаға баруға қол жеткізуді, Суданда махдилер көтерілісін басуды баяндауды бірден бастайды. Кезекті журналисттік іссапарына жөнелу ниетін түсінікпен қарсы алмады және ол тікелей премьер-министр, лорд Солсбериге, сапарға шығу сылтауы тарихи моментті баяндау ниеті де, сондай-ақ, кітапты шығарудан жеке, сонымен қатар қаржылық пайда түсіру мүмкіндігіне болып табылатынын  шындықпен мойындап, хат жазады.  Нәтижесінде әскери ведомство, оны лейтенанттың штаттан тыс лауазымына тағайындап, сұранысын қанағаттандырды, тағайындау туралы бұйрықта, жараланған немесе қайтыс болған жағдайда әскери министрлік қорынан төлемақы алуды ойламауы керек екені ерекше белгіленген.

Көтерілгендер жағында сандық басымдық болғанмен одақтық ағылшын-египет армиясында басым технологиялық басымдық – көп зарядты атыс қаруы, артиллерия, канонер қайықтар мен сол уақыттағы соңғы жаңалық – Максим пулеметі болды.  Омдурман жанындағы басты шайқаста Черчилль британдық армияның соңғы кавалериялық шабуылына қатысты.  Ол өзі эпизодты сипаттады: «Мен желіске көштім де, жекелеген қарсыластардың беттеріне пистолеттен атып, соларға шаба жөнелдім және бірнешеуін – үшеуін сөзсіз, екеуін шүбәлі және тағы біреуін – анағұрлым күмәнмен өлтірдім».

Репортаждарда ол, кабинет бойынша өзінің болашақ әріптесін, ағылшын әскерлерінің қолбасшысы генерал Китченерді тұтқындар мен жаралыларға қатыгездігі және жергілікті дәстүрлерді құрметтемегені үшін әжуалады. «Ол ұлы генерал, бірақ оны ұлы джентльмен екендігін ешкім айыптаған жоқ» - деді Черчилль ол туралы өзінің жеке сұхбатында, орынды сипаттама тез арада жариялық игілігі болды. Сын көбінесе әділ болғанмен, оған деген қоғамдық реакция бір мәнді болған жоқ, публицист пен әшкерелеуші позициясы кіші офицердің қызметтік парызымен нашар үйлесті.

Кампания аяқталғанан кейін Черчилль, поло бойынша жалпы ұлттық турнирге қатысу үшін Индияға қайтады. Қысқа аялдама кезінде Англияда ол бірнеше рет конвсерваторлардың митингінде сөз сөйлейді. Практикалық түрде, өзінің командасы жеңіліс тапқан турнир аяқталғаннан кейін, табанды финалдық матчта жеңіске жетіп,1899 жылы ол бірден отставкаға шығады.

Отставка моментіне қарай Черчилль белгілі бір алқаларда журналист ретінде атақты болады, ал оның Судан кампаниясы туралы «Өзендегі соғыс» (ағылш. «The River War») кітабы бестселлер болды [2, б. 54].

1899 жылы маусымда ол Олдхэмнен Керітарпа партиядан парламентке сайлауға түсуге ұсыныс алады. Қауымдар палатасында орын алудың бірінші әрекеті табыссыз аяқталды, бұл Черчилльдің өзінің кінәсі бойынша емес: төңіректе  нонконформисттер басым болды және сайлаушылар консерваторлардың бастамасы бойынша, Ағылшын шіркеуін жергілікті салықтан қаржыландыру берген жақында ғана қабылдаған «Шіркеу десятинасы туралы заңдарға» наразы болды. Черчилль сайлау алдындағы кампания барысында өзінің заңмен келіспейтіні туралы жариялады, бірақ бұның әсері болған жоқ және Олдхэмнен берілген екі мандат та либералдарға берілді. 

1899 жылдың күзіне қарай бур республикасымен қатынас күрт асқынды және қыркүйекте Трансвааль мен Сарғылт Республика ағылшын жұмысшыларына алтын жазумен сайлау құқықтарын беру туралы британия ұсыныстарын қабыл алмаған кезде соғыстың сөзсіз болатыны айқын болды. 18 қыркүйекте «Дейли Мейл» иелері Черчилльге Оңтүстік Африкаға әскери тілші ретінде баруды ұсынды. Ешбір жауап берместен ол бұл туралы Судан кампаниясы кезінде сол үшін жұмыс істеген «Морнинг Пост» редакторына хабарлады және оған 250 фунт плюс барлық шығындар компенсация көлемінде айлық жалақы ұсынылды. Бұл өте маңызды сома болды (жаңа заманғы эквивалентте 8 мыңға жуық фунт), бір кездері журналистке ұсынғаннан көп, Черчилль бірден келісті. Ол Англиядан, соғыс басталғаннан кейін екі күннен соң 14 қазанда шықты.  

15 қарашада Черчилльдің Малаканд бойынша танысы капитан Холдейн команда атқарған бронепоезда рекогносцировкалау рейді жөнелтілді. Жақын арада бронепоезды бур артиллериясы атқылады.  Оқ астынан кету әрекеті кезінде құрам үлкен жылдамдықпен артқа жүріп, қарсыласы шабуылды бөліп тастау үшін жолға бөгеуіл еткен қой тасқа соғылды. Жөндеу платформасы мен екі броневагон рельстен шығып кетті, бронепоездың жылжымайтын жалғыз қаруы қатардан тікелей тию арқылы шығарылды. Черчилль жолды тазартуға команда беруге шақырылды, Холдейн қорғанысты реттеуге және жұмыс істейтіндерді қалқалауға тырысты. Көргендердің куәландыруы бойынша Черчилль оқ астында қорықпастан әрекет етті, бірақ жол тазартылған кезде, вагон рельстерінде қалған ілгекті снаряд сындырғаны анықталды, Холдейнге ауыр жаралыларды паровозға салып тылға жөнелту ғана қалды. 50-ге жуық ағылшындар қарсыласының көп есе басым күшінің алдында қалды.   Черчилльдің өзі жазғандай, бурлар қарсыласын берілуге шақырып, «адамгершілікке тең ерлікпен» шабуылдады және Холдейн солдаттарымен бірге тұтқынға алынды. Черчилль қашуға тырысты, бірақ оны бур кавалеристтері ұстап алды да, Мемлекеттік үлгілі мектепте орнатылған әскери тұтқындарға арналған лагерьге орналастырды. 

12 желтоқсанда Черчилль лагерьден қашады. Қашуға қатысқан басқа екеуі – Холдейн мен сержант-майор Бруки күзетшілерге білдірместен қоршау арқылы өтіп үлгерді және Черчилль оларды біршама уақыт қабырғаның қарама-қарсы жағында бұталар түбінде күтті.  Соңында оны жолдастарын тастап кетті деп кінәлады, бірақ бұған ешқандай дәлелдеме болған жоқ, ал 1912 жылы ол жала жапқаны үшін кінәлау бойынша «Блэквудс Мэгазин» журналына сотқа берді, басылым жалғандығын баспасөзде жариялауға және сотқа дейін кешірім сұрауға мәжбүр  болды. Тауарлық поездға секіріп, ол Уитбанкқа жетті, онда  тау-кен инженері, ағылшын Даниэл Девснап оны бірнеше күн бойы шахтада жасырды, сосын оған поездбен майдан шебі арқылы жасырын өтіп кетуге көмектесті. Черчилльді ұстап беру үшін бурлар   25 фунт сыйақы бекітті. 

Тұтқыннан қашуы оны атақты етті, ол парламентке сайлауға түсуге бірнеше ұсыныс алды, оның ішінде оған «саяси бір жақтылыққа қарамастан» дауыс беруге уәде берген олдхэмдік сайлаушылардан жеделхат алды, бірақ жалақысыз жеңіл кавалерия лейтенанты лауазымын алып, осыған орай «Морнинг Пост» спецкоры ретінде жұмысын жалғастырып, әрекет етуші армияда қалуды ұйғарды. Ол көптеген ұрыстарда болды. Өзі қатысқан Алмаз төбе үшін шайқас, соңғы операция барысында көрсеткен ерлігі үшін генерал Гамильтон Виктория Крестіне берді, бірақ бұл көрініс белең алған жоқ, себебі Черчилль сол уақытқа қарай отставкаға кетті [2, б.83].

1900 жылы шілде айында Черчилль Англияға қайтып келді де Олдхэм (Ланкашир) атынан өзінің кандидатурасын ұсынды. Батырдың беделі мен сайлаушылардың уәде еткендерінен басқа, оған инженер Девснап көмектесті, ол Олдхэмдық еді, бұл туралы, Черчилль өзінің сайлау алдындағы кіріспе сөздерінде үнемі айтып жүрді. Ол басқа кандитаттардан 222 дауыспен озып кетті, 26 жасында Қоғам палатасының мүшесі болды. Сайлауда консерваторлар үлкен дауысқа ие болып, басқарушы партияға айналды.

Бұл жылы ол өзінің жалғыз ірі шығармашылық туындысы – «Саврола» романын жариялады. Черчильді көптеген биографтар мен әдебиеттанушылар романның басты кейіпкері - Саврола бейнесінде өзін сомдаған деп жазады.

1901 жылы 18 ақпанда ол Қоғамдар Палатасында Оңтүстік Африкадағы соғыстан кейінгі реттеу туралы алғашқы сөзін сөйледі.  Ол жеңілген жаққа мейірім танытуға, «олардың жеңілісін мойындауға» көмектесуге шақырды. Оның айтқан сөздері көпшілікке қатты әсер етті, мысалы, «мен егер бур болсам, майдан даласында шайқасатын едім»,  көптеген саясаткерлер бірнеше рет пайдаланды, өңдеді.

13 мамырда ол кенеттен әскери министр Бродрик ұсынған әскерге жұмсалатын шығындарды ұлғайту жобасын күрт сынға алды. Меншік партиясы құрастырған кабинеттің сыны бойынша Черчилль «Морнинг пост» редакциясына алдын ала айтатын сөзінің мәтінін жіберді. Осы даумен жас парламентаристің жыры аяқталған жоқ. 1902-1903 жылдары еркін сауда және отарлау саясаты мәселесі бойынша пікір қайшылықтарын тудырды  (Черчилль астыққа салынатын, импорттық салымдарды енгізуге қарсы болды). Осындай қадаммен 1904 жылы 31 мамырда Либералдар партиясына өтуі саналы қадам еді.

1905 жылы 12 желтоқсанда Уинстон Черчилль Кэмпбелл-Баннерман үкіметінде отарлау істері жөніндегі министрдің орынбасары лауазымына тағайындалды (министр лауазымында лорд Элджин отыр еді), ол осы лауазымда жеңіліске ұшыраған бур республикасының конституциясын өңдеумен айналысты.

1908 жылы сәуірде Кэмпбелл-Баннерманның денсаулығының күрт нашарлауына байланысты өзінің міндеттемелерін орындауға жарамсыз болып табылғандықтан кабинетте бірқатар орын ауыстырулар орын алды: Қазынашылық канцлері болған Герберт Асквит үкімет басшысы болады, ал оның орнына бұрынғы сауда және өнеркәсіп министрі Дэвид Ллойд-Джордж отырды, ал осы лауазымға 12 сәуірде Черчилль келеді. Ллойд-Джордж пен Черчилль мемлекеттік, көбінесе, әскери шығындарды қысқартуға қарсы болды. Олардың бұл әрекеті табысқа әкеген жоқ,  бұл туралы Черчилл былай сипаттаған: «Шешім қызықты және бір уақытты сипатта еді. Адмиралтейство алты кеме, экономисттер төрт кеме талап етеді, ең соңында біз сегіз кемеге келістік» [2, б. 102].

Черчилль Асквит кабинетінде өтетін әлеуметтік реформалардың сенімді жақтасы болды, ал 1908 жылы жалақының ең төменгі шегі туралы  заңның бастамашысы болды. Заң Англияда ең алғашқы рет жұмыс күнінің ұзақтығы мен еңбек ақы туралы норманы белгіледі.

1910 жылы 14 ақпанда 35 жастағы Черчилль ішкі істер министрі болды, бұл елдегі барынша беделді лауазымдардың бірі. Министрдің жалақысы 5000 фунтты құрайды (шамамен қазіргі эквивалентпен алғанда 200 мың). Ол шығармашылықпен айналысуды тоқтатты, тек 1923 жылы ғана шығармашылық жұмысқа келді.

Министр лауазымы Черчиллдің саяси мансап жолындағы ең күрделі және қарама-қайшылыққа толы кезең болды. Бұл кезеңде жұмысшылардың жаппай ереуілге шығулары жиі орын алатын. Черчиллдің тәртіпсіздіктердің орнын алу әрекеті барлық саяси спектрлер тарапынан  бірнеше рет қатаң сынға ұшырады, ішкі істер министрі ретінде оған барлық жауапкершілік жүктелсе де, болып жатқан өзгерістерге араласқан жоқ [3, б. 94].

1910 жылы қарашада Оңтүстік Уэльсте Тонипанди кеншілер қаласында қақтығыстар жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты, ереуілге шыққан кеншілер жолды штрейкбрехермен жауып тастауға тырысты. Черчилль жергілікті Бас Констебльдің талап етуі бойынша әскер кіргізу туралы өкім шығарды. Черчилльдің бұйрығы әскерге ереуілге шыққандармен тікелей қақтығысуға тыйым салынса да, бүліншілік тудырғандарды оқтың астына алу туралы аңыз біршама бұрмаланған дейді, армияда метрополияны пайдалану туралы фактінің өзі қоғамның күрт реакциясын тудырды, лейбористтер Черчиллді өте қатаң шарлары үшін, ал консерваторлар – батылсыздық әрекеттері үшін сынады. Полицияның озбырлығы үшін жауапкершілік Черчиллге жүктелді, полицейлердің суфражистер делегациясын ұрып-соғуы сол жылы 18 қарашада орын алды.

1910 жылы желтоқсанда зергерлік дүкенді тонау туралы іс жанжалды кезеңдердің бірі болды. Тонау кезінде екі полицей қайтыс болды, біреуі жараланды. Черчилль қайтыс болғандардың жерлеуіне қатысты. 3 қаңтарда Черчиллге қылмыскерлерді Сидней-стрит бойындағы № 100 үйде табылды деп хабарлады. Қылмыскерлер қатты қарсылық көрсетті, бір полицей өлді, екеуі қайтыс болды. Черчилль операцияны басқару үшін жаңалықтар орын алған жерге келді, Сидней-стритке ауқымды күштер тартылды, Тауэрден Шотландия Гвардиясы келді. Нәтижесінде қылмыскерлер орналасқан үйде атыс орын алды, өрт тұтанды. Черчилль келген өрт командасына өртті сөндіруге тыйым салды. Үй жанып кеткен кезде сынықтардың астынан денесі күйіп кеткен екі өлік табылды, ал банда  басшысы қашып кеткен. Келесі күні Сидней-стриттегі Черчилльдің суреті газетте шықты, кекесінді меңзеулері бар мақала жарық көрді. Осы әрекеті үшін Черчилль баспасөздің және парламенттегі әріптестерінің үлкен сынына ұшырады. Бальфур: «Ол [Черчилль] және фотограф, екеуі де өздерінің қымбат өмірлерін тәуекел еткен. Фотографтың неге өйткенін түсінемін, оның жұмысы, бірақ мына лайықты джентльмен онда не істеп жүр?» деп жазды [3, б. 108].

1911 жылы жазда теңізшілер мен порт жұмыскерлерінің ереуілі басталды. Тамыз айында Ливерпульде жаппай тәртіпсіздіктер орын алды. 14 тамызда Черчилльдің бұйрығымен қалаға келген «Антрим» әскери кемесінің  теңіз жаяу әскері қалың топ арасында атысты бастап, 8 адамды жарақаттады. 15 тамызда ереуілге шыққан басшыларымен кездесіп, Лондондағы ахуалды реттеуге тура келді. 19 тамыз күні оларға теміржолшылар ереуілге шықпақшы болып, аттанды. Қалада орын алған атыстар мен тәртіпсіздіктер салдарынан азық-түліктердің жетіспеушілігі сезіне басталды. Черчилль ереуілдердің болуы ықтималдығы қатер төндіре бастағандықтан 50 мың солдатты мобилизациялайды, армия жергілікті азаматтық биліктің талап етуі бойынша ғана енгізіледі деген бұйрықты алып тастайды. 20 тамызға қарай Ллойд Джордждың араласуының арқасында жалпы қақтығыстардың қатері сейіле бастады. Черчилль Ллойд Джорджпен телефон арқылы сөйлескенде: «Мен бұл туралы кеш білдім. Әрі қарай жалғастырғандары дұрыс болар еді, осылай жер-жебірлеріне жету керек еді». Оның ең жақын досы Чарльз Мастерман:

«Уинстон өте ашулы күйде. Ол істі дүркін атыстармен шешуге құмар еді, картаға әскерлердің қозғалу маршрутын белгілегенде масайрайды, көзіне қан толып, ызаланып бюллетендерді толтырады, қан төгілгенін аңсайды» деп жазды.

Лордтар Палатасының басшысы Лорд Лорбёрн ішкі істер министрінің әрекетін «жауапкершіліксіз және ағат қылық» деп бағалады.

Германиямен жағдайдың нашарлауына байланысты Черчилльдің сыртқы саясат мәселелерімен айналысуына тура келді. Әскери мамандардан алынған идеялар мен ақпараттардан Черчилль «контитенталды проблемалардың әскери аспектілері» туралы меморандум жасады және оны премьер-министрге тапсырды. Бұл құжат Черчилльдің сөзсіз табысы болды. Бұл Черчилдің кавалериялық офицерлер мектебі берген әскери білімі болғандықтан бірқатар маңызды әскери мәселелерді жылдам және кәсіби тұрғыдан шешуге көмектесті [4, б. 214].

1911 жылы қазанда премьер-министр Асквит Черчилльге Адмиралтейство Бірінші Лорд постын ұсынды, ал 23 қазанда осы лауазымға ресми тағайындалды.

Адмиралтейство формалды өту төмендеу лауазым еді, себебі ішкі істер министрлігі барынша маңызды үш үкіметтік мекемелердің бірі болып саналатын. Алайда, Черчилль ешқандай күдіксіз Асквиттің ұсынысын қабылдады, өйткені флот британдық геосаясатының маңызды құралдарының бірі болды, осы кезеңде өз тарихында ірі жаңарту кезеңін өткерді.

XIX-XX ғасыр аралығында теңіз қару-жарақтарын жаппай шығару кезінде, 1906 жылы алғашқы дредноутты суға түсіргеннен кейін қалыптасқан жағдайда британ флотына сандық және сапалық тұрғыдан Германия мен Франция, сондай-ақ АҚШ-та қатер төндіре бастады.

Әскери-теңіз күштеріне жұмсалатын шығындар британ бюджетінің ең ірі шығынды баптарының бірі болды. Черчилльге шығындардың тиімділігін бір уақытта арттыру кезінде реформа жүргізу тапсырылды. Оның бастамасымен болған өзгерістер өте ауқымды еді: ІТК бас штабы құрылды, теңіз авиациясы бекітілді, жаңа типтегі әскери кемелер жобаланды және салынды. Бастапқы жоспар бойынша, 1912 жылғы кеме құрылысы бағдарламасы бойынша  «Айрон Дьюк» типтес 4 жақсартылған линкор құрастырылуы тиіс еді. Алайда Адмиралтействоның жаңа Бірінші Лорды жобаны 15 дюмді негізгі калибр бойынша қайта істеуге бұйрық берді, бұл ретте осындай құралдарды құру бойынша жобалау жұмыстары әлі біткен жоқ. Нәтижесінде Queen Elizabeth типтегі линкорлар өте сәтті құрылды, олар 1948 жылға дейін Ұлыбританияның КВМФ қызмет етті.

Әскери флотты көмірден сұйық отынға айырбастау маңызды шешімдердің бірі болды. Айқын басымдылықтарға қарамастан, әскери ведомство ұзақ уақыт бойы осы қадамға қарсы болды, стратегиялық түсініктер бойынша – көмірге бай Британияда мұнай қоры тіпті болмаған. Флотты мұнайға ауыстыру мүмкін болу үшін Черчилль Ағылшын-Иран мұнай компаниясының 51 % пакетін сатып алуға 2,2 млн фунт бөлуге бастамашы болды. Таза техникалық аспектілермен қатар оны шешімі үлкен саяси салдарға алып келді – Парсы шығанағы Ұлыбританияның стратегиялық мүдделерінің аймағына айналды. Флотты сұйық отынға ауыстыру жөніндегі Корольдік комиссияның төрағасы көрнекті британ адмиралы лорд Фишер болды. Черчилль мен Фишердің бірлескен жұмысы 1915 жылы Галлиполиге түсіру туралы категориялық келіспеушіліктерімен аяқталды [4, б. 226].

Ұлыбритания 1914 жылы 3 тамызда Бірінші әлемдік соғысқа ресми кірісті, ал 28 шілдеде Австрия-Венгрия Сербияға соғыс жариялағанда Черчилль флотқа Англия жағалауына әскери позицияны жылжытуға бұйрық берді, бұған рұқсат етуді премьер-министрден кешіктірілген күнмен алды.

Черчилль 5 қазанда Антверпенге келді және қаланың қорғанысын жеке басқарды. Белгия үкіметі бұл қаланы немістерге бергісі келді. Барлық күштерге қарамастан 10 қазанда қала берілді, 2500 солдат қаза тапты. Черчилльді орны толмас ресурстар мен адам өмірлерін жоғалтқаны үшін айыптады, көбісі Антверпен қорғанысына Кале пен Дюнкерк қолдау көрсетті деп санайды.

Черчилль «Құрлықтағы кеме жөніндегі комиссия» төрағасы ретінде алғашқы танктерді әзірлеу және танк әскерін құру жобасына қатысты.

1915 жылы ол Дарданелль операциясының бастамашыларының бірі болды, бұл одақтас әскерлер үшін апатты жағдаймен аяқталды, үкіметтік дағдарысты тудырды. Черчилль жаңа коалициялық үкімет құрылғанда сәтсіздік үшін жауапкершіліктің бір бөлігін өзіне алды, консерваторлар Адмиралтействоның бірінші лорд постынан оның кетуін талап етті. Ол бірнеше айлар бойы Ланкастерск герцогтігінің канцлер синекур лауазымында отырды, ал 15 қарашадан бастап отставкаға кетті, Батыс Майданға бет алды, онда полковник атағымен Шотландиялық Корольдік Фузилёрлердің 6-батальонын басқарды, парламентке дебаттарға қатысу үшін сирек келді. 1916 жылы мамыр айында ол басшылықты тапсырып, Англияға қайтып оралды. 1917 жылы шілде айында қарау-жарақтар министрі, ал 1919 жылы қаңтарда – авиацияның әскери министрі болып тағайындалды. Ол «Он жылдық қалпына келтіру» деп аталатын доктринаның негізін қалаушылардың бірі болды, осы доктринаға сәйкес әскери құрылыс және әскери бюджет Англия соғыс біткен соң он жыл бойы ірі жанжалдарға тартылмайтын болады деген шешімге байланысты жоспарлануы тиіс.

Черчилль «большевизмді бесігінде тұншықтыру керек» деген қажеттілікті жариялап, Ресейге басып кіргісі келетін негізгі бастамашылардың бірі және басты жақтастарының бірі болды. Басып кіруді премьер-министр қолдаған жоқ, Черчилльге үкіметтегі әр түрлі топтар арасында саяси маневрлеу тактикасының арқасында 1920 жылға дейін Ресейден британдық әскерлерді шығаруды соза берді [4, б. 257].

1921 жылы Черчилль Колония істері жөніндегі министр болып тағайындалды, Ағылшын-Ирландия шартына қол қойды, соған сәйкес Ирландия Еркін мемлекеті құрылды. Қыркүйекте консерваторлар үкіметтік коалициядан шығып кетті, ал 1922 жылы сайлауда Черчилль  Либеральдық партия атынан сайлауға түсті, Данди округінде жеңіліске ұшырады. Лестерден парламентке өту әрекеті 1923 жылы сәтсіз аяқталды, содан кейін тәуелсіз кандидат ретінде сайлауға түсті, ең алдымен Вестминстрлік округінен сайлауға дейін сәтсіз болды, тек кейін 1924 жылғы сайлауда ғана Қоғамдар палатасында өз орнын қайтарды. Келесі жылы ол  Консервативті партияға ресми қосылды.

1924 жылы Черчилль Стэнли Болдуин үкіметінде қазынашылық канцлерінің лауазымына ие болды. Осы орында британ экономикасының алтын стандартқа сәтсіз қайта оралуын басқарды. Үкіметтің әрекеті дефляцияға әкелді, экономикалық құлдырау, жаппай жұмыссыздық орын алды, соның салдары 1926 жылғы жаппай ереуілге алып келді.

Консерваторлардың 1929 жылғы жеңілісінен кейін Черчилль Үндістанның тәуелсіздігі және сауда тарифтері мәселелері бойынша консерваторлар жетекшілерімен қарама-қайшылыққа байланысты партияның басқарушы органдарына сайлануға тырыспады. Рамси Макдональд 1931 жылы коалициялық үкімет құрған кезде, Черчилльге кабинетке кіруге ұсыныс жасамады.

Ол кейінгі бірнеше жылдарды шығармашылық жұмыстарға арнады, сол кезде «Мальборо: оның өмірі мен уақыты» (ағылшынша Marlborough: His Life and Times) – оның бабасы Мальборо1-герцогы Джон Черчилльдің биографиясы барынша маңызды туынды болып саналатын.

Ол парламентте «Черчилль тобын» - консервативті партия құрамындағы шағын фракцияны ұйымдастырды. Фракция Үндістанға тәуелсіздікті беруге, тіпті доминион мәртебесін беруге, барынша қатал саяси курсқа, көбінесе Германияның қайта жарақтануына белсенді әрекетке қарсы шықты.

Ол соғыс жылдары Чемберлен үкіметі кезіндегі Гитлердің тыныштық орнату саясатын қатаң сынға алды, Мюнхен келісімін жасағаннан кейін Қауымдастықтар палатасында: «Біздің алдымызда соғыс пен абыройы төгілген масқарашылдық арасындағы таңдау тұр еді. Сіздер масқарашылдықты таңдадыңыздар, енді соғысты қабылдаңыздар» [5, б. 89].

1939 жылы 1 қыркүйекте Германия Польшаға басып кірді, екінші дүниежүзілік соғыс басталды. 3 қыркүйекте сағат 11-де соғысқа Құрама Корольдік ресми кірісті, ал 10 күн ішінде барлық Британдық Одақтастар енді. Сол күні Уинстон Черчилль Адмиралтействоның Бірінші Лорд орнына келді, Әскери Кеңесте дауыс беру құқығына ие болды. Бұл туралы білген Ұлыбританияның КВМФ кемелері және әскери-теңіз базасы: «Уинстон қайтып келді» деген хабарлама алмасқан деген аңыз бар. Құжатты куәлікке қарамастан аталған хабарлама іс жүзінде жөнелтілді, бірақ әлі табылған жоқ.

Құрлықты Польша әскерінің жеңілісінен кейін және Польшаның қарсылықсыз берілуіне қарамастан белсенді әскери әрекеттер жүргізілген жоқ. «Ақылға қонбайтын соғыс» жүріп жатты, теңізде әскери әрекеттер бірден белсенді фазаға өткен жоқ.

1940 жылы 7 мамырда Қауымдастықтар Палатасында Норвегия үшін шайқастағы жеңіліске арналған жиналыс тыңдалды, келесі күні үкіметтің сенімі мәселесі бойынша дауысқа салу болды. Формалды алынған сенімсіздік білдіруге қарамастан Чемберлен отставкаға кетеді, ол өткір сынға ұшырады және дауыс беру кезінде аз дауысқа ие болды (81 дауыс). Барынша қолайлы кандидаттар Черчилль және лорд Галифакс болды. 9 мамырдағы кездесуде Чемберлен, Черчилль, лорд Галифакс және үкіметтің парламенттік үйлестірушісі Дэйвид Маргессон қатысты, Галифакс лауазымнан бас тартты, 1940 жылы  10 мамырда Георг VI Черчилльді премьер-министр ретінде ресми бекітті. Черчилль осы лауазымға сайлауда жеңіске жеткен партияның жетекшісі ретінде емес, орын алған төтенше жағдайлар нәтижесінде ие болды.

Көптеген тарихшылар және замандастары Черчилльдің маңызды қызметі жеңіске дейінгі соғысты жалғастырудағы оның шешім қабылдауы деп біледі. Оның кабинетінің бірқатар мүшелері сыртқы істер министрі лорд Галифакс қоса гитлерлік Германиямен келісімге қол жеткізу әрекетіне қарсы шықты. 13 мамырда Қауымдастықтар Палатасында премьер-министр ретіндегі өзінің алғашқы сөзінде: «Мен британдықтарға қаннан, ауыр еңбектен, көз жасынан және терден басқа ешнәрсе ұсынбаймын» [5, б. 131].

Черчилль премьер орнына алғашқы қадамдарының бірі ретінде Қорғаныс министрі лауазымын басқарды, әр түрлі министрліктерге бағынатын әскери әрекеттерді, флот, армия мен ІТӘ арасын үйлестіруді бір басшылыққа шоғырландырды.

Черчилль бомба түсіп жатқан жерлерге үнемі барып тұрды, зардап шеккендермен кездесті. 1940 жылдан бастап 1941 жылға дейін радиодан 21 рет сөз сөйледі, оның сөзін британдықтардың 70 проценті тыңдады. Черчилльдің премьер ретіндегі танымалдығы сөзсіз жоғары болды, 1940 жылы шілде айында оны халықтың 84 проценті қолдады, бұл көрсеткіш соғыс біткенше дейін сақталды.

1941 жылы 12 тамызда «Принц Уэльский» линкор бортында  Черчилль мен Рузвельт кеңесі өтті. Үш күн ішінде саясаткерлер Атлантиялық хартия мәтінін өңдеді.

1942 жылы 13 тамызда Черчилль Мәскеуге Сталинмен кездесу үшін ұшып келді, антигитлерлік хартияға қол қойылды.

1943 - Тегеран конференциясы.

1944 жылғы 9 мен 19 қазан аралығында Мәскеуде Сталинмен кездесу өткізеді, оған Еуропаны әсер ету аймағы бойынша бөлуді ұсынады, алайда келіссөздер стенограммасына қарағанда кеңес жағы бұл бастамадан бас тартты, оны «лас бастама» деп атады.

1945 - Ялта конференциясы, Потсдам конференция.

Германия түбіндегі жеңіс жақын қалғанда, яғни бәрі айқын бола бастағанда, Черчилльге әйелі мен жақындары тыныш өмір сүріп, саяси қызметі даңқ тұғырында  тұрғанда аяқтау керектігі жөнінде кеңес берді. Бірақ ол оларды тыңдамастан 1945 жылы мамыр айына тағайындалған сайлауға қатысуға шешім қабылдады. Соғыс біткен кезде ең бірінші орынға экономикалық проблемалар шықты, яғни Ұлыбританияның шаруашылығы құлдырады, сыртқы қарыз өсіп кетті, теңіздің ар жағындағы колониялармен қатынастар қиындады. Сайлау компаниясының анық экономикалық бағдарламасының болмауы және сәтсіз тактикалық жүрістер (Черчилль өз сөзінде «лейбористер билікке келген кезде гестапо сияқты ұстайды» деп жариялады) консерваторлардың 5 шілде күні өткен сайлаудағы жеңілісіне әкелді. 26 шілдеде дауыс нәтижелерін жариялағаннан кейін ол отставкаға кетті, корольге ізбасар ретінде Клемент Эттли ресми ұсынып, Таңғыш Орденімен марапаттаудан бас тартты, сайлаушылар оны «Башмақ Орденімен» марапаттады, 1946 жылы 1 қаңтарда Король Черчилльге құрметті «Еңбегі сіңген Орден» табыстады [5, б. 138].

Черчилль сайлауда жеңіліске ұшыраған соң оппозицияны ресми басқарды, бірақ тым белсенді болмады, палата отырыстарына тұрақты қатыспады. Ол шығармашылық қызметпен қарқынды айналысты, әлемдік тұрғыдан даңқты болу мәртебесі «Лайф» журналы, «Дейли Телеграф» және «The New York Times» газеттері және бірқатар жетекші басылымдармен мерзімдік басылымдармен бірқатар ірі келісім-шарттар жасауға көмектесті. Ол осы кезеңде басты мемуарлық еңбектерінің бірі - «Екінші дүниежүзілік соғыс» кітабын жаза бастады, бірінші томы 1948 жылы 4 қазанда сатылымға түсті.

1946 жылы 5 мамырда Фултонда Вестминстерлік колледжде, Миссуриде, АҚШ-та Черчилль атақты Фултон сөзін айтады, бұл сөз қаһарлы соғыстың нақты анықтамасы деп қабылдауға болады.

19 қыркүйекте Цюрих университетінде Черчилль бұрынғы жаулары – Германия, Франция мен Британияны келісімге келуге және «Еуропаның Құрама Штаттарын» құруға шақырды.

1949 жылы Черчилль бірінші микроинсульт алды, ал бес айдан кейін сайлау кампаниясының жұмысы көбейген кезде 1950 жылы «көз алдында тұман» тұрғандай күйде жүргенін айтып жүргенде, оның жеке дәрігері оған «ми тамырларының қысылуы» деген диагноз қойды.

1951 жылы қазанда Уинстон Черчилль жасы 77 келген шағында қайтадан премьер-министр болғанда, оның денсаулығы өз міндеттемелерін орындау қабілетіне күрделі қатер төндірді. Оның жүрегін емдеді, экзема мен кереңдіктен емдеді. 1952 жылы ақпанда ол тағы да бір инсульт алды және бірнеше ай бойы сөйлей алмады. 1953 жылы маусымда ұстамасы қайтадан қайталанды, оның сол жағы бірнеше айға сал болып қалды. Бұған қарамастан Черчилль отставкаға кетуден немесе премьер лауазымын сақтай отырып, Лордтар Палатасына ауысудан мүлдем бас тартты.

1953 жылы 24 сәуірде Королева Черчилге лорд титулын берді. Ол – Таңғыш орденінің кавалері еді, оған енді «Сэр Уинстон» деп құрмет білдіру керек.

1953жылы 10 желтоқсанда әдебиет жөніндегі Нобель сыйлығы берілді. 1953 жылы Нобель комитетінің қарауына екі кандидатура – Уинстон Черчилль және Эрнест Хемингуэй ұсынылды. Британ саясаткеріне басымдылық берілді. Хемингуэйдің әдебиетке қосқан үлесі біраз жылдан кейін бағаланды.

1955 жылы 5 сәуірде Черчилль премьер-министр орнын босатты.

1964 жылы 27 шілдеде қауымдастықтар палатасының отырысына соңғы рет қатысты.

Черчилль 1965 жылы 25 қаңтарда қайтыс болды. Королеваның өкімі бойынша оны жерлеу қазасы аса қасиетті Павел Соборында жоғарғы мемлекеттік тұрғыдан жөнелтілді. Саясаткердің тілегі бойынша ол Бленхеймск сарайына жақын Блейдон мазарына жерленді. Жерлеу рәсімі Черчилльдің өзі алдын ала жазып кеткен сценарий бойынша өтті [6, б. 212].

Жауап берді: Цифрлар тізбегінде 2015 (осындай ретпен) қанша рет кездеседі?

$
0
0
2 рет кездеседи. Олар 2015 жане 20150

Жауап берді: Мұстафа Кемал Ататүрік - мемлекеттік ұлы қайраткер. Мұстафа Кемал Ататүрік өмірбаяны

$
0
0

Түркиядағы ұлы Кемал Ататүрік есімімен байланысты реформалар неден басталды? Түркия Бірінші дүниежүзілік соғысты, басқыншылықты, басқыншыларға қарсы азаттық үшін күресті, жас түріктердің таратылуын және сұлтан тәртіптемесінен біржола азаттық алуды, империяның құлауын бастан кешірді. Осман империясы соғыстан және ішкі қайшылықтардан әбден тұралаған мемлекет еді. Соғыс нәтижесінде Түркия Шығыс Анатолияның, Месопотамияның, Сирияның, Палестинаның түгелге жуығынан айырылды. Әскерге үш миллионға жуық ер адамның әкетілуі себепті, ауылшаруашылық өндірісі күрт төмендеді. Ел күйреудің сәл-ақ алдында тұрды. Дәл осындай жағдайларда Мұстафа Кемал Ататүрік елін қабылдап, жаһандық түрлендірулер жүргізіп, мемлекетті жаңа даму кезеңіне шығарды.
Оны сыйлайды, өз еліне бейбітшілік әкелген және дүниежүзіне танытқан әскери көшбасшы, орасан зор күш-жігерімен Түркияда әділдік пен тәртіп орнатқан мемлекеттік қайраткер ретінде құрметтейді.  Мұстафа Кемал реформаларын жүргізуде күш немесе жазалау шараларын қолданудың қажеті болмады; себебі, оның халық алдында беделі мен құрметі жоғары болғандықтан, ол бір-екі ауыз сөз көмегімен бұрынғы басқарушылар 100 жылда жүзеге асыра алмаған реформаларды ел ішінде жүргізе алды. Мұстафа Кемал әрқашан барлық нәрсеге үлгеріп жүретін, себебі, ол әрдайым халықпен санасатын және халық қолдауын іздейтін. Халық қолдауы арқасында ол демократиялық негізде даму жолын жалғастыра берді. 
Ататүрік – Түрік Республикасының негізін салушы. Оны АҚШ-тың Джордж Вашингтонымен, Германияның ұлы Фредеригімен салыстыруға болады. Олар – мемлекет негізін салушылар. Ататүрік те солардың қатарына кіреді.

«Елдегі бейбітшілік – әлемдегі бейбітшілік» Мұстафа Кемал

Мұстафа Кемал – оттомандық және түрік реформаторы, саясаткер, мемлекет қайраткері және әскербасы, Түркияның Республикалық ұлттық партиясының негізін салушы және бірінші жетекшісі; Түрік Республикасының бірінші президенті. Тарихтағы зерттелген 100 тұлғаның қатарына кіреді. 
Мұстафа Кемал 1880 немесе 1881 жылы (туған күні туралы анық ақпарат жоқ; Кемал өзінің туылған күнін 19 мамыр – Түркияның тәуелсіздігі үшін күрестің басталу күніне бекітті) оттомандық Салоники (қазіргі Грекия) қаласында Ходжакасым орамында бұрынғы кеден қызметкері, ұсақ орман саудагері Али Рыза-эфенди мен оның әйелі Зюбейде-ханымның отбасында дүниеге келген. Оған сол уақыттағы оттоман мұсылмандары арасында кең тараған Мұстафа («таңдаулы») есімін береді. Оның әкесі албан, шешесі македон ұлтынан болған Отбасында түрік тілінде сөйлеп, ислам жолын ұстанса да, Осман империясындағы Кемалдың қарсыластары арасында оның әкесі Салоники қаласында орталықтарының бірі болған дёнме иуда сектасының құрамында деген пікір қалыптасқан. Отбасында ол және оның қарындасы Макбуле Атаданнан басқа үлкен жасқа келген бала болмады, барлығы ерте жастарында шетінеп отырған. 
Мұстафа тынымсыз, қызу және тәуелсіз мінезді бала болған. Ол құрдастарымен немесе қарындасымен араласқанның орнына, жалғыздық пен тәуелсіздікті құп көрді. Ол айналадағы адамдардың көзқарасына бей-жай қарамайтын, ымыраласуға көнбейтін және әрқашан өз таңдаған жолынан таймауға тырысты. Тік мінезі Мұстафаны кейінде аз әбігерге салған және ол көп дұшпандар тапты. Мұстафаның мұсылмандыққа берілген анасы ұлының Құранды оқығанын қалады, бірақ оның ері Али Риза Мұстафаға өз дәуіріне сай білім бергісі келді. Ерлі-зайыптылар еш мәмілеге келе алмағандықтан, Мұстафа мектеп жасына жеткен уақытта, оны өздері тұрып жатқан орамдағы Хафиза Мехмет-эфенди мектебіне береді. 
Ататүріктің балалық шағы әкесінің ерте дүниеден өтуі себепті қиын болды. Оның әкесі Мұстафа 8 жаста болған кезде, 1888 жылы қайтыс болды. 1893 жылы 13 наурызда 12 жасында өз күшімен Салоникидағы әскери даярлық мектебіне түседі, сол жердегі математика ұстазы оған екінші Кемал («кемел») есімін береді [1].
1896 жылы әскери мектепке оқуға қабылданады (Македониядағы Битола қаласы). 1899 жылы 13 наурызда Осман империясының астанасы Стамбулдағы Оттоман әскери колледжіне түседі. Бұрынғы революциялық және реформаторлық ахуал үстемдік еткен оқу орындарына қарағанда, Константинополдағы колледж Абдул-Хамида II сұлтанның қатаң бақылауында болды. Ататүрік әскери пәндермен қоса, өз бетінше Руссо, Вольтер, Гоббс және басқа да философтар мен ойшылдардың туындыларын оқып жүрген. 
1902 жылдың 10 ақпанында Стамбулдағы Оттоман академиясына түсіп, 1905 жылы 11 қаңтарда аяқтайды. Академияны бітірген соң, Абдулхамидов тәртіптемесін заңсыз сынады деген айыппен сотталып, бірнеше ай тұтқында болғаннан кейін Дамаскке жіберіледі. Сонда жүріп 1905 жылы Ватан («Отан») революциялық ұйымын құрады.  
1905-1907 жылдары Лютфи Мюфит-бееммен бірге (Оздешем) Дамаскте орналасқан 5-әскерде борышын өтейді. 1907 жылы Мұстафа Кемал шені жоғарылап, Монастири қаласындағы 3-әскерге жолдама алады. 
Салоникиде оқып жүрген кезінде Кемал революциялық ұйымдарға қатысып жүрді. Академияны аяқтаған соң, жас түріктерге қосылды. Жас түріктер (түрікше – Jöntürkler) – 1876 жылдан бастап либералдық реформа жүргізуге және конституциялық мемлекеттік құрылыс құруға тырысқан Осман империясындағы саяси қозғалыс. Жас түріктер Абдул-Хамида II сұлтанды тақтан түсіреді (1908) және екіұшты батысшыл реформа жүргізеді. 
1910 жылы Мұстафа Кемал Францияға жіберіліп, пикардиялық әскери манёврге қатысады. 1911 жылдан бастап Стамбулда Қарулы күштердің бас штабында қызмет ете бастады. 1911 жылы италиялықтардың Триполиге шабуыл жасауымен басталған соғыста Мұстафа Кемал өз жолдастарымен Тобрук және Дерне аймағында соғысты. 1911 жылы 22 желтоқсанда Мұстафа Кемал Тобрук түбінде өткен шайқаста италиялықтарды жеңіп, 1912 жылдың 6 наурызында ол Дернедегі Осман әскерінің қолбасшысы болып тағайындалды. 1912 жылдың қазанында Мұстафа Кемал Галлиполи мен Болайыр әскери бөлімшелерімен қатысқан Балқан соғысы басталды. Ол Дидимотихо (Диметоки) мен Эдирнені болгарлардан қайтып алуда үлкен рөл атқарды [2].
1913 жылы Мұстафа Кемал Софияда әскери атташе лауазымына бекітілді, 1914 жылы подполковник атағын алды. Онда Мұстафа Кемал 1915 жылға дейін қызмет етіп, Текирдагқа 19-шы дивизияны құруға жіберіледі. Ол британ күштерін жарты ай ұстап тұрғаны үшін "Стамбул құтқарушысы"деген атаққа ие болды [1]. Бұл оның бірінші дүниежүзілік соғыстағы түріктердің сирек жеңістерінің бірі болды. Сол кезде ол жауынгерлеріне: "Мен сендерге шабуылдауға бұйрық бермеймін, мен өлуге бұйрық беремін!"деп бұйырды. Бұл бұйрық тек беріліп қана қойған жоқ, орындалды да [1].
1916 жылы Кемал 2 және 3-армияны басқарды, Кавказдың оңтүстігінде орыс әскерлерінің шабуылына тойтарыс берді. 1918 жылы соғыстың соңында Алеппо маңындағы 7-армияны басқарды, ағылшындармен соңғы ұрысты жүргізді. Жеңіске жеткен одақтастар Осман империясын аш қасқырдай бас салды. "Еуропаның ең үлкен державасы"деген атпен таныла бастаған Осман империясының ішінде лаң басталды - соғыс өлім қатерін алып келді. Еуропа елдерінің әрқайсысы оны бөлшектеп алуға тырысты. Уақытша бітім шарты өте қатал еді, ал одақтастар Осман империясының аумағын бөліп алу туралы жасырын келісім жасасқан. 
Ел күйреудің сәл-ақ алдында тұрды.  Ұлыбритания уақытын бос жоғалтпай Стамбулдағы кемежайға әскери туын ілді. Бірінші дүниежүзілік соғыс басталғанда Уинстон Черчилль: "Қалтасында бір тиыны жоқ қираған, қаусаған Түркиядан осы сілкіністен кейін не қалады?"деп сұрады [2]. Алайда түрік халқы өз елін үшін тізе қосты, өйткені ұлттық-азат ету қозғалысының басында Мұстафа Кемал тұр еді. Кемалдың жақтастары әскери жеңілісті жеңіске ұластырды, рухы түскен, ыдыраған елдің тәуелсіздігін қалпына келтірді.
Одақтастар салтанатты сақтап қалуға тырысты, олардың көбісі  Түркия шетелдік регенттілік жағдайында өмір сүреді деп ойлады. Кемал  тәуелсіз мемлекет құрып, империялық ескіліктердің көзін жоюға тырысты. 1919 жылы Анатолияға сол жерде орын алған тәртіпсіздіктерді басу үшін жіберілді, ол сонымен қатар, көптеген «шетелдік мүдделерге» қарсы бағытталған қозғалысты бастады және оппозицияны ұйымдастырды. Ол  Анатолияда Уақытша үкімет ұйымдастырды, оның президенті болып сайланды және шетелдіктерге біртұтас қарсылықтар ұйымдастырды. 
Сұлтан ұлтшылдарға қарсы «әділ соғыс» жариялады, әсіресе, Кемалды жазалауға бұйырды. Сұлтан 1920 жылы Севр шартына қол қойды. Осман империясын одақтастардың бөліп алуына жол ашып, ал қалған бөлігіне өз билігін жүргізуді қалағанда бүкіл түрік халқы Кемалды жақтады. Мұстафа Кемалдың сөздерін саяси қайраткерлер, әскерилер, профессорлар, кәсіподақтар және студент көшбасшылары қайталап жүрді. 
1922 жылдың 1 қарашасында Ұлы ұлттық жиналыс VI Мехмед сұлтанатын таратты, ал 1923 жылы 29 қазанда Мұстафа Кемал жаңа Түркия Республикасының президенті болып сайланды. 1923 жылы жаңа түрік мемлекеті президентті, парламентті болды, конституцияны басқарудың жаңа түрін қабылдады [1].
Кемал Ататүріктің жеңісінен соң, жас түріктердің басым көпшілігі кемалистік Ұлттық-республикалық партиясында белсенді түрде қызмет ете бастайды. Кемал ұсынған және кемализм деп аталып кеткен идеология қазіргі кезге дейін Түрік Республикасының ресми идеологиясы болып табылады. Мұстафа Кемал түрік социологы, өз заманында жас түріктер қозғалысының идеологы болған, ал Ататүрік кезінде кемализм принциптерін жасаушы болған Зия Гек Алп [3] ойлары мен идеяларына сүйенгенін айта кету керек. 
«Кемализм» терминінің анықтамасы әртүрлі ғылыми зерттеулерде әртүрлі беріледі, бірақ жұмыстардың басым бөлігінде кемализм принциптер жүйесі ретінде қарастырылады. Кемализмнің негізгі принциптері Түрік Республикасы Конституциясының 2 бабында жазылған. Кемализм идеологиясының негізі елді жаңғырту мен жаңарту идеялары десе де болады. 
Кемализм идеологиясы 6 пунктіден тұрады: 1) халықтық; 2) республикашылдық; 3) ұлтшылдық; 4) зайырлылық; 5) этатизм (экономикадағы мемлекеттік бақылау); 6) реформизм. 
Ұлтшылдық құрметті орынға қойылды, ол тәртіптеме негізі ретінде қарастырылды. Ұлтшылдық түрік қоғамының бірлігі мен тапаралық ынтымақтастық, сонымен қатар, ел егемендігі (жоғарғы билік) және ТҰҰЖ-ны оның өкілі ретінде жария еткен «халықтық» қағидасымен байланысты болды. 
1920 жылдың 23 сәуірінде заң шығарушы, орындаушы және сот билігін біріктірген сол уақыттардағы  биліктің төтенше органы болған Түркияның Ұлы ұлттық жиналысының (ТҰҰЖ) ашылуы Түрік Республикасының құрылуының жаршысы болды. ТҰҰЖ-ның бірінші парламент төрағасы Кемал болды. Ататүріктің идеологиясына сәйкес түрік халықтығы мен ел бірлігін нығайтатын элементтер келесілер болып саналды:
- ұлттық келісім туралы факт;
- ұлттық тәрбие;
- ұлттық мәдениет;
- тіл, тарих және мәдениеттің бірлігі;
- түріктік сана-сезім;
- рухани игілік.
Мұстафа Кемал мемлекеттің астанасын ауыстырды. Оның астанасы  Анкара болды. Кемал тәуелсіздік үшін күрес кезінде осы қаланы өзінің штаб-пәтері ретінде таңдаған, өйткені бұл қала дұшпандардың қолы жететін жерден тыс. Анкарада ұлттық жиналыстың бірінші сессиясы болып өтті және Кемал оны астана деп жариялады. Ол Стамбулға сенбеді, онда өткен кезеңнің кемсіту мен қорлығын еске түсіретін кездер, ескі режимді аңсайтын адамдар да көп болды. 1923 жылы Анкара 30 мың адамы бар шағын сауда орталығына айналды. Анкарада дипломатиялық өкілдер үшін қолайлы тұрғын үйлері де болған жоқ, олардың көбісі станциядағы вагондарды жалға алды, себебі Стамбулдан тез кету үшін, астанаға жылдам сіңісу үшін осындай жағдайларға төзуге тура келді [1]. 
20-шы жылдары Кемал үкіметі жеке бастамаларды қолдау бағытында көптеген істер атқарды. Бірақ әлеуметтік-экономикалық ақиқат Түркияда бұл әдістің таза түрде жұмыс істей алмайтындығын көрсетті. Буржуазия саудаға, үйлерді салуға, алыпсатарлыққа ұмтылды, ауырдың астымен жеңілдің үстімен жүргісі келді, ұлттық мүдделер және өнеркәсіпті дамыту соңғы орында болды. 
Әлемде экономикалық дағдарыс басталды, бұл Түркияға қатты әсер етті. Мұстафа Кемал экономиканы мемлекеттік реттеу саясатына көп көңіл бөлді. Бұл практика этатизм деген атауға ие болды. Үкімет өнеркәсіптің және көліктің маңызды секторларындағы мемлекеттік меншікті таратты, ал екінші жағынан шетелдік инвесторлар үшін еңбек нарығын ашты. Бұл саясаттың оншақты нұсқасын кейін Азия, Африка, Латин Американың көптеген елдері қайталайды. 30-шы жылдары Түркия әлемде өнеркәсіптік даму қарқыны жағынан үшінші орында болды. 
Зия Гек Алп дінді «ұлттандыруды» қоғамды реформалаудың маңызды кезеңі деп санады. Оның «Основы тюркизма» кітабында «Религиозный тюркизм» бөлімі бар. Зияның пікірі бойынша барлық діни кітаптарды, оқылатын уағыздарды (жұма намазы, құрбан шалу мерекелерінде және өзге де ерекше жағдайларда оқылатын діни өсиет) түрік тіліне аударған жөн, себебі кезкелген ұлт егер діни мәтінді оқып түсіне алмайтын болса, өз дінінің түбіне терең бойлай алмайды деп есептеді. 
Сонымен қатар, Мұстафа Кемал да Құранды түрік тіліне аудару қажет деп есептеді. «Түрік Кітапқат сенеді, бірақ ол онда не жайлы айтылғандығын түсінбейді. Ол Кітаптан не ізтейтіндігін түсінуі керек» деді. Сондықтан Құран мен әл-Бұхари хадистерінің жинағын өз есебінен аудартып, 10 000 данамен басып шығарып, халыққа таратты [1]. 
Ұлттық мемлекеттің өмір сүруінің жаңа жағдайларында ұлтшылдықты жаңғыртуды жүзеге асыру үшін барлық әлеуметтік топтарды саяси жұмылдырудың негізгі құралы ретінде пайдалана отырып, кемалистер Батыстың бар желісімен бірігу жолында кедергіге тап болатын діннің, исламның ықпалынан ұлтшылдықты босату керек еді. Бұл ретте басталған жаңғыртудың теориялық негізі етіп Гек Алптің жұмысын алды.
М. Кемал 1942 жылдан бастап лаицизмнің батыл саясатын жүргізді. Бұл саясат діннің мемлекетке деген әсерін нольге теңестіріп, айтарлықтай дәрежеде оның қоғамдық ролін қысқартты. 
1925 жылы Министрлер кеңесі теккені (дервиш шіркеулерін) және тюрбені (сағаналарды) жабуға, сонымен қатар, фескені және өзге де орта ғасырлық бас киімдер мен киімдерді киюге тыйым салатын және еуропалық үлгідегі бас киімдер мен киімдерді енгізу туралы қаулы қабылдады. 1926 жылы Түркияның Ұлы ұлттық жиналысы азаматтық кодекс (№ 743) қабылдады. Осы жылдың наурыз айында шариғат (діни) соттарын жабу туралы заң қабылдап, зайырлы сот жұмысын енгізді, сонымен қатар, қылмыстық кодексті (италиялық кодекс негізінде жасалған) бекітті.   
1928 жылы ТҰҰЖ конституциядан лаицизм талаптарына қайшы келетін бірнеше баптарды, сондай-ақ, Түркияның мемлекеттік діні ислам деген сөзді алып тастады.  
1943 жылы ТҰҰЖ текті енгізу туралы заң қабылдады. Бұдан бұрын түріктердің тек қана есімдері болды. Бұл заң лауазымдарды және паша, бей, эфенди деген сияқты атақтарды жойды. 1934 жылы 24 қарашада Мұстафа Кемал-пашаға ТҰҰЖ Ататүрік («Түріктердің әкесі») тегін берді. 1934 жылы 17 желтоқсанда мәжіліс қабылдаған заңға сәйкес Ататүрік тегін Мұстафа Кемал-пашадан өзге ешкімнің иелену құқығы болмады. Тек енгізу азаматтық іс жүргізуді жеңілдетті, бірдей аттардың шатасуын шектеді. 
1934 жылы желтоқсанда мәжіліс әйелдерге дауыс беру және мәжіліске сайлану құқығын беру туралы заң қабылдады. Осылайша түрік әйелдерінің құқығы еркектермен тең болды. Осы өзгерістер нәтижесінде 1935 жылы ақпанда өткен ТҰҰЖ сайлауында 17 әйел (399 депутаттан) депутат болып сайланды.  
Мұстафа Кемал Ататүрік Түркияның саяси бағытын жасау проблемаларымен айналысса да, жалпы түрік мәдениетін дамытудың жаңа материалдарымен танысу үшін де уақыт тапты. Осылайша, Алашорданың көрнекті қайраткері Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ» музыкалық шығармасы оның назарын аудартады. Бұл өлеңді алғаш оқығанда-ақ, Ататүрік өлең жолдарында жатқан патриоттық тебіреністерден терең әсерде қалады. Ол тез арада танымал филолог, профессор Тайыр Шағатайға сол өлеңді түрік тіліне аударуды тапсырады. 
Ататүрік оқығанды, әнді, биді, атқа мінуді және жүзуді жақсы көрген, әсіресе зейбей биіне күреске және Румелияның халық әндеріне қызығатын, нарды және бильярд ойындарынан үлкен рақат алатын. Ол өзінің асыранды жануарларына – аты Сакарьяға, иті Фокске қатты бауыр басып кеткен еді. Оқымысты және білімді адам (ол француз және неміс тілдерін меңгерген) болған соң, Ататүрік үлкен кітапханасы болған. Туған елінің мәселелерін ол, көбінесе, ғалым, өнер адамдарын, мемлекет қайраткерлерін кешкі асқа шақырып, қарапайым достық жағдайда талқылайтын. Ол табиғатты өте жақсы көрді, өзінің аты берілген орман шаруашылығына жиі барып тұрды және онда жүргізілетін жұмыстарға тікелей өзі қатысатын болған. 
Мұстафа Кемал 1937 жылы 10 қарашада 57 жасқа қараған шағында бауыр циррозынан қайтыс болды [3]. Оның өмірден ерте кетуі Түркия халқына ауыр қайғы әкелді.
Ататүріктің өмірі мен қызметінің тарихы көптеген авторлардың зерттеу тақырыбы болған. «Ататүрік, Ұлттың қайта өркендеуі» екі томдығын жазу үшін Лорд Кинросс бес жыл бойы Түркияда өмір сүріп, репортаж жасап, көптеген құжаттарды зерттеп, әсерлерін жазып отырған. Жазылымға жіберген 600 беттік монографияны орындаған соң, Кинросс мынадай тұжырымға келді: «Ататүрік ешқашан қара басының қамын ойлаған емес. Ол бар өмірін өз еліне, өз халқына және адамзатқа арнаған». 
Ал, тарихшы Джастин Маккарти табысына былай деп баға береді: «Аяққа қайта тік тұру үшін ұлы қолбасшы және ұлы саяси қайраткер болу керек. Өз халқына деген үлкен махаббат, оны шексіз сүю, сонымен қатар, көсем күшті, әрі еріктік сапаларға ие болуы қажет. Қанша адам осы қасиеттерге ие? Адамзат тарихында осы сынды қанша адам болды? Ататүрік ұлы адам болған. Егер Ататүрік болмағанда, түрік халқы бүгінде болмас еді». 
Түркияның белгілі мемлекеттік қайраткері Мұстафа Кемал соғыстан және сұлтан ауыртпалығының салдарынан қираған, діни ислам қызметкерлеріне толықтай тәуелді елді еуропалық нормалар мен  стандарттарға бейімделген, өндірісі мен ауылшаруашылығы біршама дамыған, ислам әлемінің елдері арасында сөзсіз көз бастап келе жатқан, гүлденген буржуазиялық мемлекетке айналдырды.
Түркияның танымал қайраткері Мұстафа Кемал Ататүріктің реформалары соғыстан шаршаған, сұлтан ауыртпалығында болған және діни ислам қайраткерлеріне тәуелді болған елге еуропалық стандарттар  мен нормаларға бағдарланған, өнеркәсібі мен ауылшаруашылығы айтарлықтай дамыған және ислам әлеміндегі елдер арасында сөзсіз көшбасшы болып табылатын гүлденуші буржуазиялық мемлекетке айналуға мүмкіндік берді.


Жауап берді: Генри Форд – еңбек ғылыми ұйымының негізін қалаушы. Генри Форд өмірбаяны

$
0
0

Генри Форд, ХХ ғасырдың аты аңызға айналған бизнесмені, ағымдық-конвейерлік өндіріс ұйымдастырушысы және автомобиль өнеркәсібінің «атасы», 1863 жылдың 30 шілдесінде Мичиган штатының Дирборн маңындағы фермасында дүниеге келді.

Оның отбасы ауқатты болды, бірақ, Фордтың айтуы бойынша, «нәтижелерімен салыстырғанда, шаруашылықтың бейнеті тым көп болды». Әлі де көп жақсартуды қажет ететін білімін Генри шіркеу мектебінде алады. Есейген Форд маңызды келісім-шарттарды жазған кезінде әлі де қателіктер жіберетін. Бірде ол өзін «білімсіз» деп атаған газетті сотқа береді, ал сауатсыз деп айыптағаны үшін былай жауап қайтарады: «Егер менің ... сіздердің сұрақтарыңызға жауап беруім керек болса, мен кабинетімдегі түймені басып қалған сәтте, менің әмірім бойынша дайын жауаптары бар мамандар шыға келетін еді».

Сауатсыздықтың болмауын Форд кемшілік деп санады, ал өмірде миды қолдануды қаламауды: «Өмірдегі ең қиын нәрсе – өзіңнің жеке басыңмен ойлау. Міне, бұнымен өте аз адамдар айналысатыны, мүмкін, сондықтан болар». 12 жасар бала болғанда Генри ең алғаш рет автомобильді көреді. Экипажбен, мотормен кездесу Фордқа қатты әсер етті, осыдан бастап оның қозғалатын механизм құрастыру әрекеттері басталады. Ата-анасы оның механикаға қызыққандығын жақтырмады және Генриді қайырымды фермер ретінде көргілері келді. Ол 17 жасында механикалық шеберханаға оқуға түскенде олар оны «өлді» деп ойлауға дайын болды. 4 жылдан соң Форд үйіне қайтып келеді де, күндізгі фермадағы жұмыстың кезекті туындысын түнімен ойлап, ұйықтамаумен қатар алып жүреді.

Бәрі де әрдайым бірінші жасағанынан іске асатын адамның әлемде болуы екіталай. Қайраттылық, табандылық және батылдық – осылар нағыз күрескердің қасиеттері. «Адамдар жеңіліске ұшырағаннан гөрі, жиірек беріледі», - деп санады Генри Форд.

Компанияның басшылығы Форд сынақтарын жақтырмайды және олардан бас тартуға кеңес береді. Алайда Генри автомобильді сәндік құралынан қозғалыс құралына айналдыру идеясына берік болып қала береді де, болашаққа толы үмітпен қызметінен кетеді: «Егер зор құлшынысың болса, сен бәрін де жасай аласың. Құлшыныс – кез-келген прогрестің негізі». 1899 жылы ол «Детройт автомобиль компаниясының» иесіне айналды, ал 1902 жылы келіспеушіліктердің әсерінен сол жерден де кетеді. Егер де Форд миллиондаған қарапайым жаяу жүргіншілерді асқақ көлік иелеріне айналдыруға ниеттенген болса, онда таңдаған жолында оған ештеңе де бөгет бола алмайды: «Барлық  әлем саған қарсы ниеттенген болып көрінген кезде, ұшақтың желге қарсы самғайтынын естен шығарма!».

«Сіз бірдеңені іске асыра аласыз ба әлде іске  асыра алмайтыныңызға
сенімдісіз бе, - екі жағдайда да сіздікі дұрыс. 
Генри Форд

Генри Форд (30 шілде 1863 ж. – 7 сәуір 1947 ж.) – америкалық инженер, өнеркәсіп иесі, өнертапқыш. АҚШ автомобиль өнеркәсібінің негізін қалаушылардың бірі, «Форд мотор компани» (Ford Motor Company) компаниясының негізін салушы, ағымдық-конвейерлік өнеркәсіпті ұйымдастырушы.

Генри Форд 1863 жылы 30 шілдеде Мичиган фермері, Ирландиядан келген эмигранттың отбасында дүниеге келді. Әкесі оны жалқау және әлжуаз деп санап, оған көңілі толмайтын, - ол өзін фермаға кездейсоқ келіп қалған ханзада сияқты ұстайтын. Өзіне тапсырылған істің бәрін Генри еш ынтасыз жасайтын. Ол тауық пен сиырларды жек көрді, сүтті жаны жаратпайтын. «Ерте жасымнан-ақ мен бәрін де басқаша – қандай да бір басқа әдіспен жасауға болады деп ойладым». Мысалы, Генри күнде таңертең суға толы шелектермен биік сатымен көтерілуі тиіс еді. Олай істеудің қажеті неде, егер бар болғаны жер астынан екі метрлік су құбырларын өткізе салу мүмкін болса?

Ұлы он екіге толғанда әкесі оған қалта сағатын сыйлады. Ұл шыдамастан, бұрағышпен қақпағын іліп алған кезде, көз алдында бір ғажайып көрінді. Механизм бөлшектері өздері өзара әрекет жасап тұрды, бір дөңгелекше екіншісін қозғады, бұнда әр кішкентай бұранда маңызды болды. Сағатты бұзып, оны қайта жинап, бала көп ойланып отырды. Әлем үлкен бір механизм емес пе? Бір қимыл екіншісін туғызады, бәрінің де өз тетігі бар. Тек табысқа жету үшін қалай басу қажет екенін білсең болды. Генри сағаттарды жөндеуді тез-ақ үйренді, тіпті, сол өңірдегі фермаларды аралап жүріп, істен шыққан хронометрлерді жөндеп, біраз уақыт қосымша табыс тауып жүрді. Болашақ өміріне тікелей әсер еткен екінші «техникалық» толғаныс – локомобильмен кездесу болды. Генри әкесімен қаладан арбамен келе жатқан кезде, үлкен, бумен тұмшаланған өзі жүретін машинаға кездеседі. Арбадан оза өтіп, аттарды үркітіп, түтіндете ызыңдап келе жатқан алып айдаһар қастарынан зуылдап өте шығады. Осы сәтте Генри жүргізуші отырған кабинада отыру үшін жарты ғұмырын берер еді. 15 жасында Г.Форд мектептегі оқуын тастап, ешкімге бір сөз айтпастан, бағын сынау үшін Детройтқа жүріп кетеді: ол ешқашан әкесі қалағандай фермер болмайды.

Ол жұмысқа тұрған зауыт арбаға жегетін вагондарды шығарумен айналысатын. Бірақ ол мұнда ұзақ тұрақтамады. Форд істен шыққан механизмді бір қарап-ақ, қай бөлшегі істен шыққанын бірден білетін. Жаңа келген дарынды жас жігітке қалған зауыт жұмыскерлері қызғана қарады. Әрі оны жұмыстан шығарудың бар амалдарын жасап бақты. Оларды табысқа жетті десе де болады – Форд жұмыстан шығарылады. Кейін ол ағайынды Флауэрлердің кеме жасайтын зауытына жұмысқа орналасады. Ал түнде жалға алған бөлмесінің ақшасын төлеу үшін сағат жөндеп, қосымша табыс табады.

Ал Уильям Форд болса ұлын фермерлік іске оралтуға соңғы рет талпыныс жасамақ болады: бұдан былай «машина» деген сөзді аузына алмау шартымен оған 40 акр жер ұсынады. Генри механикалық аспаптарды зерттеуге арналған алғашқы қадамы сәтсіз аяқталғандықтан, әкесінің ұсынысын қабыл алуға мәжбүр болып, фермаға қайта оралады. Ұлы риза болғандай кейіп танытқан соң, әкесінің де көңілі жай табады. Оның аңқау әкесі ұлының өзін ақымақ етіп жүргенінен сезіктенбеді де. Генри үшін бұл оқиға өмірлік сабақ болды: патша болғың келсе, жалған айтуға дайын бол. 

Генри Форд үйленбек болып шешеді. Клара Брайант одан үш жасқа кіші еді. Олар ауылдың би кешінде танысқан болатын. Форд тамаша билейтін және ол қызға қалта сағатын көрсетіп, оны өзі жасағанын айтып таң қалдырады. Оларды көп нәрсе байланыстыратын – Клара да, Генри де фермерлер отбасында дүниеге келген және ешқандай жұмыстан жиренбейтін. Қыздың ата-анасы – діндар және қатал адамдар, әрине, қыздарын көк тиыны жоқ, үй-күйі жоқ жас жігітке тұрмысқа бермес еді. Біршама уақыттан кейін Генри өз теліміне жайлы үй салып, жас әйелімен сонда орналасады. 4 жыл өткен соң ұлдары Эдсел дүниеге келеді. Клара ақылды және қарапайым әйел бола білді және қажымайтын Генридің нағыз көмекшісіне айналды. Бірнеше жыл өткен соң, автокөлік монархы: «Менің әйелім менің табысқа жететініме менен де артық сенген еді. Ол әрқашан сондай болатын» деп айтады. Клара өздігінен жүретін арба жасап шығару туралы ойларын сағаттап тыңдауға бар-тын. Ортақ отбасылық өмірлерінде ол әрдайым барлық нәрсені үйлесімде ұстай білді – күйеуінің істеріне қызығушылық танытатын, бірақ ешқашан араласқан емес. Бірде журналистер одан қайта туып, өмір сүргіңіз келе ме деген сұрағына Форд: «Егер Клараға қайта үйленер болсам» деп жауап  берген.

Уақыт өте берді. Бір күні әкесі жас жұбайларды  жайлы үйлерінен таба алмады – Генри мен Клара аяқ астынан Детройтқа көшіп кетеді. Форд онда Детрой электр компаниясына инженер болып жұмысқа кіреді.

Фермадағы жұмысын жеңілдету үшін, Форд бензинмен жұмыс істейтін астық бастырғыш машина ойлап табады. Бұл өнертабыс патентін ол Томас Эдисонге сатады, ал ол Фордты өз компаниясына жұмысқа шақырады. Бірақ ол жерде бас инженер қызметін атқарғанымен, ол бұрынғысынша машиналармен әуестенуін жалғастырады. Ол барлығы үшін қолжетімді автокөлік жасап шығаруға бар ынтасымен берілді. «Идеялар өзінше құнды, бірақ идея қашан да идея болып қала береді» деп Форд дұрыс ойлаған, «мәселе оны іске асыруда». 1893 жылы жұмыстан тыс уақытында Форд өзінің ең бірінші автокөлігін құрастырады.

Сол жылы Форд Эдисон компаниясының Детройтты жарықтандыруға мамандандырылған бас инженері болады, соңынан, 1899 жылы Детройт автокөлік компаниясының бас инженерінің қызметіне сайланады. Бірақ біршама уақыт өткеннен кейін ондағылар Фордтың барлық ақыл-ойы мен дене күшін офис жұмысына емес, бензинмен жүретін арбаға салып жүргенін байқап қояды. Генриге ол өз өнертабысын ұмытса, басшы қызметін ұсынатындарын айтады. Форд бір шешімге келе алмай, санасы санға бөлінеді: отбасын асырауы керек, жиған-тергенінің барлығын арбаны жасауға жұмсады. Клара оның толғанып жүргенін көріп, қандай шешім қабылдаса да, оны құптайтынын айтады. Жұмыстан шыққан соң, Форд «өзін сатпақ» болады.

Өзінде қаражат болмаған соң, ол ақшасы көп серіктес іздеуге кіріседі. Өзі құратын жаңа кәсіпорында ол идеямен қамсыздандырушы рөлін алмақ болды. Бірақ бұл идеяларды ешкімнің сатып алғысы келмеді. Ақыр соңында, Генри бір детройттық бизнесменді өзінің қатты жылдамдықпен жүретін арбасымен қыдыртып келген соң, ол өнертапқышпен жұмыс істеп көруге келісті. «Детройт Автомобайл Компани» көп тұрмады. «Кез-келген жаңа тауар секілді, автокөлікке де сұраныс болмады. Мен енді ешқашан тәуелді жағдайда болмаймын деп шештім де, қызметімді тастадым» деп еске алады Форд. Тағы да «идеяны сату», серіктес іздеу басталды. Бірақ еш нәтиже болмады, барлығы келісіп алғандай бас тартты, тіпті, оны бір кеңседен күштеп алып шықпақ болды. Ақырында, 1903 жылы «Форд Мотор Компани» тіркелді. Генри бас басқарушы болды. Өздігінен үйренген механик болғандықтан, Форд зауытқа сондай дарындыларды алды: «Мамандар ақылды әрі тәжірибелі, не нәрселерді істемеу керектігін нақты біледі, барлық жерде шек пен кедергілерді көре біледі. Егер мен бәсекелестерімді құртқым келген болса, онда оларға мамандардың тобырын жіберген болар едім».

Автокөлік патшасы сол қалпы сызбаларды оқып үйренбеді: инженерлер бастығы үшін үлгілерді ағаштан жасап, пікірін білуге алып баратын.

1905 жылы Фордтың қаржы серіктестері оның арзан автокөліктер шығару туралы шешімімен келіспеді, себебі қымбат үлгілер көп сұранысқа ие еді, акция пакетінің басты иесі Александр Малколмсон Фордқа өз бөлігін сатады, осыдан соң, Генри Форд бақылаушы пакеттің иесі және компания президенті болады (1905-1919 және 1943-1945 жылдары компания президенті болды).

Фордтың нағыз зор жеңісті салтанаты автокөлік құрастыру тұжырымдамасындағы барлық бағытын өзгерткен «Т» үлгісін енгізу болды. Ол оны сәулет өнерінің маманы секілді артық жерлерін қырқа отырып, таңдаулыларға арналған әсем ойыншық емес, күн көрісі орташа мыңдаған америкалықтар үшін бағасы жағынан қолжетімді етіп жасады. Табысы күткендерінен де асып түсті. «Т» үлгісін өндірген жылдары, тұтынушылар нарығын тез-ақ жаулап алуына байланысты, 15 млн автокөлік сатылды.

Жаппай өндіріс барлық технологиялық процестерді стандарттау мен сәйкестендіруді талап етті. Форд өзінің енгізген басқару жүйесіне «Машина терроры» деген сипат берді. Бақылау және жоспарлаудың айқын жүйесі, конвейер өндірісі, үздіксіз технологиялық тізбектер - мұның бәрі Форд империясының автомат режимінде жұмыс істеуіне себепші болды.

Америкалықтардың көпшілігі Генри Фордты автокөлікті ойлап табушы деп есептейді. Тіпті олар оған дейін 6 жыл бұрын Рэнс Олд есімді адам өндірісте жүретін арбаларды қолданғанына және таспалық транспортерлер астық жинайтын элеваторларда, Чикагоның ет комбинаттарында қолданғанына қарамастан, конвейерді де ойлап тапқан Генри Форд екеніне сенімді. Фордтың еңбегі – өндірісті тасқынды еткенінде. Ол автокөлік өндірісін ойлап тапты. Кәсіпорын экономикалық тұрғыдан ұйымдастырылды, менеджерге деген қажеттілік туды. ХХ ғасыр – басқару дәуірі болды. Бірақ мұның бәріне қол жеткізу үшін ғасыр басында жасаушылар пайда болуы керек еді. Сондай жасаушы Генри Форд болды. Және осы еңбегі үшін  Fortune журналында ХХ ғасырдың ең үздік табыскері атанды.

Генри Форд ХХ ғасырдың басында ең үлкен индустриялы өндіріс құрап, $1 млрд пайда тапты, (қазіргі доллармен есептегенде $36 миллиард), оның ұстанатын қағидалары АҚШ-тың қоғамдық өміріне өз әсерін тигізді. «Форд-Т» автокөлігінің 15 жарым миллионын сатады, конвейер оның әдеттегі және керекті ісіне айналады. Форд жұмыскерлеріне екі есе көп төлеп, «көк жағалылар» класын құрды. Оның жұмыскерлері өздеріне «Форд-Т» автокөлігін алу үшін ақшаларын жинады. Форд автокөліктерге сұраныс жасаған жоқ, ол сұранысқа жағдай жасады. Форд қағидаларымен күрес жолында америкалық менеджмент пайда болды. Менеджмент теориясының негізін салушылар өз қағидаларын Фордпен сырттай тартыс жолында қалыптастырды, ал ең алғашқы менеджер-практиктердің бірі General Motors-тан Альфред Слоун Генри Фордты бетпе-бет айқаста да отырғызды.

Фордтың адам нанғысыз табысы 1927 жылы Форд-менеджердің күйреуге ұшырауымен аяқталды. Осы уақытқа дейін Форд ештеме өзгертпеген. Ол өзінің табысына және дұрыстығына сенгені соншалық, табысты өндірісті ұйымдастыру процесі басқару сатысына өткенін, заман өзгергенін байқамады. Форд бірде: «Гимнастика – мүлде теріс нәрсе. Сау адамдарға керегі жоқ, ал сырқаттарға ем болмайды» деген. Оның менеджментке деген қарым-қатынасы да дәл осындай болды. Ең басты нәрсе – ол өнім. Егер ол жақсы болса, пайда әкеледі, ал егер жаман болса, қандай ақша салсаң да, қалай басқарсаң да, табысқа кенелмейсің. Басқару өнерін Фордтың жаны жаратпады. Ол көп уақытын кеңседе емес, цехта өткізетін еді. Қаржы құжаттары оның ашуын келтіретін. Ол банкирлерді жек көретін, тек қолма-қол ақшаны мойындайтын. Қаржы мамандарын ол алыпсатарлар, ұрылар, залал келтірушілер, тіпті, қанаушылар дейтін, ал акционерлерді арамтамақтар деп атайтын.

Оның тартысы. Бәсекелестер тынышсыздана бастады. 1908 жылы арзан автокөлік жасап шығару туралы Фордтың мәлімдемелерінен қорыққан Детройт автоөндірушілер ассоциациясы бағаны және өндіріс көлемін бақылап отыру үшін Фордты өздеріне кіргізуге тырысты. Олар нарық автокөлік өткізу үшін шектеулі, сондықтан істі монополияландыру керек деген ұйғарымдардан шықты. 1909 жылы 15 қыркүйекте Форд заңға сәйкес негізде сот ісінде ұтылады: Зельден есімді адам 1879 жылы Форд автокөлігіне еш қатысы жоқ «жүретін арбаны» патенттегенін айтады. Дегенмен, автоөндірушілер синдикаты осы патентке сүйене отырып, барлық америкалық автокөліктерді өз билігіне алғысы келді. Сот ісінен кейін Фордтың қарсыластары Форд автокөліктерін сатып алу қылмыс және сатып алғандар тұтқынға алынады деген қауесет таратады.   

Фордтың ереуілге-қарулы қадамы жеңіске деген сенімді нығайта түсті. Ол барлық белді газеттерге: «Біздің қарсыластардың жүзеге асырып жатқан насихатының әсерінен қандай да бір күман туындайтын сатып алушылардың құлағына шеру: біз әрбір жеке сатып алушыға ерекше қор кепілдік беретін құны 12 миллион долларды құрайтын облигация беруге дайынбыз, сондықтан әрбір сатып алушы біздің өндірісті қолына түсіріп, монополия орнатуға ұмтылған адамдар дайындаған қандай да бір болжанбаған кездейсоқтықтан қамтамасыз етіледі. Аталған облигацияны сіз талабыңыз бойынша ала аласыз. Сондықтан біздің қарсыластарымыздың құрметті компаниясы жайып жатқан қауесеттерге сәйкес сапасы төмен заттарды тым жоғары бағаға сатып алуға келіспеңіздер» деп хабарландыру жариялады.

Мұнан артық жарнаманың да қажеті жоқ еді. Фордтың танымалдылығына осы процестен артық ештеңе сеп болмады. Бір жыл ішінде Форд он сегіз мыңнан артық көлік сатты, олардың тек 50 сатып алушысы ғана облигация талап етті. Ассоциацияға қарсы сот ісінде жеңіліс тапқанымен, тұтынушылардың сеніміне ие болды. 1911 жылы болған жаңа сот істі Фордтың пайдасына шешті. «Бәсекелестермен тартысқа кеткен уақыт – текке кеткен уақыт; асылы оны жұмысқа арнағаның»,-деді Форд. Ол әр жыл сайын «қаңылтыр» бағасын арзандата берді және 1927 жылы зауыттан 19 жыл ішінде Генри Фордтың қағидалары секілді өзгермеген он бес миллион тұратын «Форд-Т» автокөлігімен салтанатты түрде шығады.  

Кадрлық саясат. Форд жаңа қызметкерлерді жұмысқа қабылдағанда «білікті тұлғаларды» алуға үзілді-кесілді қарсы болды. Оны осы себепті білімсіздігі үшін айыптайтын. Бір жолы Генри Форд «надан» деген сөзі үшін чикаголық газетке ренжіп, сотқа береді. Газет қорғаушысы сотта оның надандығын көрсеткісі келіп, оған сұрақ қояды: «1776 жылы көтерілісті тоқтату үшін Америкаға Британия қанша әскер жіберді?»,Форд еш саспастан: «Қанша әскер жібергенін білмеймін, бірақ үйлеріне аман қайтқандар әлдеқайда аз екеніне сенімдімін». Артынан қорғаушыға саусағымен нұқып тұрып: «Егер менің шынымен сіздердің орынсыз сұрақтарыңызға жауап беруім керек болса, мен кабинетімдегі қажетті түймені басып қалған сәтте, менің әмірім бойынша дайын жауаптары бар мамандар шыға келетін еді. Неге мен кез-келген сұраққа жауап бере алатынымды дәлелдеу үшін ақымақ ойлармен басымды қатыруым керек?»

Әйтсе де өзі жұмысқа ешқашан маманды алмайтынын мәлімдеді. «Егер мен қиянатшыл амалдармен бәсекелестерімнің көзін жойғым келсе мен оларға мамандар тобын ұсынатын едім. Бірталай жақсы кеңестер алғаннан кейін менің бәсекелестерім жұмысқа кірісе алмас еді!, - деп Форд кекесінмен мәлімдеді де, өзін «эксперт» ретінде жоғары санағандардың барлығын аяусыз жұмыстан шығарды. Тек бір нәрсені өз қолымен істеген адам ғана Фордтың құрметтеуіне тұрарлық еді. Ол әркім жұмыс баспалдағының төменгі сатысынан бастауы керек деп санады. Жаңа қызметкерлердің бұрынғы тәжірибесі мен өткені есепке алынған жоқ. «Біз ешқашан бізден жұмыс іздеген адамның өткені туралы сұрамаймыз, - біз оның өткенін емес, адамды қабылдаймыз ғой. Егер ол түрмеде отырған болса, оның қайтадан соған түсетінін болжаудың негізі жоқ. Мен, керісінше егер оған мүмкіндік берсе, ол қайтадан соған түспеу үшін ерекше талпынады деп ойлаймын. Сондықтан біздің қызметкерлер бюросы ешкімнен оның бұрынғы өмірі негізінде бас тартпайды – мейлі ол Гарвардтан немесе Синг-Синг түрмесінен шықсын, - бізге бәрібір; біз тіпті бұл туралы сұрамаймыз да. Оның тек жұмыс істеуге деген ниеті болуы керек. Егер бұл болмаса, ол біздегі орынға жетуге құлшынбауы ықтимал немесе Фордта іспен айналысатыны жалпы жақсы белгілі».

Форд, өзінің фабрикасында әркім ең соңында өз ісіне лайықты орын алады, толқын қабілетті адамды шындығында өзіне лайықты жерге алып шығады деп болжады. «Ол үшін «бос» посттар жоқ деген нәрсе кедергі бола алмайды, себебі бізде ешқандай «посттар» жоқ, - деп жазады Форд. – Біздің үздік жұмысшыларымыз өздеріне өздері орын жасайды. Тағайындау ешбір формальдыққа байланысты емес; берілген тұлға бірден жаңа іс үстінде болып шығады және жаңа марапаттау алады". Фабрика басшысы машинистен бастады. Ірі кәсіпорын директоры Ривер-Руже үлгілер дайындаушы болып қабылданды. Маңызды бөлімнің бірінің басшысы қоқыс жинаушыдан бастаған. Бәрінен бұрын жас Фордты автомобильдер қызықтырған. Ол кез келген адамның қолы жетерлік машинаны конструкциялау идеясына ынтық болды, бірақ сол кездегі автомобильдер өндірісі технологиялары тым еңбек көлемді болды және көп уақыт шығындарын талап етті. «Мен барлығына арналған машина  жасаймын – оны ең жақсы материалдардан ең үздік мамандар ең қол жетімді сызба бойынша жасайды; оның құны, ақша табатын әрбір адам бала-шағасының қуанышына және Алланың қалауымен ала алатындай арзан болады» – деп шешті жас Форд, сөйтіп жұмысқа кірісті. 

Оның алғашқы өнертабыстары сәтсіз болды. 1893 жылы жасалған «Фордомобиль» атсыз арбаға ұқсады және тұрғындардың түсінбестігін туғызды. Ал өзінің алғашқы қозғалтқышын құруға Форд бірнеше ай жұмсады.

Адамдардың көбісі осы тырысушылықты бос әуре деп санады, ал Детройт тұрғындары бұл арынды жігітті «Бегли-стриттегі әңгі» деп атап кетті, алайда Форд автомобильдің жаңа модельдерін жасап, берілемін деп ойлаған да емес.

1893 жылы жоғарыда айтылған квадроциклды жасап, Генри Форд ешбір сатып алушыны таба алмады – адамдарға өздері білмейтін заттың тіпті қажеті жоқ! Өз тумасына отырып, барлық мүмкін болатын алармандарды айналып өтуден басқа Генридің амалы қалмады. Алайда өз еңбегі үшін мазақтан басқа ол ештеңе көрмеді, бірақ сонда да берілген жоқ.

Жетістіктері. Өндіріс шығындарын төмендету жолын іздеуде Форд, жұмысшының жұмыстан гөрі материал мен аспаптарды іздеуге және жеткізуге көп уақыт кетіретініне назар аударды. Жұмысшының цех бойынша қыдырысына ақша төлегісі келген жоқ. "Егер он екі мың қызметкердің әрқайсысы он қадамын үнемдейтін болса, онда кеңістік пен күшті үнемдеу елу миль болады", - деп есептеген Форд керісінше емес, жұмысты жұмысшыларға жеткізу керек екенін түсінді. Ол екі принципті қалыптастырды: жұмысшыны ешқашан бір қадамнан артық жасамауға және жұмыс кезінде өзіне ешқашан алға немесе жан-жағына еңкеюге жол бермеуге мәжбүрлеу. 1913 жылы 1 сәуірден бастап Форд конвейерді қосты. Бұрандаманы енгізетін жұмысшы бір мезгілде сомынды бұрамайтын; сомынды қойған адам оны қатты бұрамайтын. Жұмысшылардың ешқайсысы ештеме көтерген жоқ және тасымалдаған жоқ. Адам айтқысыз құны бар қолдан құрастырылған 26 көлік жасап, Генри Форд басқа бір жолды іздеу керектігін түсінді. Құрылысы барынша қарапайым автомобиль жасап, ол, әйтсе де, бағасын түсіре алмады, өйткені оның көп бөлігін жоғары білікті мамандардың жалақысы және әрбір көлікке арналған жеке бөлшектердің бағасы құрады. Ең алдымен Форд көліктің барлық компоненттерін стандарттауды ұйғарды, бұл қажетті бөлшектерді өзіне жасап, оларды іздеп табу мен іріктеуге жұмсалатын уақытты үнемдеуге мүмкіндік берді.

Ал егер жұмысшылар тобы автомобильді толығымен құрастырмай, тек нақты бір кезеңді орындаумен айналысса ше? Осылайша, өз кезеңінде еңбекті талдап тексеруді және өнімнің жұмыскерден жұмыскерге қозғалысын ашқан Фредерик Тейлор мен Густав Свифттің тәжірибесіне бейімделіп, Форд әлемде алғашқы болып коммерциялық өндіріске конвейер енгізеді. Арқандармен байланған автомобиль шассиларынының қатары бір бөлмеден екіншісіне, бір жұмыскерден екінші жұмыскерге жылжиды, олардың әрқайсысы кезекті бөлшекті бекітіп, көп кешікпей Ford Т – алғашқы арзан автомобиль жарыққа шығады.

 1914 жылы 12 қаңтарда Форд күніне 5 доллар минимум еңбекақы өлшемін бекітеді (сала бойынша орташадан екі есе көп) және жұмыс күнін сегіз сағатқа дейін қысқартады. "Әрбір жұмыс берушінің адалдық сүйгіштігі өзінің барлық бәсекелестеріне қарағанда жоғары мөлшерлеме төлеумен, ал жұмысшылардың талпынысы – осы адалдық сүйгіштікті жүзеге асыруды практикалық түрде жеңілдетумен шектелген болар еді", - деп Форд өз шешімін негіздеді. Бір мезгілде ол мүгедектер еңбегін пайдалану саясатын жүргізеді, сау адамдарға қанша төлесе, оларға сонша төлейді. Мұның пайдасы басқада болды: конвейерлік жұмыстың бір қалыптылығына мүгедектер жақсы даярланған болды, себебі ешбір біліктілік талап етілген жоқ. Сонымен соқыр адам филиалдарға жөнелтуге арналған бұрамалар мен сомындарды санау үшін қоймаға қойылды. Екі сау адам сол жұмыспен айналысты. Екі күннен кейін шеберхана бастығы екі сау адамға басқа жұмысты белгілеуді сұрады, себебі соқыр адам өзінің жұмысымен қатар басқа екі адамның міндетін атқаруға шамасы келетін болды. 

Форд пайда үш топқа тиесілі деп санады: біріншіден – оны тұрақтылық, даму және сау күйінде ұстау үшін кәсіпорынға; екіншіден – жұмысшыға, солардың көмегімен пайда жасалады; үшіншіден, белгілі дәрежеге дейін, - сондай-ақ қоғамға да. Гүлденген кәсіпорын барлық үш қатысушыға – ұйымдастырушыға, өндірушілерге және сатып алушыға пайда түсіреді. Фордтың пікірінше, басшының жауапкершілігі, оған бағынышты персонал өзіне едәуір тіршілік жағдайын жасау мүмкіндігі болуына, басқаша айтқанда, Форд автомобилін сатып алу мүмкіндігі болуына қамқорлық жасаумен шектеледі. Бұл көк жағалылар класын қалыптастыруға бірінші қадам болды.   

"Өнімді нашарлатудан сақтаныңыздар, жалақыны төмендетуден және көпшілікті тонаудан сақтаныңыздар. Өзіңіздің жұмыс әдісіңізге көбірек ми керек – ми, тағы да ми керек!  Бұрынғыдан да жақсы жұмыс істеңіздер, тек осындай жолмен ғана бүкіл ел үшін көмек көрсетуге болады. Бұған әрқашан қол жеткізуге болады", - деп үндеді Форд. Оның өтініштеріне сенімсіз қарады, алайда олар тек жарнама трюктері болған жоқ. Бір жылы пайданың күткен нәтижеден асқаны соншалық, - Форд әрбір автомобиль сатып алушыға өз еркімен 50 доллардан қайтарды: "Біз осы соманы өз сатып алушыларымыздан еріксіз алғандай сезіндік".

Қаржы. Фордтың осы саясатының салдары акционерлермен жанжалы болып шықты. "Егер мен жалақыны қысқарту мен дивиденттерді жою арасынан таңдауға мәжбүр болсам, мен кідірместен дивиденттерді жойған болар едім"– осындай сентенциялар компаньондардан жақсы пікір таба алмады. Форд барлық тапқан ақшасын өндіріске салды. Кәсіпорын байи бастады және Додж ағайындылар басқарған акционерлер дивиденттер алуға үміттенді. Олардың өндірісті бір- жалғыз модельмен шектеу мүмкін екені ойына келмеді. Форд оларды жеркенішті түрде «әйелдер сәнін жасаушылармен» салыстырды: "Ғажап, алғыр іс, тауардың ұдайы өтімі сатып алушының сеніміне біржола енуге емес, алдымен оны затты сатып алуға ақша жұмсауға, сосын оны осы заттың орнына жаңасын сатып алуға көндіруге тәуелді деген сенім соншалық терең тамырланған".

Форд принципі басқа болды: автомобильдің әрбір бөлігін егер қажет болса, біршама жаңа заманғымен ауыстыруға болатындай ауыстырмалы болуы керек. Сапасы жақсы машина жақсы сағат сияқты ұзақ мерзімді болуы керек. Форд автомобилі біркелкі болса да, есесіне сенімді болды. Акционерлер бүлік шығарды. Генри Форд, олардың қырағылығын басу үшін, отставкаға кетті де, басқаруды өзінің ұлы Эдселге тапсырды. Сол кезде өзі акциялар сатып ала бастады және жақын арада өзінің қолындағы 51 %-ға қалған 49 %-ды қосты. Соншалық акционерлер қалған жоқ. Дивиденд төлейтін ешкім болған жоқ. Қаржыны басқаруға Форд Эдселді қойды да, өзі өндірісті жеке басы басқаруды жалғастырды. Саясаты өзгеріссіз қалды: автомобильдің аз санын көп пайдамен сатқаннан гөрі көп санын аз пайдамен сатқан артық.

Фордқа қалай 60 млн доллар дерлік сомаға акция сатып алу мүмкін болды? Ол кәсіпорында аз ақша жұмсаудың – айналымды жеделдету арқылы  жаңа тәсілін ашты. 1 қаңтарда оның қолында қолданыста 20 млн доллар болды (Форд тек қолдағы ақшаны ғана мойындайтынын еске түсіріңдер), ал 1 сәуірде - 87 млн доллар, акция үшін қарызын өтеуге қажетті болған сомадан 27 млн-ға көп.  Ол өндіріске қатысы жоқ барлық мүлігін сатып жібереді, - 24 700 000 доллар алады, тағы 3 млн шетелдік өндіріс үшін көмекке береді. Тасымалдауға аз төлеу үшін темір жолды сатып алады – ұтыс 28 млн құрайды. Әскери қарыздарды және қосалқы өнімдерді сату 11 600 000 әкелді. Қорытындысында - 87 300 000.

"Егер біз қарызды қабылдаған болсақ, - деп жазады Форд, - біздің өндіріс әдісін арзандатуға ұмтылысымыз жүзеге аспаған болар еді. Егер біз ақшаны, комиссиялық ақшамен және т.б. қоса 6 %-бен алған болсақ, онда көп төлеуге тура келер еді, онда жыл сайын 500 000 автомобиль өндірісі кезінде бір пайыздың өзі бір автомобильдің қосымша құнына  4 долларды құраған болар еді. Бір сөзбен айтқанда, біз үздік өндіріс орнына тек салмақты қарыз алған болар едік. Біздің автомобильдеріміз, қазіргіге қарағанда шамамен 100 долларға қымбат түсер еді, сонымен қатар біздің өндірісіміз қысқарған болар еді, себебі сатып алушылар шеңбері де қысқарар еді".

Форд бойынша басқару. 1920 жылы, автомобиль жасауға қатысы жоқ барлық нәрсені сатып, Форд фабрикаға қайта құру жүргізді. Басқару ғимаратындағы «жалқауларды» цехтарға ауыстырды.  "Басқару үшін үлкен ғимарат кейде қажет болса да, бірақ оны көрген кезде мұнда әкімшілік көп деген күмән туады", - деп мәлімдеді ол осы кезде. Білдекке қайтаруға келіспейтін барлық қызметкерлер жұмыстан босатылды. Бөлім арасындағы ішкі телефондар сөндірілген. Форд ұран ойлап шығарды: "Іскерлік өмірде әкімшілік рухтың аздығы және әкімшілікте іскерлік рухтың көптігі қажет". Бұл төменгі менеджерлердің жұмысы тіркеуге алып келгенін, кәсіпорында ұйымдастыру сұлбалары және бөлімдер арасында горизонталь байланыстар болмағанын, өндірістік отырыстар жойылғанын, ешқандай «артық құжат» жүргізілмегенін, наряд журналы алып тасталғанын білдірді. Статистикамен автомобиль жасамайтынын мақтанышпен мәлімдеген Форд статистиканы қысқартты.  

Менеджментке таза пайдакүнемдік тәсіл "фордизм"атауын алды. Құрғақ сөз болмас үшін, негізін қалаушының сөзінен үзінді келтірейік: "Адамдардың көп саны кезінде күресуге тура келетін зор қиындықтар мен зұлымдық шектен тыс ұйымдастырумен және осыдан шығатын былықпен шектеледі. Менің пікірімше, ұйымдастыру кемеңгері деген міндеттен артық қауіп жоқ. Ол керемет сұлбаларды жасауды жақсы көрмейді, олар генеалогиялық ағашқа ұқсас биліктің соңғы элементтеріне дейін тармақталуы болып табылады. Ағаштың барлық діңгегіне тұлғалардың немесе лауазымдардың атауын алған әдемі дөңгелек жидектер ілінген. Әрқайсысының өз жидегінің көлемі мен сферасы қатаң шектелген өз титулы және белгілі функциялары болады. Егер жұмысшылар бригадасының бастығы өз директорына жолыққысы келсе, онда оның жолы шеберхананың кіші бастығы, шеберхананың аға бастығы, бөлімше меңгерушісі арқылы және директордың барлық көмекшілері арқылы өтеді. Ол өзінің айтқысы келгенін керекті адамға жеткізгенше, бұл тарихқа шегінуі ықтимал. Қызметкердің қағазы ұлы әкімшілік ағаш бұрышындағы төменгі сол жақ жидектен бақылау кеңесінің төрағасына немесе директорына жеткенше алты апта өтеді. Ол әлеуетті тұлғаға қуанышпен жеткен кезде оның көлемі, тасқын сияқты сыни пікірлер, ұсыныстар мен комментарийлердің тұтас үйіндісі болып ұлғаяды. Істің орындалу моменті өтіп кетпей тұрып, оның ресми бекітуге дейін жетуі сирек кездеседі. Қағаздар қолдан-қолға саяхаттайды және әрқайсысы, «бір ақыл жақсы, екеуі одан да артық» деген қолайлы принципті басшылыққа алып жауапкершілікті басқасына аударуға тырысады", - деп жазды Форд өзінің «Менің өмірім, менің жетістерім» деген кітабында.

Ол кәсіпорынды "міндеті – хаттармен алмасу емес, жұмыс істеу болатын адамдардың жұмыс үстінде қарым-қатынасы"ретінде көрді. Бір бөлімге басқасында не болып жатқанын білудің мүлдем қажеті жоқ. Өз компаниясында ол төменгі буындағы менеджерлерді ғана қалдырды, олар өздерінің бөлімдері өндірген өнім үшін есеп берді.  Ешқандай жиналыс та, мәжіліс те жүргізілген жоқ: Форд оларды мүлдем артық деп санады. Тым күрделі ұйымдастыру құрылымы, Фордтың пікірі бойынша, кім не үшін жауап беретінін түсінбеуіне алып келді. Әрқайсысы өзіне сеніп тапсырылған кішкене учаскеге жауапты болуы тиіс – яғни басқаруды ұйымдастыру конвейерін пайдаланды. Ол кіші басшыларды  араластырды, олар кінәларын бір-біріне жаппас үшін мұқият бақылады. Жұмыста адамдар жолдасының қатесін жасыра бастайды деп қорқып, достық қатынастарды да мадақтамады.

"Біз жұмыс істеген кезде іске байыппен қарауымыз керек; көңіл көтерген кезде барынша ойнап-күлу керек. Бірімен бірін араластыру мағынасыз. Әркім өзіне – жұмысты жақсы атқарып, сол үшін жақсы сыйлық алу мақсатын қоюы керек. Жұмыс аяқталған кезде көңіл көтеруге болады. Сондықтан фордтық фабрикалар мен кәсіпорындар ешбір ұйымды, ешқандай әзірленген әкімшілік жүйесін білмейді, титулдар өте аз және ешқандай конференциялар болмайды. Біздің бюрода сөзсіз түрде қанша қажет болса, дәл сонша қызметкер бар, қандай да болмасын құжаттар мүлдем жоқ, осыған орай былық та жоқ. Біз әрқайсысына тұтастай барлық жауапкершілікті жүктейміз. Кез келген жұмысшының өз жұмысы бар. Бригада басшысы - өзіне бағынышты жұмысшыларға, шеберхана бастығы – өзінің шеберханасына, бөлімше меңгерушісі – өз бөлімшесіне, директор өз фабрикасына жауап береді. Әрқайсысы өзінің айналасында не болып жатқанын білуге міндетті. Фабрика көптеген жылдар бойы бір жалғыз басшыға бағынады. Бізде титул да, қызметтік уәкілеттік те жоқ болғандықтан, ешқандай былық та, ешқандай билікті аса пайдалану да жоқ. Әрбір қызметкердің барлығына қолы жетерлік; бұл жүйенің әдетке айналғаны соншалық, - шеберхана бастығы өз жұмысшыларының бірі оны аттап, тікелей фабрика басшысына жолығатын болса, өзін қорлаған деп санамайды. Шындығында жұмысшының арыздану себебі сирек болады, себебі шеберхана бастықтары кез келген әділетсіздік тез арада шығатынын, сонда олар бастық болуын тоқтататынын өзінің бес саусағындай тамаша біледі. Егер адамның жоғары посттан басы айналса, онда бұл байқалады, сосын оны немесе шығарып жібереді немесе білдекке қайтарады. Жұмыс, тек бір ғана жұмыс біздің ұстазымыз және басшымыз болып табылады. Титулдар таң қаларлық әсер етеді. Олар жұмыстан босату жазбасы ретінде тым жиі қызмет етеді. Көбінесе титул «Оның иегері өзінің жоғары маңызы мен қалған адамдардың бейшаралығын бағалаудан басқа ештемемен айналысуға міндетті емес» атты ұранмен озаттық белгісі болып табылады.

Шарықтауы мен құлдырауы. Осылайша Генри Форд бар әлемге автомобиль сыйлады, бірақ әңгіме бұнымен аяқталмайды. Жылдан жылға тек бір ғана модельді шығарып, Форд оны барынша арзан қылуға бар күшін салды. Модельді жаңарту, оның сыртқы түрін және техникалық параметрлерін жақсарту, ақыр соңында базарда қандай да болсын бір әртүрлілік жасау туралы серіктестерінің барлық ұсыныстарын ол ақымақтық деп атады.

Әңгіме мынада, өзінің аңқаулығының кесірінен кәсіпкер автомобильді сәндік ретінде емес, қозғалыс құралы ретінде қабылдады. Адамдардың кейбірі онымен келісе алмады. Сайып келгенде, бұған дейін табысқа жеткізген шексіз қырсықтық пен ымырасыздық Фордты күйреуге ұшырата жаздады.

Зелигман банкирдің, ал кейінірек Дюпандар оқ-дәрі магнаттарының бақылауында болған General Motors, әлемде өз орнын жаулай бастады. Сатып алушыларға тек қара болса болғаны, кез-келген түстегі автомобильді ұсынған Фордтан ерекше, GM компаниясы әрбір адам аз да болса, өзгеше бір модельдегі көлікті қалайды деп санады. Кішігірім жеке опциондарды едәуір ақшаға сату идеясы табысты болып шықты. Сонымен қатар General Motors басқа автомобиль өндірушілерден бұрын Фордтың ең негізгі басымдылығын – төмен бағаларды түсіріп тастап, өз машиналарын несиеге сата бастады.

1927 жылы ең қолжетімді автомобильдің сатылымы кенет азайып қалды. Генри Фордқа толық ойсырап қалу қаупі төнді. Бірақ өнеркәсіп алыбының құлауынан қуанышқа бөлену үшін жиналғандарды таң қалдырып, ондай ештеңе болған жоқ. Өндірісті бір жылға уақытша тоқтатып, жұмыскерлердің көбісін жұмыстан босатып, қажымайтын өнертапқыш 1928 жылы барлық сол кездегі автомобильдерден бірнеше есе артық Ford А моделін әлемге сыйлады.

Әрқашан жақсы болуды қалау. Форд нақыл сөздермен қамшылайтын ("Сәтсіздік – тек одан гөрі ақылдырақ қайтадан бастау мүмкіндігі", "Ұтылғандардан гөрі берілген адамдар көп") қатал қожайын болды, бірақ өз жұмысшыларын шынайы жақсы көрді және оларға қамқорлық жасады. Ол мектеп, аурухана ашты, ұжымдық сейіл мен түскі ас дәстүрін енгізді. Ол қатал, бірақ өзінің шалағайларының бастарына ескі ақиқатты құятын әділ әке болды. Егер бұл оның билігінде болса, "Форд-Т"әрқашан шығарылған болар еді. Оны 1927 жылы алмастыруға тура келген кезде ол өндірісті алты айға жапты. Бірақ тым кеш болды: америкалық автомобиль жасау көшбасшысы түрлі маркаларды шығаруға қайта бағдарлануды және сатып алушыға «кез келген мақсат үшін және кез келген әмиян үшін» автомобиль ассортиментін ұсынуды ойластырған General Motors болды.

Өз принциптерінің күйреуін Форд өте қатты уайымдады. Финансистерге деген жеккөрушілік антисемиттік запыранмен атқылады (Форд кейін өкінді), кампания төменге құлдырады: GM ғана емес, сондай-ақ Chrysler Corp. Сұранысты зерделеді, кредитке сатты (қолдағы ақшамен ғана емес), табыспен дамыды, ал Форд әлі өзінің бір кездегі таң қаларлық принциптерінен таймады. Егер ол генерал болса, штабтағыларды алдыңғы шепке жіберер еді, оларға батыр старшинаны қояр еді. Фордтың солдаттары бастан-аяқ киінген, тамақтары тоқ болар еді, танк  сауытының қалыңдығын ол өзі тексерер еді, офицерлік атақтар алып тасталар еді.  Ұрыс алдында ол "Форд-Т"-мен әскер алдына шығып оларды шабуылға ертер еді.

Не қалды:конвейер, көк жағалылар, дилерлер жүйесі және сатып алушыларға кепілдіктер? Осы ғана емес: "Биг Мактан"бастап бір реттік қаламға дейін кез келген массалы өнімнің ортақ тегі бар - автомобиль "Форд-Т". Оның немересі Генри Форд-II атасы қайтыс болғаннан кейін АҚШ болашақ қорғаныс министрі Роберт Макнамара бастаған білімді менеджерлердің құтқару командасын жұмысқа алды. Генри Форд принциптері түзетілді. "Ford-T"моделі ғасыр автомобилі деп аталды. Жаңа "Ford Focus"1999 жылдың үздік автомобилі деп танылды. "Ford Focus"жарнама кампаниясы құрастырған: "Әрқашан жақсырақ болуды қалау". Шындығында компанияның негізін қалаушының өзінде бұл туралы мүлдем басқа түсінік болған. Бірақ осы қазымыр сараң және ақылсыз диктатор деп аталған  Генри Форд соншалық қарапайым болды ма? Форд империясының бүгінгі гүлдену негізін сол қалады емес пе?

Форд өз кәсіпорындарында бірінші болып жалақының минимум деңгейін және 8 сағаттық жұмыс күнін бекітті. Алайда еңбекшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға келе отырып, Форд тек өзінің бастамасы бойынша ғана жасауды жөн көрді. Осы бойынша одан әрі ол кәсіподақ қысымын мүлдем елемеді, бұл ақыр соңында 1937-1941 жж. олармен ұзақ жанжалға алып келді. Оның зауыттарында 60 адам штаты бар социологиялық қызмет құрылды, бұл сол уақыттың ірі жаңашылы болды.

Форд мүлде диетаға және салауатты өмір салтына берілген болды, Америка мәдениетінің тарихымен айналысты, филантропияны да бөтенсіген жоқ. Алайда оның қоғамдық қызметі – белсенді антиеврейлік сөз сөйлеуі, бірінші дүниежүзілік соғыс уақытында әлемдік круиз, сенатор болу әрекеті – көбінесе жанжалды сипат алды. 

Жеке басының дарындылығына сенген Форд жұмсақтығын және жаңашылдық сезімін жоғалта бастады. 30 жылдары тұтынушылық сұраныста маңызды өзгерістер болған, ал өзінің бұрынғы тұжырымдамасына берілген Форд оларды ескермеді. Нәтижесінде автомобиль жасауда жетекші ұстанымдар нәтижесінде басқа “Дженерал моторз” ірі кампаниясына жол беруге тура келді. 

1945 жылы қыркүйекте Форд компанияны (бұған дейін өзінің жалғыз ұлы Эдсельге формальды түрде тиесілі болған) басқару билігін өзінің немересі ІІ Генри Фордқа тапсырып, істен бас тартады. 2 жыл өткен соң – 1947 жылы 7 сәуірде 83 жасында Форд дүниеден өтеді.

Жауап берді: Құрманғазы Сағырбайұлы өмірбабяны– халық музыканты, домбырашы

$
0
0

Құрманғазы Сағырбайұлы 1806 жылы дүниеге келіп, 1879 жылы өмірден озды. Қазақ халқы өткерген сұрапыл тарих беттері мен өзінің жеке қасіреті, өмір туралы ойлары мен қазақ даласының, ұлттық мейрамдардың жарқын көріністері оның күйлерінде көрініс тапты.

Құрманғазының көрнекті шығармаларының бірі – «Кішкентай» күйі. Ұлы күйшінің шәкірттері мен ізбасарларының ойынша, бұл күй Исатай Тайманұлының көтерілісіне арналған.

Құрманғазы қандай тақырыпта күй жазса да, онда адам сезімінің барлық түрі – махаббат та, мейірімділік те, жақсылық та, рақымдылық та болды. Оның өзіне тән орындаушылық стилі болатын, өзінің ұлттық домбыра мектебі де болды.

Құрманғазының өмірі көптеген оқиғаларға толы болды. И. Тайманұлы мен М. Өтемісұлының жетекшілігімен басталған Бөкей ордасы қазақтарының ұлттық көтерілісін (1836-1837 жж.) көрді. Сол уақытта Махамбеттің отты жырлары мен Құрманғазының бүлікші күйлері қазақ даласына тарап, халық жүрегінен үміт отын оятты. Бүлікші күйлері мен билікке бағынбаушылығынан Құрманғазы қудалауда болып, қамауға да алынды, сондықтан ол көп уақыт бойы туған жерінен алыста болуға мәжбүр болды.

Құрманғазы орыс мәдениетінің өкілдері – филологтармен, тарихшылармен, этнографтармен таныс болған, олар қазақ музыкасы, музыканттар мен ұлттық аспаптар жайлы материал жинаған. «Ләушкен» күйін Құрманғазы орыс досы ақын Н. Савичевке арнаған, ол Құрманғазыға өмірінің қиын сәттерінде қол ұшын созған. Оның достық сезімі сонымен қатар, «Машина», «Перовский марш» және т.б. күйлерде көрініс тапқан.

«Сарыарқа» күйі Құрманғазы шығармашылығының биік шыңы, қазақтың дәстүрлі музыкасының шыңында тұрған шығармалардың бірі болып табылады. Ұлттық өнерімізді әлемге танытқан бұл күй ұлы күйшінің туған жеріне, қазақтың кең даласына деген махаббатынан туған туынды, халықтың, даланың өзі сияқты кең, өзі сияқты шексіздігін танытатын дауысы. Қуғын-сүргінге ұшырап жүрген шағында жазылған Құрманғазының «Сарыарқасы» бүкіл қазақ халқының еркіндікке, азаттыққа деген құлшынысының көрінісіндей.

Құрманғазының ұлттық домбыра мектебінің дәстүрін сақтаушылар –халық композиторының бай мұрасын біздің уақытқа дейін жеткізген күйші ұрпақ.

И вернусь я в отчий дом,
Поклонюсь я роду
И скажу: готов служить
Моему народу!  Құрманғазы

Қазақ халқы – ән мен күйге бай халық. Орыс этнографы және саяхатшы Потанин айтқандай, қазақта қанша түс болса, сонша ән мен күй бар.

Қазан төңкерісіне дейін біздің халқымыз еркіндік, бақыт, бейбіт әрі жасампаз еңбек жайлы армандады. Халық ол арманды ән түрінде көрсетті. Ол жарқын болашақ үшін, бақытты өмір үшін күресті жырлаған, музыкалық шығармаларды дүниеге әкелген ұлдары мен қыздарын әрдайым мақтан тұтты.

Қазақ елі өз жерінің қазына-байлығымен ғана емес, әлемді аузына қаратқан атақты талант иелерімен де белгілі. XIX ғасырдың қазақтың күй өнерінде бірінші және аса құрметті орын қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазы Сағырбайұлына тиесілі. Елді өзінің өзгеше өнерімен оятқан жасампаз күйші Құрманғазы Сағырбайұлы болды. Құрманғазы Қазақстанның музыка мәдениетінде айрықша орын алады. Ол қазақтың аспапты музыка өнерінің классигі.

Туып-өскен жері Бөкей хандығы, қазіргі Орал облысының Жаңақала ауданына қарасты Жиделі деген жер. Құрманғазының өмір сүрген уақыты жайлы мәселе әлі күнге дейін шешілмегендігін айта кеткен жөн. Дина Нұрпейісова мен Құрманғазының басқа да шәкірттері мен ізбасарларының айтуы бойынша, ол 1818-1889 жылдар аралығында өмір сүрген, сонда құлпытастағы жазу (1806-1879) нақтылығы күмән тудырады.

Музыкалық қабілетті Құрманғазы анасы Алқадан алған, оның тұқымында дарынды ақындар, өлеңшілер мен күйшілер болған. Бүкіл Бөкей ордасына танымал халық музыканты Ұзақтың ауылға келуі Құрманғазының болашақ тағдырына әсер еткен, балалық шағының жарқын сәті болды, ол Ұзақты өзінің ұстазы деп есептейтін.

Он сегіз жасында Құрманғазы, әкесі Сағырбайдың қарсылығына қарамастан, профессионал болу туралы шешім қабылдап, туған ауылынан кетеді де, саяхатшы музыкант өмірін бастайды. Кең даланы шарлап, көптеген адамдармен кездесіп, бұрынғы заманғы күйлер мен қазіргі заманғы халық музыканттарының пъесаларын орындап, асқан орындаушылық шеберлігін көрсете отырып, Құрманғазының қадірі артады, халық арасында танымалдылыққа ие болады. Басқа музыканттармен танысу жас домбырашының репертуарын кеңейтеді. Музыкалық есте сақтау қабілеті жақсы болғандықтан, ол танымал халық күйшілерінің шығармашылық мұрасын игеріп, аспаптық пьесалар жазу өнеріндегі күшін сынай бастайды.

Құрманғазының ғұмыр кешкен уақыты, әсіресе оң-солын танып, өмір-тіршілікке белсене араласа бастаған кезі мейлінше күрделі еді. Бұл кезең патшалық Ресей жүргізген отаршыл саясаттың ең бір қарқын алған, әбден құныққан, шектен шыға басынған кезі болатын.

Алғашқы туындылардың дәстүрлі әрі қарапайым болғанына қарамастан, почерк ерекшелігімен, табиғилығымен және еркін интонациялық-тақырыптық дамумен, кейде формалық кемелімен көзге түсті. Композиторға әйгілілік пен танымалдылық әкелген күйлер жас суреткер кемелін көрсетеді, олар: ақжелең жанрында жазылған «Бас Ақжелең», «Ұзақ Ақжелең» және Құрманғазының шедеврлерінің біріне айналған «Балбырауын» күйі. «Балбырауын» күйінің мазмұны бойынша ешқандай тарихи оқиғамен не сюжетпен байланысы жоқ, яғни онда  мәндес бағдарлама жоқ.

Құрманғазының есеюі, оның дүниетанымының, азаматтық позицияларының қалыптасуы қазақ даласында әлеуметтік қарсылықтар орын ала бастағанда болды. Бұл халықты үмітсіздікке, өз адами құқығын қорғауға итермеледі. XIX ғасырдың 30-жылдарының ортасында Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған халық көтерілісі басталды. Құрманғазының асқақ рухы бір ғана музыка саласына сиятын құбылыс емес. Мұндай тегеурінді дарынның болмысы біртұтас ұлттың рухани болмысына айғақ бола алады. Ұлт тағдырындағы тарихи ұлы өзгерістердің барша қуаныш-қайғысы қашанда біртуар перзенттерінің тағдыр-талайымен шендесіп жатады. Бұл, орайда, Құрманғазы өзінің қайталанбас өнерімен ғана емес, өмірімен де туған халқының бүкіл қасиетіне, сол бір алмағайып аласапыран кезеңнің хал күйіне ең жарқын айғақ бола білді.

Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр-сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті. Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер - халықтың азаттығы мен жеке тұлға бостандығы. Өз туындыларында ХІХ ғасырдың 30-жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліске ерекше назар аударған. Құрманғазы бұл көтеріліске өзінің алғашқы туындыларының бірі "Кішкентай"күйін арнаған. Бұл күйді өзі ғұмыр кешкен заманның тарихи-әлеуметтік болмысына берілген күйші философтың бағасы деп білуге болады.

«Кішкентай» күйі жеке дауыста баяу басталып, келе-келе күрделеніп, шарықтау шегіне жетеді. Құрманғазы күйлеріне тән толқу, драматургия көріністері анық көрінеді.

«Адай» күйінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік-психологиялық жағдайлар бейнеленеді.

Күйшінің бүкіл ғұмыры әділетсіздік пен зорлыққа қарсы күрес жолында өтеді. Ол қанаушы топтың небір зұлымдық істеріне жүрегін жарып шыққан күйлерімен қасқая қарсы тұрады. Өз көзімен көріп, өз басынан өткізген мұң-зарын күйлерімен бейнелеу арқылы ол қарапайым халықтың қайғы-қасіретін  қос ішекте шебер шерте білді. Оның тартысқа толы тағдыры ел аузында аңызға айналды. Билік басындағылар тарапынан қудалауға түсті. 1857 жылы Құрманғазы Орда түрмесіне қамалып, одан қашып шыққан.

Оның «Ертең кетем», «Түрмеден қашқан» сияқты күйлері замана басқа салған зобалаңның бір - бір бекеті сияқты. Ол қатал тағдырдың кез келген талқысына өнерімен жауап беріп, өнерімен белгі қалдырып отырған.

«Кісен ашқан» – еркіндікке ұмтылған тұтқынның жан айқайы. Ал күйші «Қайран шешем», «Аман бол, шешем, аман бол», «Бұқтым-бұқтым» күйлерінде өзінің ішкі толғанысын күй арқылы шебер береді.

Құрманғазының шығармашылық өмірін шұқшия зерттеп, оның күйлерін оркестрге түсіріп, орындатып, күйші туралы мақалалар жазып, кітап шығарған, елге насихаттаған адамның бірі – ғалым, композитор, музыка зерттеушісі – дирижер Ахмет Қуанұлы Жұбанов еді. Ол 1935 жылдан бастап Құрманғазының туып-өскен, жүрген жерлерінде болып, күйшіні көрген, бірге болған, күйлерін үйреніп басқаға үйреткен адамдармен сөйлесіп, көптеген деректер жинаған. Жұбановтанушы ғалым Б.Ғизатовтың айтуынша, Ахаң (А.Жұбанов) 1951 жылдан бастап Құрманғазыға байланысты мұрағат деректерін жинай бастаған. Қазақстан, Мәскеу, Ленинград мұрағаттарынан іздеп тапқан Құрманғазыға байланысты деректерді баспасөз бетіне жариялаған. Көптеген ауызша деректердің өзі аса құнды дүниелер. Өйткені, ол деректерді Ахаңа берген Ерғали Есжанов, Дина Нүрпейісова, Охаб Қабиғожин, Сейітқали Меңдешев, Смағұл Көмекбаев, Лұқпан Мұхатов, Махамбет және Науша Бөкейхановтар, Ғадулиан Матов, Меңдіғали Сүлейменов, Жүсіп Тәкенов, Жаулыбай Қосанов, т.б. өткен ғасырдың 60-жылдарына дейін өмірден өтіп кеткен-ді. Осылардың барлығымен А. Жұбанов ауызба-ауыз сөйлескен адам. А. Жұбанов тек композитор, музыка зерттеуші ғана емес, ол жақсы домбырашы, күйлердің жақсы орындаушысы да болатын. Ол естіген күйлерін нотаға тез түсіретін. Олардың тарихын да жазып алып отырған. Сол себепті күйлердің шығу тарихын да көп білген. А. Жұбанов 1936 жылы «Қазақтың халық композиторы Құрманғазы» деген кітапша шығарды. Кітапшада күйшінің өмір сүрген дәуірі, сол кездегі Бөкей хандығының саяси экономикалық жағдайы, Құрманғазы күйлерінің мазмұны, кезеңдері, тарихы, күйшінің шәкірттері, мұрагерлері туралы мәліметтер және күйлерге теориялық талдаулар да берілген. 1960 жылы автор бұл кітапшасын толықтырып қайта бастырды. Ал 1975 жылы қазақтың аспапты музыкасы туралы «Ғасырлар пернесі» жинағына Құрманғазы туралы  материалдар да енді. А. Жұбанов Құрманғазының тырнақалды туындыларының бірі «Кішкентай» күйінің 19 ғасырдың отызыншы жылдарының аяқ кезінде болған ұлт-азаттық көтерілісінің басшысы Исатай Таймановқа арналғандығын айтыпты. Көтерілісті көзімен көрген Құрманғазы сол кезде 15 жаста ғана екен.

ХІХ ғасырдың 50 - жылдарында Құрманғазыға ат ұрладың деген жалған айып тағылып, түрмеге қамалады. Түрмеде жатқанда шешесін сағынып, оның көңіл - күйін ойлап, анасына «Аман бол, шешем», «Қайран шешем» күйлерін арнайды. Құрманғазы бұл жерден қашып шығады. Осы кезеңде оның мұңды лирикаға толы «Кісен ашқан», «Түрмеден қашқан» тағы да басқа күйлері туады [1, 106-б.].

А. Жұбанов өз еңбектерінде Құрманғазы күйлерінің тақырыбы, формалары қазақтың бұрынғы күйлерінің формаларына келе бермейтінін дәлелдеп, тек өзіндік ерекшелігі мол туындылар екенін айтқан. Сондықтан Құрманғазы күйлерінің басқа күйлерден биік тұратынын пайымдай келе аталмыш күйлерді екшеп, талдайды [1, 124-б.].

Құрманғазы Сағырбайұлы бірнеше мәрте түрмеге де қамалған, алайда халықтың азаттығы жолындағы күрескер сазгердің рухы ешқашан түспеген. Ол Орал, Орынборда, Үркіт түрмелерінде де отырған. Қуғын-сүргін мен сергелдеңге түскен күйші халықтың тәуелсіздік пен бостандық туралы терең ой-толғамын бейнелеген. "Алатау"және "Сарыарқа"күйлерін дүниеге келтірген.

«Алатау» күйі - әрі ұлы, әрі асқақ асқар таудың көркемдік бейнесі суреткер санасында мәңгілік пен өмірдің мәні туралы, адам тағдырының құбылмалығы - өрлеуі мен құлдырауы туралы толғаныстар тудырған.

Құрманғазының «Сарыарқасы» тек күй деген форманың шеңберінде қалып қоятын шығарма емес. Мұнда күй тепсе темір үзетін қуаты, атшабыс, алай-түлей соғыс, бостандыққа ұмтылған аттанысы сияқты көріністер мол. «Сарыарқа» күйі ұшқыр ой мен асқан шеберліктің шыңы болса, «Көбік шашқан» - ұстамдылық пен іштей налу, күйіну мен қайғырудың аса бір қаралы әрі сазды үлгісі.

Сарыарқа - Құрманғазының күйі, қазақтың дәстүрлі музыкасының шыңында тұрған шығармалардың бірі. Ұлттық өнерімізді әлемге танытқан бұл күй ұлы күйшінің туған жеріне, қазақтың кең даласына деген махаббатынан туған туынды. Қуғын-сүргінге ұшырап жүрген шағында жазылған Құрманғазының «Сарыарқасы» бүкіл қазақ халқының еркіндікке, азаттыққа деген құлшынысының көрінісіндей. халықтың, даланың өзі сияқты кең, өзі сияқты шексіздігін танытатын дауысы.

Жанұясы мен жақындарынан ұзақ уақыт ажырап қалғаннан кейін, бөтен елде өткізген жылдардан кейін, уақыт елдегі жағдайды және биліктің бұрынғы тұтқынға деген көзқарасын өзгертті деген үмітпен Құрманғазы туған жеріне оралады. Алайда 1864 жылдың 1 наурызында оны қайтадан тұтқынға алып, түрмеге қамайды, ал 1866 жылдың 23 мамырынан бастап Орал қалалық абақтысына қамалады. Кейін жаңа сот жарғысына сәйкес, әрі қарай түрмелік қамауға алынған жоқ, сондықтан босатылды.

Екінші рет тұтқында отыру, Орал түрмесіне көшу және бостандықты асыға күту сияқты күйші өмірінің сәттері «Пәбескі», «Арба соққан», «Бозшолақ» және т.б. күйлерде көрініс тапты.

Орал түрмесінде болғанда, Құрманғазы Лавочкиндеген орыс жұмыскерімен танысады да, оған орыс музыкасының ырғағына сай келетін күй арнайды. «Лаушкен» күйінен кейін күйші өз шығармаларында өзі үшін жаңа орыс музыкасының элементтерін бірнеше рет қолданды («Перовский марш»). Құрманғазының «Машина» күйін қала өмірінің суретін беретін «урбанистік» шығарма деп атауға болады. «Машина» күйі Құрманғазының зерек алғырлығын, дарындылығын ашатын күйлердің бірі. Алғаш рет қазақтың кең даласынан Омбыға келіп, тар көшелердегі ығы - жығы адамдарды, көліктердің қозғалысын, жалпы үлкен қаланың өмірін көрген сазгер, алған әсерін өз шығармасында бейнеледі. А.Қ. Жұбановтың айтуы бойынша «күй композициясы, ырғағы және орындалу сипаты Құрманғазының бұл туындыны орыс музыкасының әсерімен жазғандығын көрсетеді» [2, 262-б.].

Қазақ тарихында, мәдениетінде Құрманғазы бабамыздың алатын орнын, өнегесін білмейтін адам жоқтың қасы. Өйткені күй өнері тек қана біздің қазағымызға, ұлтымызға тән өнер. Ал Құрманғазы сан ғасырда біртуар құбылыс. Ол - құдірет. 1868 жылы «Уральские войсковые ведомости» газетінде оның очерк шығады, онда журналист-жазушы Н.Ф. Савичев былай дейді: «Алғашында мен таң қаларлық күйде болдым, ал кейін тамсандым... Құрманғазы екі ішекті күйлеп, ойнай бастады. Домбырадан мөлдір, таза музыка төгілді, әуен сипаты қазақша болса да, оның берілуінен бұл туындыны үлгілі музыка шығармаларының қатарына қоюға болады, өйткені Сағырбаевтың күй тартысы сол дарын мен шабыттан шығады… Сағырбаев сирек кездесетін музыкалық жан, ол Еуропалық білім алған болса, музыка дүниесінде ең үлкен жұлдыз болған болар еді» [3, 185-б.].

Құрманғазы сахараның даңғыл көкірек дәулескер күйшісі Соқыр Есжанның алдын көріп, Дәулеткерей сияқты жайсаң күйшімен сырлас болып, Шеркеш, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің өнерінен өнеге алған. Құрманғазының әйгілі күйші Дәулеткерей Шығайұлымен (1820 – 1887 гг.) кездесуі оның шығармашылық биографиясындағы елеулі оқиға болды.

Ауызша жеткен мәліметтерге сүйенсек, Құрманғазы 70-жылдардың соңында Каспий жағалауына көшіп барады, сонда өмірінің соңғы жылдарын өткізеді. Құрманғазы өмірінің соңғы кездерінде «Көбік шашқан», «Демалыс», «Итог» атты күйлерін шығарады.

Жайық өзенінің сол жақ бетінде өскен ақын Қашаған осы бір кезде Орда жаққа барып, Қиғаш, Бозаң бойларын аралап, Сахмаға барып күйшіге кездеседі. Қашаған Атырауды жағалай шығып, көп халықты қырып кеткен апатты образға алып, еңбекші халықтың ауыр халін суреттеген «Көбік шашқан» поэмасын айтып береді. Бұл жағдай күйшіні қозғап, екеуінің достығынан тағы бір күй шығады. Күйдің атын «Көбік шашқан» қояды.

Топырақ бұйырған орыны – Астрахань (Ресей) облысының бұрынғы «Шайтани батага», қазіргі «Құрманғазы төбе» деп аталатын жер.

Құрманғазының қартайған щағында айналасында шәкірт-домбырашылар көп болды, ол ізбасарларына ғасырдан ғасырға жеткен дәстүрді, күйлердің асыл қазынасын және домбыра өнерінің, күй өнерінің қыр-сырын аманат етіп тапсырды. Осылайша «Құрманғазы мектебі» пайда болды, оның алдыңғы қатарлы өкілдері Дина Нұрпейісова, Мәмен, Көкбала, Ерғали Есжанов, ал кейінгі ұрпақтан халық музыканттары Уақап Қабиғожин, Қали Жантілеуов, Гильман Хайрушев, Ұлықпан Мұхитов, Мұрат Өскенбаев және т.б. талантты домбырашылар болды.

Құрманғазының қазақ музыкасына қосқан үлесін, келесі музыкант-домбырашылар ұрпағына тигізген әсерін асыра бағаласақ та артық болмайды. Оның музыкалық мұрасы – ұлы ақын Абайдың өлеңдеріндей, қазақ халқының ұлттық мәдениетінің ажырамас бөлшегі.

Біздің замандастарымыз қазақ музыкасының майталманы, композитор Құрманғазының үлкен шығармашылық мұрасын сақтап қалу үшін көп игі істер жасады.

Орыс музыка ғылымының әйгілі өкілдерінің бірі – Александр Викторович Затаевичтің бастамасымен Қазақстанда 1930 жылдан қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің байлығын жинау жұмыстары басталды. Құрманғазы күйлерінің алғашқы жазбасын 1931 жылы А.В. Затаевич «500 казахских песен и кюев» жинағында жариялады. Ол композитордың «Серпер», «Кісен ашқан», «Ақсақ киік» және тағы басқа күйлерін жазып алды.

Бүгінгі күні Затаевичтің жинағындағы Құрманғазы жайлы мәліметтер мен оның шығармаларының жазбалары оның шәкірттерінің бізге жеткен естеліктерімен және композитордың домбырашы ізбасарлары арқылы толықтырылды.

Құрманғазы мұрасын бізге жеткізушілер көп-ақ. Солардың ішінде алдымен ауызға алатыны Дина күйші. Құрманғазы шәкірттері ішінде Динадан кейінгі ірі тұлға, сөз жоқ, Ерғали Есжанов. Құрманғазы мұрасын біздің заманымызға жеткізушілердің ішінде күйшінің алдын көрген Меңдіғали мен оның ұлы Қисмет және шәкірті Ғатау Ібішев, кешегі Меңетай күйші, оның шәкірті Ишанғали Жанқанов, Мәмек, Көкбала сынды мирасқорларын жинайды.

Құрманғазы есімінің танымал болғаны соншалық, оны Астраханьнан Түркістанға дейінгі аймақта біледі. Ол жерлерде домбыраға қатысы жоқ адамдар жиі кездессе де, олар Құрманғазы өмірі жайлы не оның қандайда бір күйінің тарихы туралы айтып бере алады.

Құрманғазы өмірін, өнерін зерттеп, оның ұрпақтары мен шәкірттерінің өмірін, өнер жолын халыққа таныстырып, насихаттаған материалдар баспасөз беттерінде көптеп жарық көруде. Күйші баба жөніндегі мәліметтерді, оның туындыларын насихаттауда мәдениет ошақтары көптеген шараларды жүзеге асырып келеді. Атап айтсақ, ауданымыздың барлық кітапханаларында «Шежіресі халқымның Құрманғазы», «Сыры бар небір тылсым күйлерінде», «Күймен ашқан кең дүниенің есігін» т.б. тақырыптармен ашық тақырыптық сөрелер жасақталып, «Өнегелі бабаң бар өсер ұрпақ», «Құрманғазы өмірі – шежіре», «Ұлы күйшінің ұланғайыр мұрасы» т.б. тақырыптарда әдебиеттерге шолу, «Күй құдіреті» әдеби сазды кеш, «Күй әлемінің жұлдызы», «Пернедегі аңыз» әдеби-сазды қонақжай, «Дала дауылпазы-Құрманғазы» атты ғажайып шеңбер, И. Кенжәлиевтің «Қос ішек» кітабы бойынша конференция, «Үзілмеген күй ғұмыр» атты портреттік кеш т.б. шаралар өткізілді.

Әйгілі домбырашы Құрманғазының шығармашылығын насихаттау мақсатында, 1933 жылы Алматыда қазақ халқының тарихында тұңғыш рет кішігірім домбырашылар оркестрі құрылды. Оркестр құрамында музыка-драма техникумының бірнеше студенті және халық музыкасының шеберлері Ұлықпан Мұхитов, Қали Жантілеуов, Уақап Қабиғожин, Науша Бөкейханов, Габдильман Матовтар болды. Оркестрдің дирижері мен көркемдік жетекшісі ретінде Ахмет Жұбанов тағайындалды.

Оркестр репертуарында «Серпер», «Адай», «Көбік шашқан», «Ақбай», «Сарыарқа» деген күйлер болды. Құрманғазы туындыларынан басқа Дәулеткерейдің «Қос алқа», «Қыз Ақжелен» күйлері, «Толқын», «Қызыл бидай» халық әндері оркестр репертуарын толықтырды.

Алғашқы жылдары оркестр Қазақстан облыстарына концерттік бағдарламалармен шығып жүрді, Кейін Шымкенттегі қорғасын зауытына да, Ащысай кеншілеріне де, Гурьев мұнайшыларына да, Каспиий балықшыларына да барды.

Кейінгі жылдары оркестр Мәскеу қаласындағы қазақ өнері мен әдебиетінің екі онкүндігінде өнер көрсетті. 1936 жылдың мамыр айында КСР Одағының Үлкен театрында өткен қорытынды концертте Ахмет Жұбановтың жетекшілігімен Құрманғазының «Сарыарқа», «Адай», «Серпер», «Балбырауын» күйлерін орындады. Мәскеуліктер ұлы композитор шығармаларын үлкен ынтамен әрі қызығушылықпен тыңдады.

Құрманғазының асқақ рухы бір ғана музыка саласына сиятын құбылыс емес. Мұндай тегеурінді дарынның болмысы біртұтас ұлттың рухани болмысына айғақ бола алады. Ұлт тағдырындағы тарихи ұлы өзгерістердің барша қуаныш-қайғысы қашанда біртуар перзенттерінің тағдыр-талайымен шендесіп жатады. Бұл, орайда, Құрманғазы өзінің қайталанбас өнерімен ғана емес, өмірімен де туған халқының бүкіл қасиетіне, сол бір алмағайып аласапыран кезеңнің хал күйіне ең жарқын айғақ бола білді. Ол өзінің қанатты күйлерімен поэзиядағы Махамбет сияқты, ғылымдағы Шоқан сияқты, майдан даласындағы Кенесары сияқты, өршіл рухына қылау түсірмей, замана тауқыметін қайыспай арқалап ғұмыр кешті. Міне, Құрманғазының дәл осындай образы бірнеше жыл өткен соң Абай атындағы академиялық опера және балет театрының сахнасында «Құрманғазы» операсында сомдалады. Бұл идея Ахмет Жұбановтың ойынан шығады. Ахмет Жұбанов Құрманғазы жайлы алғашқы либреттоны Мұхтар Омарханұлы Әуезов жазады деп ойлағанымен, бұл арман жүзеге аспайды.

Ұлы композитор – күйші образы барлық жанрында шарықтау шегіне жеткен Қазақстанның бейнелеу өнерінде де қалды. Құрманғазы бейнесі мен тақырыбын ашуда көптеген қазақстандық суретшілер еңбек етті. Олардың алғашқысы Әубәкір Ысмайылов болды. Ысмайыловтың таланты көп қырлы, ол көркем сурет, акварель, графика жанрында жұмыс істейтін суретші. Қазақстанның өнер тарихына  Ысмайылов  тұңғыш режиссер, театр актері, балетмейстер және биші, музыка және би өнерінің фольклорын жинаушы, тіпті киноактер ретінде енді.

Қазақтан Құрманғазы есімін жоғары бағалайды. Көптеген көшелер, консерваториялар оның атымен аталған. Қазақ мемлекеттік академиялық оркестріне, Алматы мемлекеттік консерваториясына, балаларға арналған музыкалық мектептерге, жас орындаушылар конкурстарына оның аты берілген. Қазақстанның мәдени орталығы болып саналатын Алматы қаласында ұлы композитор есімі әртүрлі тәсілдермен мәңгі есте сақталған. 2012 жылдың 18 сәуірінде Алматыдағы Құрманғазы ескерткішінің салтанатты ашылуы өтті. Сонымен бірге Алматыда Құрманғазы атындағы көше бар. Атырау қаласында күйшіге арналған ескерткіш 2000 жылдың 4 шілдесінде ашылды. 2008 жылдың желтоқсан айында Астраханьда Құрманғазыға қола атты ескерткіш қойылды.

Музыка ерте замандардан бері қазақ халқымен бірге. Халықтың ерен еңбегі, тұрмыс-тіршілігі, оның көп ғасырлық тарихы музыкада көрініс тапты.

Қазақ музыкасы бай, жарқын әрі ерекше. Ол Батысқа да, Шығысқа да түсінікті.

Әйгілі француз жазушы және музыкатанушысы Ромен Роллан қазақ музыкасының жинағымен танысып, оны құрастырушы Александр Затаевичке былай деп жазған: «Сіздердің байтақ далаларыңызға әсемдік беретін әуенге таң қалдым. Мен олардың маған таныс болып көрінгендігімен таң қалдыс. Мен бұл әуендердің біздің Еуропалық музыка фольклорына жақындығын сеземін…» [4, 129-б.].

Құрманғазының күйлері қазақ халқы шығармашылығында аса маңызды тарихи орын алады. Ол өз туындылары арқылы халқымыздың мәдени дамуына қомақты үлес қосты.

Тағдырдың ең бір қиын бұралаңдарында халқының бойына қуат берген, жігерін жанумен болған Құрманғазы күйлері келер ғасырлардағы толқын-толқын талай ұрпаққа ата–бабаларының мұңы мен шерін, арманы мен рухын ұмыттырмай, үнемі құлағына құюмен болары анық. Жер бетінде Қазақ елі тұрғанда, осынау мәңгілік сарын да ешуақытта үзілмейді.

Ұлт тағдырындағы тарихи ұлы өзгерістердің барша қуаныш-қайғысы қашанда біртуар перзенттерінің тағдыр-талайымен шендесіп жатады. Бұл, орайда, Құрманғазы өзінің қайталанбас өнерімен ғана емес, өмірімен де туған халқының бүкіл қасиетіне, сол бір алмағайып аласапыран кезеңнің хал күйіне ең жарқын айғақ бола білді. Ол өзінің қанатты күйлерімен поэзиядағы Махамбет сияқты, ғылымдағы Шоқан сияқты, майдан даласындағы Кенесары сияқты, өршіл рухына қылау түсірмей, замана тауқыметін қайыспай арқалап ғұмыр кешті.

Жауап берді: Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірбаяны – көрнекті қазақ демократ-ақыны

$
0
0

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың сан қырлы және әртүрлі жанрлы бай мұрасы – XX ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің ерекше құбылысы, қазақ халқының рухани мәдениетінің маңызды бөлшегі.

Сұлтанмахмұт Торайғыров қысқа өмірінде көптеген маңызды шығармалар жазғаны соншалық, ол ұлттық мәдениет тарихында құрметті орынға ие болды. Өмірлік жолында кездескен қиындықтарға төтеп беріп, Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің қайсар мінезін көрсетті. Ақынның өмірде ұстанған ұраны, оның білімге, ғылымға, өнерге деген талпынысы бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтқан емес.

Сұлтанмахмұт Торайғыров – қазақ әдебиетінің тарихында өшпестей із қалдырған Абайдан кейінгі қазақ ақыны, екінші ағартушы.

Ол қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп, ерекше көзге түскен бірден-бір ақын. Сол уақытта жаңа, белгісіз жанрда өлең жазған ақынның әртүрлі шығармалары бар, атап айтсақ: екі роман, бес поэма, көптеген өлеңдер, мақалалар, очерктер және публицистикалық шығармалар.

С. Торайғыровтың шығармашылық мұрасын әдеби тұрғыдан зерттеу XX ғасырдың 30-жылдарынан басталды. Сұлтанмахмұт жайлы алғашқы мақалалардың авторлары І.Жансүгіров, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, А.Адалис, И.Маслова, Қ.Дәукенов, С.Айтмұқанов және т.б. болды.

Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақ поэзиясына айтарлықтай үлес қосты, оның өлеңдері қазақ әдебиетінің асыл қазынасы енді, бірнеше ұрпақтың игілігіне айналды.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылығы еркін қоғам туралы асқақ арманға қанық. Оның болашаққа ұмтылған әдеби мұрасы өсіп келе жатқан ұрпақты патриотизм мен  Отанға деген махаббатқа тәрбиелеудің адамзаттық мәніне ие.

«Қараңғы қазақ көгіне

Өрмелеп шығып күн болам,

Қараңғылықтың көгіне

Күн болмағанда кім болам?

Мұздаған елдің жүрегін,

Жылытуға мен кірермін».

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Сұлтанмахмұт Торайғыров 1893 жылы 28 қазанда Баянауыл ауданында малшы отбасында дүниеге келген. Әкесі-Әубәкір кедей болған, бірақ хат таныған адам. Бір жасында анадан айырылып, жетімдікті көріп өседі. Қуанышсыз балалық шақ, жартылай аш өмір — осының бәрін Сұлтанмахмұт басынан өткерді. Хат тануды ол әкесінен, кейін (1902-1907) молдадан үйренді.

Қараңғы қазақ көгіне,

Өрмелеп шығып күн болам.

Қараңғылықтың көгіне,

Күн болмағанда кім болам, - деп жырлаған ақынның шын мәнінде де, бүгінде қазақ аспанындағы рухани сәуле шашып тұратын ең жарық күндердің бірі болып мәңгілікке қалғанына ешкімнің де таласы жоқ екені анық.

Аз жасағанына қарамай, ол қазақ поэзиясы мен прозасын жаңа сатыға көтеріп кетті. Реалист-ақын XX ғасырдың әдебиетінде жаңа жанрлар туғызды, роман жанрының, реалистік поэманың қалыптасуына әсер етті. Оның адам өмірінің мән-мағынасы жайлы “Адасқан өмір” поэмасы, XX ғ. басындағы қазақтың іріп- шіріген билеуші табының ескен, тәрбие алған ортасы, ескілікке қарсы үн кетерген “Қамар сұлу” шығармасы, жастарды асқақ қиял, зор талапқа бастайтын лирикасы – оны қазақ әдебиетіндегі демократтық әдебиеттің ірі өкілі етті [1, 56-б.].

Сұлтанмахмұт шығармаларының тақырыбы – өз заманының шынайы көріністері, қазақ халқының сол бір аласапыран кездегі тұрмысы, ой-арманы. Ол өмір шындығын Абай үлгісінде бейнеледі. Сыншыл көзбен қарады. Өйткені өмірді жақсарту мен адамды түзеу, ең алдымен, ондағы кемшіліктерді әшкерелеп, сын тұрғысынан бағалап, одан арылудың жолын іздеуден басталады.

Сұлтанмахмұттың лирикалық өлеңдерінің сипаты әр алуан. Оларда өмір тауқыметінен шаршаған ақынның қайғы-мұңы да, өкініш-наласы да, халықтың басындағы ауыр халге жүрегі сыздаған аяныш пен жанашырлық сезім де, болашаққа сенген, сол үшін күрескен азаматтық перзенттік патриотизмі де бар. Бірақ ақын өлеңдеріндегі мұң-зар жігерсіз, жасық қайғы емес. Ақын алдағы өміріне зор үмітпен қарайды.

1908-1910 жылдары Сұлтанмахмұт Баянауылдағы медреседе оқиды. 1911 жылы Троицк қаласынан көрші ауылға келіп, молдалық құрған Нұрғалидан дәріс алады. Нұрғалидың көмегімен бұл кезде ол қазақ, татар тілінде шыққан кітаптарды, газет-журналдарды көп оқиды. Өлең, әңгіме жазуға ден қояды. Білімі толысып, өнерге құштарланған Сұлтанмахмұт қаламынан бұл кезеңде "Дін", "Сарыбас", "Соқыр сопы", "Кезек қашан келеді", "Оқу"атты бірқатар өлеңдер мен "Зарландым"деген әңгіме туады. Оларда талапкер ақын ескі оқу мен жаңа оқудың айырмасы, өнер мен білімнің пайдасы, байлық пен кедейлік, т.б. туралы толғанады.

 1912 жылдың күзінде Сұлтанмахмұт оқу іздеп Троицк қаласына барып, осындағы медресеге түседі. Қуанышында шек болмайды. Көңілін шабыт кернеп, "Оқудағы мақсат не?", "Анау-мынау", "Қандай?", "Зарлау"тәрізді бірқатар өлеңдерін жазады.

Әйтсе де бұл медреседе көп оқи алмайды. Туберкулез індетіне шалдығып, 1913 жылы Троицкідегі оқуын тастауына мәжбүр болды. Амалсыздан Троицк маңындағы қазақ ауылдарына барып, бала оқытады. Өзі де көп оқиды, өлеңдер жазады. Осында жүріп "Ауырмай есімнен жаңылғаным"– деген белгілі әңгімесін жазады. 1913 жылдың күзінде Троицкіге қайтқан Торайғыров «Айқап» журналына жауапты хатшы болып жұмысқа орналасып, «Өлең һәм айтушылар», «Ауырмай есімнен жаңылғаным», «Қазақ тіліндегі өлең кітаптары жайынан», «Қазақ ішінде оқу, оқыту жолы қалай?», т.б. әңгіме, мақалаларын осы журналда жариялайды.

Ақынның 1912 жылдан бастау алатын шығармашылығының жаңа кезеңінде Абай, Ыбырай негізін қалаған ағартушылыққа бет бұрды, жастарды оқу-білімге шақырды. «Туған айдай болып туып, күнді алуға бел буады», тұрмысты жеңуде жігерленіп, ақиқатты табу жолында талмай ізденуді мұрат тұтады. Алғашқы үгіт мәндес өлеңдерінен кейін ақын лириканың өрісін кеңейтіп, лирикалық кейіпкердің жан сырын, іс-әрекетін суреттеуге ұмтылады. Оның жырларынан тағдырға мойынсұнбай, қасарыса алға ұмтылатын, ауыртпалыққа қарсы тұрар өжет мінез көрінеді. Осы кезден бастап ақын шығармаларында ескіні сынау бой көтерді. Ол қазақ арасында көп кезігетін келеңсіз мінездер мен кертартпа әдет-ғұрып салтына қарсы күреседі. Табиғат, махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінде ақын адам сезімін қоғамдық көзқараспен, әлеумет өмірімен байланыста қарайды. Ескіге қарсы көзқарас оны қоғамдағы әділетсіздікпен қақтығысқа алып келеді.

«Айқап» журналында жұмыс істеген жылдары (1913-1914) Торайғыров өлең мен әңгімеден басқа, бірқатар сыни мақалалар жазды (олардың арасындағы ең едәуірлері: «Қазақтың өлең жинақтары жайлы», «Әндер мен оны орындаушылар», «Қазақтарды оқыту жүйесі»), онда оқыту жүйесін жетілдіру қажеттілігі жазылған.

Сұлтанмахмұттың "Қамар сұлу" (1914), "Кім жазықты?" (1915) романдары қазақ әдебиетінің даму тарихынан елеулі орын алады. Көркем прозаның туу, қалыптасу кезеңінің бастауында дүниеге келген бұл романдарда өз заманының ащы шындығы бейнеленеді. Сол дәуірдегі әйелдердің бас бостандығы, қоғамдағы әлеуметтік әділетсіздік мәселелері мен жаңа психология арасындағы тартысты, қоғамдағы адамдардың түсінік-танымындағы кереғар құбылыстарды бейнелеу арқылы Сұлтанмахмұт туған халқының болашағы туралы толғанады.

1914 жылы революцияға кейінгі кезеңнің ең үздік туындысы «Қамар сұлу» романы жарық көрді. «Қамар сұлу» романы қазақ әдебиетінде мәні зор туындылардың бірі.

Жазушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың “Қамар сұлу” романын басшылыққа ала отырып басқада ақын – жазушылардың шығармаларымен салыстыра отырып, кейіпкерлер портретін, мінез – қылығын сол сияқты тағы басқа қырынан ашуды жөн көріп отырмыз. С.Торайғыровтың осы тұста жазған алғашқы эпикалық туындысы «Қамар сұлудың» да негізгі тақырыбы. Бұл тұрғыдан оны әлеуметтік роман есебінде қарауға әбден болады. Автор роман сюжетін қазақ әйелінің теңсіздіктегі күйін көрсетуге құрғанмен, сол оқиғаға байланысты бүкіл қазақ қоғамының тіршілігін, ұғым-нанымын терең бейнелейді, ескі ауылды құрт аурудай жайлап есеңгіреткен, тоздырып бара жатқан әдет – ғұрыптың кертартпа жақтарын әшкерелейді.

Осыған жалғас жазылған «Кім жазықты?» романы да Сұлтанмахмұттың өз дәуірі туралы толғанысын тереңдете ашуға арналады. Сол негізде феодалдық – патриархалдық қоғамның күйреуін көрсетеді. 1916 жылы «Кім жазықты?» өлеңдер желісінде құралған романды жазумен өтеді. Мұнда ол қазақ қоғамы жайлы ойларын ел тағдырын ұстап тұрған белді адамдардың бейнесі арқылы көрсетеді, олардың өмір жолы, тәрбиесі, ісі, мінез – құлқы жан – жақты суреттеледі. Жасынан тәрбиесіз өскен бай баласы Әжібайдың жеке өмірі де, қоғамдық – болыстық қызметі де халық көңілінен шыға алмайды. Ол зорлық – зомбылықты, қара күшті жақтап, өзі тектес әлділермен байланыс жасап, іргесі шайқалған шаруасын реттеуге, ауылға кіре бастаған жаңалықтарды өршітпеуге, тіпті қуып шығуға күш салады. Жазушы Әжібайды жеке адам ғана емес, қазақ қоғамын салмағымен басып қорғап, жанаруына бөгет болып отырған ауыртпалықтың жиынтық бейнесіне көтереді.

Бұл романдар – дәуірдің тарихи тақырыбын тап баса білген жаңашыл шығармалар. Әрине, ақын тарихшы емес. Ол тарихи оқиғаны түгендемейді. Мәселе – заманның рухын, дәуір сырын аңғартар моменттерді де дәл басып, оған тән белгілерді айқындауда. ХХ ғасырдың басындағы қазақ ауылы өмірін, ескілшілдік жайлап тозып, іріп бара жатқан салт – сананың көріністерін энциклопедиялық суреттелген іргелі туындылар, ол көпті қинаған шындықты ашынып, батыл, ашық айтып, онымен күреске шықты. Бұл – Сұлтанмахмұт реализмінің ең бір биікке көтерілген тұсы. Мұның бәрі Сұлтанмахмұттың жаңа жол – «шындықтың аулын іздеуге» ұмтылуының заңдылығын көрсетеді.

Әр ақынның тағдыры әртүрлі жағдайда қалыптасады. Тұқымы топыраққа түсіп, оңай өнім беретін де, талмай ізденіп, қиыншылықпен алыса жүріп шындық жолын табатын да ақындар болады. Сөйте жүріп олар өз тағдырын өзі жасайды. Сұлтанмахмұт осы соңғы жолмен жүрген ақын. Ол өз өмірін өзі, өз өлеңімен жасады. Ақынның шығармашылық жолын қадағалай қарап, өлеңдерінің жазылу ізімен жүрсеңіз, бұған көзіңіз әбден жетеді. Сұлтанмахмұт көрген өмір азабы, жоқшылық, жас таланттың соған қарамай ізденіп шарқ ұру іздері – бәрі оның шығармаларында сайрап жатыр. Бұл жағынан оны өмірі мен тағдыры өлеңінде өрілген ақын деп айтуға әбден болады.

Шындықты іздеу жолында талант иесі әлеуметтік-саяси, философиялық әдебиетпен таныса бастайды, жалпы күрес алаңындағы өз орнын табу үшін заманның күрделі мәселелерін шешу керек. Оптимизм мен Отан болашағына деген сенімге толы шығармаларды Торайғыров өмірінің соңғы жылдарында, ауыр індетке шалдыққанда жазды. «Егер де сен өміріңді арманға арнасаң...» Торайғыровтың лирикасы тақырыбы бойынша әр алуан: азаматтық және философиялық өлеңдер бар, махаббат пен табиғат жайлы өлеңдері көп. Алайда, бастапқыда айтылғандай, Сұлтанмахмұт азаматтық ақын болды [2, 389-б.].

Сұлтанмахмұт әлеуметтік-саяси лирикаға бір жақтылық сипат берді. «Тағдыр», «Айт», «Кедей», «Оқудағы мақсат не?» және т.б. өлеңдері қоғамдық тәртіпсіздікке қарсылығымен ерекшеленеді.

Сұлтанмахмұт өз елінің адал азаматы болды. Ол халықтың басындағы ауыр қасіретті терең түсінді. Зорлық пен зұлымдыққа қарсы айбынды үн көтерді. Ақын, әсіресе, рухани езудің тілсіз құрбандығы болған қазақ әйелінің ауыр тағдырын тебірене жырлады. Оның «Қамар сұлу» сияқты шығармалары ашынған жүректің қанымен жазылды. «Кедей» поэмасы қазақ еңбекшісінің ауыр халін, қазақ сахарасындағы езушілікті аяусыз әшкереледі. Кемеңгер ақын өз қоғамының барлық құбылысын көрсете білді. Оның шығармалары алған мәселесінің кеңдігі, тереңдігі жағынан Абай дәстүрін ілгері дамытты. Сұлтанмахмұт қазақ әдебиетінің Абайдан кейінгі ең биік асқары. Ол қазақ өмірінің шындығын жырлаған нағыз ұлттық ақынымыз еді. Өзімен тұстас ақынның ешқайсысы да дәл Сұлтанмахмұттай поэзиясын жалпы халықтық дәрежеге көтере алған жоқ.

«Адасқан өмір», «Кедей» поэмаларының негізгі сарыны қоғамдағы әділетсіздік себептерін ашу, теңдікті іздеу болып табылады. Ақын бұл жайларды қазақ ауылы шеңберінен шығып, капиталистік қоғамға тән мәселелер ретінде қозғайды.

«Адасқан өмір» (1918) - Торайғыров шығармашылығының зор табысы. Мұнда ақын аз ғұмырында көзімен көріп, ойымен түйген, білім-білігімен таныған тұрмыс өткелдерін өзіне ғана тән асқақ үнмен ашына, ақтара жырлайды. Поэманың лирикалық кейіпкері түрлі кәсіппен шұғылданса да, ешбірінен қанағат, теңдік таппай, әділетті қоғамды аңсайды. Шығармада ақын түсінігіндегі болашақ жаңа қоғамның бейнесі жасалады. Шығарманың негізгі идеясы адам өмірді өз тілегіне бағындыра алады және соған ұмтылуға тиіс деген оптимистік қорытындыға саяды. Поэмада күрделі философиялық ой-толғамдар басым.

Ақынның «Адасқан өмір» пайымдауы бойынша жарық дүниеде себепсіз жарала салған, жоқтан бар болған ештеме жоқ. Жалғанда қанша жан бар? Адам дейсің бе, маймыл дейсің бе? Әлде мал дейсің бе? Не ағаш, не шөп туралы әңгіме қозғап, сұрақ қойсаң да мейлің. Бәрі де белгілі бір себептің жемісі екені дау туғызбайды. Соншалық жан иелерінің ішінде адамның алатын орны бөлек. Табиғатта оның ми күші жетпеген құпия сырлар жылдан-жылға азайып барады. Дүниедегі бар нәрсені түрлі-түрлі түстерге енгізіп, себепті қолдан жасауға да адамның күші жетеді.

Поэма бес тараудан тұрады: «Мен — бала», «Мен-жігіт», «Мен — тоқтадым» «Мен— кәрі», «Мен - өлік». Ақынның ойынша, адамға туғанынан бастап адамгершілік тазалық, таза ой тән. Мұндайда бәрі тең: бай да, кедей де, христиан да, мұсылман да. Адам табиғаты бойынша мейірімді және рақымды, оның бойында керемет қасиеттер көп, алайда бұл оның «дәстүр, құдай, хан және алтын» билігіне түскенге дейін жалғасады [3, 24-б.].

Бұл қазақ ақыны Сұлтанмахмұт ғана емес, жалпы адамзат ұлы гуманистерінің арманы болғанын кім бекер дей алады? Адамзат қоғамының, елдер мен халықтардың тарихы олардың бастарынан кешірген үлкенді-кішілі оқиғалардың жай тізбегі емес, әділдік пен озбырлықтың, адалдық пен арамдықтың күрес тарихы. Озық ойлы, ақ ниетті адамдар жоғарыда Сұлтанмахмұт суреттегендей қоғамды аңсаған. Замандастарын сондай қоғам құруға жан сала шақырған. Бұл жолдың сайрап жатқан даңғыл жол болмағаны, ол жолға түскендердің көп қарсылықтарға кездесіп, көп адасқаны белгілі. Кезінде көп адамға дұрыс көрінген қоғамдық құрылыс, оның заңдары уақыт талабына жауап бере алмай мансұқ етілген де, басқа бір қоғамдық құрылыс, басқа бір заңдармен ауыстырылған. Өз заманын талмай таразылаған ғұламалар, саясаткерлер, қоғам қайраткерлері жаңа идеялар ұсынған. Олардың ой-пікірлері миллиондардың санасын билеп, әркімнің өз ойы, өз пікірі болып материалдық күшке айналған. Халықтың жаппай толқу, көтерілістері билеушілердің біреулерін лақтырып, олардың орындарына басқаларын отырғызған. Бір ғажабы, «бұл күнде адасудан көз ашпадым» деп Сұлтанмахмұт айтқандай, адамзат қоғамы қаншама көп ізденсе, соншама көп адасуды бастан кешірген.

«Кедей» поэмасының бас кейіпкері де өз ортасынан әділдік таппайды, қоғам мен адам арасындағы қайшылықты бітіспес күреске ұластырады. Некрасовтың «Кому на Руси жить хорошо» поэмасының кейіпкері сияқты кедей еш жерден бақыт таппайды: ал байдың малын бақты, шахталарға түсті, бақытсыздық пен қасірет бүкіл жерде оның жазмышына айналды. Кедей тұрмысының өмірлік көріністері өте анық суреттелген. Ең құрымағанда, аштықсыз қалыпты адам өмірін іздеуде мақсатына қол жеткізген жоқ [4, 109-б.].

Ұзақ түн, жолдасым жоқ иттен басқа,

Бүтін киім менде жоқ жаурамасқа,

Бір бүтін, кірсіз киім кигенім жоқ,

Туғаннан міне шықтым талай жасқа.

Өкпемнен барады өтіп күзгі суық,

Бір жағынан қышытып биттер буып,

Бит жеген, ескі күпі жабағысы

Жөргекке оралғанда іштен туып.

Бұл битке сонан бері денем азық,

Көбінесе сондықтан да жүрмін азып.

Туысымен көргенім бәрі бейнет.

Тумай жатып қылып ем қандай жазық?

Жұрт айтады: «Еңбек қып, ерінбесең,

Маңдай термен ас тауып адал жесең,

Қызмет қылған байыңнан алғыс алсаң,

Ол сені алдап, арбап кетсе де есең,

Сонда сен көгерерсің»,— дейді халық,

Көп өмір өтпеді де бұған нанып?

Ес біле басталғаннан бері қарай

Бір тыныш жаттым ба, ұйқым қанып?

Мұның бәрі Сұлтанмахмұттың жаңа жол – «шындықтың аулын іздеуге» ұмтылуының заңдылығын көрсетеді. Өзінің тегі жағынан Қамар бай қызы, бірақ өз әлінше оқыған, өмірді танитын қыз. Ол қазақ әдебиетінде көрінген жаңа тұлға, жаңа характер. Алғашқы кезде ол ұяңдау болып көрінеді. Басына күн туып, ескі салтпен айқасқанда ғана Қамар өршелене бастайды. Сөйтсе де ол махаббат сезімінен құр емес. “Ахметтің алғашқы хатында оқығанда, ол бір қызарып, бір сұрланып, жүрегі кеудесіне сыймай қысылып, қарап тұрып бір тынымсыздықта қалады”. Мұнда пәк сезім, шын сүюдің белгісі бар. Бірақ оны терең ойға батыратын нәрсе – өз ойы, арманы мен қоғам салты арасындағы зор қайшылық. Тағы мұнда «Қамар сұлу» романында теріс сипаттарын көреміз. Мынау залымдықты көргенше, қаңғып өлейін. Мұны Ахметтің кетер алдында Қасен деген досына жазған хатында байқаймыз. Шыдай алмай күйіп – жанып кеттім қашып, Қамауға көре күйік жан таласып. Бұл күнде өлетінім сол қайғыдан, Қамардың халін ойлап жаным ашып дейді. Оқуды сылтау қылып, екі жүз шақырым жерден шаһарға кетті. Бұл арадан Ақметтің Қамарға деген сезімі бар және ғашығы үшін қиналуы, жаны ашуын байқаймыз. Енді бірде Қамардың қандай халге түскенін байқайтын болсақ, мына шумақтан көреміз. Қорлықты зорлықпенен көрген Қамар, Амалсыз бәріне де көнген Қамар Айдай әлем аузының суын құртып, Арманда арсыздардан өлген Қамар.

Ал романның басындағы Қамар портретін ақын былай суреттейді. Бастапқы келтірген шумаққа қарағанда мұнан мүлде өзгеше, оны мына шумақтан аңғарамыз. Жіңішке сымға тартқан әні қандай, Бал ауыз, балбыраған тәні қандай. Ақыл-ой, мінез-көрік түгел келіп, Толысып, толып тұрған сәні қандай. Сұлтанмахмұт Торайғыров жоғарыда келтірілген екі шумақта Қамардың портретін сәтті суреттеген. Жаңа заманның қызының бейнесін ашуға ден қойған. Ақын кешегі еркін де балғын өскен сұлу қыз, озбырлыққа душар болып, бақытсыздыққа ұшыраған сәтін байқатса. Мұндағы қарсыласқан екі түрлі портрет автордың осы гуманистік, азатшылдық идеясын береді. Осындай мысал келтіретін болсақ Міржақып Дулатовтың “Бақытсыз Жамал” романындағы Жамал бейнесін алатын болсақ. Жамал – өз тағдыры үшін күресуге дайын, сауатты, саналы қыз. Бақыт жолында қандай қиындыққа да қарсы тұратын қайсар жан. Жамалдың рухани жан дүниесі, ішкі әлемі ғашығына жазған өлең хатында ашылады. Осындай дәрменсіздікті біз Ахмет сүйгеніне қолы жетпей арманда кеткен Қамар сұлудан да байқаймыз. Ағатай болдым ғашық мұрыныңа, Көк бурыл иектегі құрымыңа. Кірпідей аяқ – қолы жиырылған, Қосылар күн бар ма екен тұлыбыңа, – деген Қамар өлеңінен Нұрымды сүймейді тіпті мейлінше жек көреді. Оның кәрілігін, ұсқынсыздығын мазақ етіп, өлең шығарады.

Нұрым мен Оспанның жауыздығын әшкерелейтін осы өлеңде халықтың басына төнген ауыртпалықтың мұңлы сарыны байқалады. Ақын Жорға Нұрым бейнесін Қамар арқылы тіпті аша түседі. Ол Қалтан мен Оспан арқылы Қамарды ризашылықсыз, күшпен айттырады. Қамардың наразылығымен есептеспей, оны зорлықпен тартып әкетеді. Осындай қым – қиғаш қайшылықтар арқылы ақын әр нәрсенің бетін ашып көрсетеді. Осындай келеңсіз қатыгез алаяқ жауыздардың қолына түскен Қамардай қыздың бүкіл өмірі, қазақ қыздарының басындағы ең бір қиын жағдайда өмір кешкен бақытсыз махаббаттары үшін күрескен жаңашыл жастарды ақын қинала суреттейді [5, 56-б.].

Романда Нұрымды суреттеуінің өзі – ақ оның ебедейсіз, дөрекі, зұлым екенін бірден байқатады. “Бұл өзі жеті атасынан бері уызы арылмаған, бағы таймаған, қолынан ұры кетпеген, бір жақсылық етпеген, басы сәждеге тимеген, жамандықтан басқаны сүймеген, бірді – бірге атыстырып, елді қан жылатумен шынжыр балақ, шұбар төс, қанды ауыз атанған бір жауыз еді” десе, екіншіден, “Құр Нұрымның залымдығы мен атағы болмаса, әліпті таяқ деп білмейтін надан, пішіні де жаман, ауызы толған боғауыз бен былш – былш насыбай, ішпей мас, әрі нас, елу шамасында жасы бар, қойсақтардың басындай басы бар, жай форымның өзі сұп – суық, бүйі секілді, түксиген, күпсиген, бұқа мойын, өгіз құрсақ, алақан көз, жайын ауыз, дорба сақал, тоқпақ мұрын, бір түрлі нысаналы жануар еді”. Үшіншіден, Феодалдық ғұрыптың барлық тізгінін қолына берік ұстанған ол – елді жеп, қан қақсатып жүрген адам. Елдің оған шығарған бір шумақ өлеңінен де байқауға болады. Халқыңды қан жылаттың, Жорға Нұрым, Болдың ғой заманында сорға Нұрым. Оспан деген жұтқышы тағы шықты, Бара – бара қайтерсің, қайран күнім [6, 253-б.].

Сұлтанмахмұт поэзиясы - ақындық шеберліктің, ұлтжандылықтың, азаматтықтың мектебі. Шынайы ақындарымыздың бәрі де мың бейнелі классиктердің ізбасарлары екені де даусыз. Қайталама басылымы қарымсыз әрі тым сирек, насихатталуы да мардымсыз, зерттелуі ауыз жарытпастай аз болса да Сұлтанмахмұт мұрасына деген халық құштарлығы қашанда биік! Жастай жабысқан дерт – сырқаттық, жоқшылық пен тапшылықтың қасіретінен діңкелеп жүрсе де, мойымай қыруар білім теріп, өнер ізденіп, өлең шыңдап, өзіне дейінгілер көтерілген өр асқарларға құлаш ұрып, қыз бұрымындай қысқа ғұмырында тыңнан сөз асылдарын жасап үлгеру - ерлік емес пе?!

Сұлтанмахмұт өз заманының рухын мейлінше кең көрсете білген классик ақын. Қазақтың классикалық поэзиясының ардақты өкілі. Біз ұлы ақынның есіміне бас иеміз. Осындай дана ақынымыз болғанына мақтанамыз.

Азамат ақын қазақ халқының бақытты, мәдениетті ел болуын өмірлік арман етіп еді. Сол үшін де, ол өзіне «қараңғылықтың көгіне күн болмағанда кім болам» деп өршіл мақсат қойған болатын. Халықтың ғазиз ұлының сол арманы қазір орындалды. Қазақ халқы мәдениетті, азат ел болды.

Сұлтанмахмұттан зор әдеби мұра қалды. Бұл халқымызға қалдырған ақынның аманаты. Сол мұраны қадірлей білуіміз, оның алтын нәрін ала білуіміз керек. Шығармалары халықтың рухани өміріне терең қабысқан ақын мұралары әрбір оқушыға қымбат, әрі сүйікті. Сұлтанмахмұтқа берілген ең үлкен баға да осы. Мұндай сүйіспеншілікке әдебиеттің асқан алыптары ғана ие бола алады. Сол алыптың бірі – қазақтың халықтық, классик ақыны – Сұлтанмахмұт. Ол қазақ әдебиетінің көгіндегі жарық жұлдыздың бірі. Қазақ халқы мәдениеттің биігіне өрлеген сайын, өткендегі мәдениет күрескерлеріне, ақындарына өшпес ескерткіш жасай береді. Ол ескерткіш ақынға деген халық махаббаты.

Жауап берді: Күләш Байсейітова өмірбаяны – танымал опера әншісі, драма актрисасы

$
0
0

Күләш (Гүлбахрам) Жасынқызы Байсейітова – кеңес әншісі (лирико-колоратуралық сопрано). СССР халық әртісі. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің 1-3 шақырылымының депутаты. 1925-1928 жж. Алматы педагогикалық техникумында және қазақ драма театры жанындағы музыкалық драмалық студияда оқыған. 1930 жылы Күләш Байсейітова Қызылордада 1926 жылы құрылып, 1929 жылы Алматыға көшірілген М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына түседі. Мұнда ол Б. Майлиннің «Майдан» пьесасында Пүліштің, Н.В. Гогольдің «Үйлену тойындағы» Агафия Тихонованың, М. Тригердің «Сүңгуір қайығындағы» Клавдияның, Қ. Бәйсейітов пен А. Шаниннің «Зәуресіндегі» Зәуре, Мұхтар Әуезовтің «Еңлік-Кебегіндегі» Еңліктің рольдерін ойнап, сахналық тамаша қабілетімен танылады. Қыз Жібек, Хадиша, Ақжүніс, Айша, Сайра (композитор Е.Г. Брусиловскийдің Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер-Тарғын», «Золотое зерно», «Гвардия, вперёд!»), Зере (Н. Ручьёвтың «Бекет»), Ажар (Г.Жұбанова мен Хамидидің «Абай»), Сара (М.Төлебаевтың «Біржан және Сара») партияларының бірінші орындаушысы.

Алғаш рет Қазақ музыка театрының шымылдығы 1934 жылы «Айман-Шолпан» (М. Әуезов, И. В. Коцых) музыкалық комедиясымен ашылғанда, Күләш басты рольді үлкен шеберлікпен ойнап, Айман бейнесі арқылы қазақ қыздарының ар-намыстан жаралғандай парасатты болмысын шабытпен тұлғалайды. Мұнан әрі Күләштің ғажайып қабілеті мен дарыны Б. Майлин мен И. В. Коцыхтың «Шұғасындағы» — Шұға, Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсындағы – Жібек образдарын сомдау барысында одан әрі жарқырап ашыла түседі. Бұл рольдер арқылы оның бойындағы әншілік-артистік қабілеттің ғажайып мүмкіндіктері барша болмысымен көрініс тауып, қазақ сахна өнерінің соны табысы ретінде жұртшылықтың ықылас-ілтипатына бөленді. Ол жаңа қаз басқан қазақ сахна өнерінің шын мәнінде тірек тұлғасына, ұйтқысына айналды. Аз уақыт аясында Е.Брусиловскийдің «Жалбыр», «Ер Тарғын», «Алтын астық», «Гвардия алға», А.А. Зильбердің «Бекет», И.Н. Надировтың «Терең көл», А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», Төлебаев «Біржан-Сара», ПуччиниД. Ж. Пуччинидің «Чио-Чио-Сан», П.И. Чайковскийдің «Евгений Онегин», А.Рубинштейннің «Демон» сияқты операларында басты рольдерде ойнап, басты вокальдық партияларды орындап, қайталанбас хас шеберлігімен танылды. Бір-біріне ұқсамайтын кереғар образдар, иірім-қайырымы әр алуан вокальдық партиялар Күләштің көп қырлы, алуан сырлы дарынының арқасында алмастай жарқырап ашылып, эстетикалық эмоциялық қуаты мейлінше тегеурінді образдар галереясы жасалды.

«Опера – бұл музыка мен драманың синтезі, біз оны сахнада
аша білуіміз керек». 
Күләш Байсейітова

Күләш Байсейітова 1912 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында Тоқырау өзені жағасындағы шағын ауылда дүниеге келген (ресми деректер бойынша Верный қ. (қазіргі  Алматы). 1928  жылы Қазақ драма театры Қызылордадан жаңа астана – Алматыға көшеді. Күләштің әншілік өнерге бейімділігі жас кезінен-ақ байқала бастаған. Оның бойындағы қабілеттің ұшталуына ән мен күйге жүйрік әкесі Жасынның да әсері зор болған. Жеті жылдық мектеп бітірген соң Күләш Қазақтың педагогикалық институтына түсіп, мұндағы көркемөнерпаздық үйірмесіне белсене араласады. Қала жастарының өнер байқауларында әншілік дарынымен көзге түседі. Содан 1930 жылы Қазақтың тұңғыш драма театрының тобына қабылданады. Күләш осы театрда жұмыс істей бастайды. Ол уақытта театрда өтетін кештердің бірінші бөлімі шағын пьесалардан құралатын, екінші бөлімінде театр артистерінің қатысуымен әнші, биші, домбырашылардың концерті қойылатын. Күләш спектакльдерде де, концерттерде де өнер көрсетті. Ол кезде Күләш халықтық дәстүрге сәйкес қазақ әйелдеріне тән әндерді қоңыр дауыспен айтатын. Кешікпей-ақ Күләштің шын табиғи дауысы – жіңішке колоратуралық сопрано екені анықталды.

Қазақтың көрнекті әншісі Күләш Байсейітова – асылында Қазақстанда аты аңызға айналған тұлға. Небәрі 45-жасқа созылған қысқа ғұмырында ол жұлдыздай жарқырап халық сүйіспеншілігіне бөленді. 20-ғасырдың музыка мәдениетінде пайда болған жаңалықты халқы ардақтаған Күләш Байсейітованың дарыны мен асқан өнері “заңдастыра” түсті.

Д.Дианти, З. Писаренко сынды кәсіби вокалистер Күләштің даусын қоюмен жұмыс жасады. Б. Майлинның пьесасы бойынша қойылған “Шұға” спектаклінен бастап Күләш жіңішке дауыспен ән салды. Ол саналы түрде халық мәнеріне жақын ашық дауысты сақтады. Ғажайып талантымен орыстың дәстүрлі әншілік мектебі мен қазақтың ұлттық ән салу ерекшеліктерін табиғи байланыстырып, сабақтастыра білді.

Күләш Бәйсейітова концерттік әнші ретінде де дүние жүзіне танылған қайталанбас дарын иесі бола білді.

Образдардың табиғатын тап басып тану, ол танығанын өмірлік шынайы шеберлікпен жеткізе білу, әсіресе туа біткен әншілік қабілеті кейіпкер болмысын аша түсуі де Күләштің сахна өнері үшін жаралған жан екенін әйгілей түседі. Республика Күләш есімін жаңа қырынан таныды, халық “қазақтың бұлбұлы” деп өз атағын берді. Ал, 1934 жылы ресми түрде Қазақ ССР-ына еңбек сіңірген әртіс деген бірінші құрметті атағын алды [1, 281 б.].

Е.Г. Брусиловский жазған бірінші қазақ операсы «Қыз Жібектің» қойылуы қазақ музыка мәдениетінде үлкен тарихи оқиға болды. Ол уақытта бағдарламаға бұл халық әуені Е.Г. Брусиловскийдің өңдеуінде деп көрсетілетін. Бірінші қазақ операсының әуенін (оған 50-ден аса халық әндері мен күйлері кірді) бірінші орындаушылар өздері таңдап, іріктеді. Әрине, олардың арасында Күләш та бар. Мәскеудегі қазақ өнерінің декадасы күндері (1936 ж.) Қыз Жібек бейнесін сомдаған Күләш тыңдарман жұртшылықты таң қалдырды. «Қыз Жібектің» биік деңгейге көтерілгендігі сондай Кеңестер одағындағы №1 басылым «Правда» газетінде жазған мақаласында Городинский: «Қыз Жібектің ең жақсы көріп салатын әні «Гәккудің» өзі тамаша ән, ал енді соны Күләш айтқанда, тіпті керемет жандандырып жібереді…» - деп жазады. Міне, сол кездерде қазақтарды бұратана халық санаған орыстардың өзі осындай жоғары баға берген. Демек, талант ел мен жерді талғамайды, керісінше барлық өнер сүйер қауым сол талант иесін өзі таңдап, талғап, тауып алатындығын көрсетеді, – дейді.

Күләш Байсейітованың дарыны көп қырлы. Ол драмалы спектакльдерді айрықша орындаушы республикамыздың тұңғыш кәсіби деңгейдегі концерттік және опералық қазақ әншісі. Қазақ халқы Күләш арқылы дүниежүзінің классикалық операсы мен көптеген халықтардың музыкасын таныды. Замандастары дүниежүзілік мәдениетті тануда Күләш атымен байланыстырады. Оның дауысы – қазақ даласындай кең де биік, ұлттық нақышы айрықша болғандықтан, орындаған әндері қазақ халқына жақын әрі түсінікті еді.

«Күләш екеумiз театр табалдырығын бiрге аттадық. Әуелгi кезде, неге екенiн қайдам, ешбiр рөл бермедi бiзге. «Алып кел, шауып кел» деген тәрiздi кiрiп-шықпа көрiнiстерде, көпшiлiктiң арасында жүретiн едiк. Оған бола намыстанған жоқпыз, атақты ағайлардың санатында жүргенге мәзбiз», – деп еске алады театр табалдырығынан аттаған алғашқы жылдар туралы Күләшпен өнер әлемiне егiз қозыдай қатар келген бишi Шара Жиенқұлова. (Шара Жиенқұлова, «Өмiрiм менiң – өнерiм» 27-бет.). Күләш пен Шара, бiр қызығы, алғаш рет сахнаға шыққанда да бiр рөлдi бөлiсiп, алма-кезек ойнап жүрген. Ол – М.Тригердiң «Сүңгуiр қайығындағы» матрос баланың рөлi болатын. Шара Жиенқұлова еске алатындай, бетiн қап-қара қылып бояп алып, кеменiң басқышымен әрлi-берлi өрлеп, сахнадан бiр-екi рет жүгiрiп өтетiн матрос бала болып шығудың өзi оларға кәдiмгiдей арман болады. Бiрi – бишi, бiрi – әншi, қазақ өнерiнiң екi бiрдей алып арнасын бастаған екi тұлға осылайша бiр рөлдi «бөлiсiп», кейде, тiптi таласып жүредi.

Осылайша, драмалық әртiс ретiнде сахнаға шығып, өнер ауқымы кеңейiп, актриса ретiнде шыңдала бастаған Күләш ақыры өзiнiң керемет дауысымен қазақ опера театрының алғашқы әншiлерiнiң бiрiне айналды.

Әуелi Күләш 1933 жылы Қазақ драма театры жанынан ашылған музыкалық-драмалық студияда бiршама өнерiн жетiлдiрген. Ұзамай Қазақстан К(б)П Өлкелiк комитетiнiң қаулысы бойынша республикада тұңғыш музыкалы театр ашылатын болды. Бұған дейiн ән мен жырдан кенде болмаған қазақ, әрине, драмалық театрдың өзiмен жаңа қауышып жатқан. Драма театры алғаш рет сол кездегi ел астанасы – Қызылордада 1926 жылы ашылған болатын. Ал ендi музыкалы театр дегенге сахнада жүрiп, бiраз шыңдалу мектебiнен өткен өнер иелерiнiң өздерi жатырқай қарады. Бiр мезгiлде ән айтып, сонымен қоймай образ да сомдайтын қойылым тың, бөтен болып көрiндi. Тума таланттар Құрманбек Жандар-беков, Қанабек Байсейiтов, Манарбек Ержанов, Шара Жиенқұловалар қатарлы Күләш та сол театрда қызмет ететiн болып бөлiндi. Қанабек, Күләш, Манарбек – әншi, ал Құрманбек Жандарбеков әрi режиссер, әрi әншi болып бекiтiлдi.

Бұл шешiммен сол кездегi Республика Халық ағарту комиссары – нарком Темiрбек Жүргенов таныстырған. Ол театр әртiстерiн өз бөлмесiне шақырып, қабылдап, жаңалықты жария еткен болатын.

Сонда: «Құрмаш, опера деген не? Әндi гармоньмен айтамыз ба, әлде скрипкамен айтамыз ба?» – деп сұрады дейдi Күләш Құрманбектен.

Операға қатысып көрмесе де, оның не екенiнен хабардар Құрманбек Жандарбеков: «Опера деген – ешбiр қара сөз жоқ, басынан аяғына дейiн әнмен айтылатын спектакль. Жүз шақты музыкант ойнаушылар қосылып әндерiн, арияларын жетелеп, әншiге сүйемел жасайды. Оны «оркестр» дейдi», – деп жауап берген көрiнедi.

Осылай өнер әлемiне қазақ операсының дәнi себiлдi. Күнi кеше «опера деген не?» деп сұрап отырған Күләш Жасынқызы опера театрының жарық жұлдызына айналды.

Әуелде мецо-сопраномен ән шырқаған Күләштiң таңдайының құрылысы өзгеше болған дейдi бiлетiндер. Ал дауыс танитындар оның аса жоғары ноталарды қиналмай алатын лирикалық-колоратуралық сопрано екенiн кешiкпей аңғарды.

Сүйсiнерлiгi, опера және балет театрының алғаш негiзi қаланып, әншiге де, бишiге де Мәскеуден ұстаз шақыртып, өнердi жетiлдiру жүрiп жатқанда Күләш Д. Дианти, З. Писаренко, В. Смысловскаялардан дәрiс алған. Алайда, операны орыс мектебiнен үйренсе де, өзiнiң қазақтың әншiсi екенiн ұмытпады. Ол операны орыс арқылы сiңiре отырып, қазақи болмысқа сай әндi ашық айту принципiн ұстанып қалды. Табиғилықтан ажырамаған, өзiне жасандылық таңғысы келмеген қазақ операсының патшайымы бұл қадамға саналы түрде барған. «Осылай айтсам, қазақ халқының қабылдауына жақын әрi түсiнiктi болады» деп мәлiмдеген.
Сөйтсе де, Күләш қазақ композиторларының туындыларымен шектелiп қалған жоқ. Өзiнiң музыкалық терең бiлiмi жоқ екенiне қарамастан, ұлттық операмен қатар орыстың, одан арғы батыс елдерiнiң шығармашылығына ден қойды.

Қазірге дейін халық жадында Күләш сомдаған Қыз Жібек, Хадиша, Ақжүніс, Ажар, Сара бейнелері қалды. Күләш арқылы қазақ халқы алғаш рет классикалық операдағы әйелдер бейнелерін танып, сүйіспеншілікпен қабылдады. "Өр көкірек Қыз Жібек пен зұлым, азғырушы Ақжүністің рөлін жасауда,- дейді әнші,- мейірімді Хадиша мен "Даиси” деп аталатын грузин операсындағы Маро немесе "Чио-Чио-сандағы” аянышты Баттерфляй, болмаса өр мінезді Татьянаның (Евгений Онегин) бейнесін сомдағанда мен адамзат жайында ән саламын”.

Әнші гастрольдерге жиі шығып, көптеген мемлекеттерде шырқатып ән салды. Концерттік репертуарында қазақтың халық әндері мен дүниежүзі халықтарының әндері негізгі орын алды. Күләштің осындай сапарлары арқасында дүниежүзі Қазақстанның бай мұрасымен танысып, еліміздің мәртебесі асқақтай түсті. Оның бүкіл әлемге танымал ардақты есімі ұлтымыздың ұлылығымен мәңгілігінің символындай қастерлі. 

Күләш Байсейітованың еңбегін үкімет жоғары бағалады. Ол Жібек, Ақжүніс, Сара, Пүліш, Еңлік, Айман, Шұға, Хадиша, Айша, Ажар, Наргиз, Зере партияларын ойнаған. Бұлбұл, Гауһартас, Қазақ вальсы, Гәкку әндерін, Жалбыр, Ер Тарғын, Алтын астық, Гвардия алға, Терең көл операларын орындаған Ұлы Отан соғысы жылдары майдандарда жүріп, жауынгерлерге концерт қойды. Еңбегі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлығы, Ленин, Еңбек, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Қаз КСР-нің жоғары кеңес депутаты, Бейбітшілікті қорғаудың қазақстандық комитетінің мүшесі, 1936 жылдан КСРО халық артисі болды [2, 3 б.].

Күләш Байсейітова – СССР Мемлекеттік сыйлығының екі мәрте лауреаты (1948, 1949), бірнеше рет Қазақ ССР Жоғарғы Советіне депутаттыққа сайланды, Мемлекеттік сыйлық тағайындау комитетінің мүшесі болған. Қазақтың театр қоғамының ұйымдастырушысы және тұрақты басқарушысы қызметін атқарған. Екінші дүниежүзілік бейбітшілікті сақтау конгресінің жұмысына қатысқан.

Сауаттылық, білімділік, халықтың ұлттық ерекшеліктеріне ұқыптылық таныту Күләштің қазақ әндерін араб тілінде, ал орыс тілінде кириллицамен көркем жазғандығынан байқалады. Ол орыс тіліндегі әндердің алғаш орындаушысы, қазақ театрының сахнасында ұлттық және классикалық операның басты кейіпкерлерінің образын алған жасаушы. Егде жастағы Қазақстандықтар сахнада рольді беріле ойнап, өз кейіпкерлерінің көңіл-күйін шынайы көрсете білген, залды біресе күлдіріп, біресе жылатқан талдырмаш әйелді жақсы таниды. Оның ойнаған спектакльдерінен алған әсер бір ай жететін. Себебі ол сахнада ол ойнамады – театр сахнасында өз өмірін қалдыра отырып, өз кейіпкерлерінің өмірін сүрді.

Күләш Байсейітованың мұрасын сақтап қалу мақсатында әншінің барлық жазбалары бар диск шығарылған. Бұл дискіге негізінен Қазақ радиосы қорынан, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Орталық Мемлекеттік мұрағатының кино-фото құжаттар мен дыбыс жазбалары қорынан алынған әншіні әр қырынан танытатын орындаулары енген. Оның орындауындағы драмалық спектакльдер (“Жамбыл” спектакліндегі Л.Хамидидың музыкасы ), қазақ опералары (Е.Брусиловский жазған “Қыз Жібек”, “Ер Тарғын”, “Жалбыр”; А. Жұбанов пен Л. Хамидидың “Абай”; М.Төлебаевтың “Біржан мен Сара”), дүниежүзінің классиктерінен (З. Палиашвили “Даиси”), әншінің концерттерде орындаған әр халықтың әндері) қазақтың “Еллигәй”, “Шилі өзен”, орыстың “Колокольчик”, поляктың “Шла девица”, чехтың “Пастушок”, армянның “Ласточка”) және Күләштың даусына арнайы шығарған қазақ композиторларының шығармалары енді (Е. Брусиловский “Қос қарлығаш”, Л. Хамиди “ Сайра”, “ Бұлбұл”).

Қазақстандықтар ұлы әншіні қашанда ардақтап, есіне мәңгі сақтауда. Оның құрметіне Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ССР мемлекеттік сыйлығы тағайындалды. К.Байсейітованың есімімен Алматының бір көшесі және арнайы музыкалық мектеп аталады. Жыл сайын Қазақстанда К. Байсейітова атындағы вокалистердің байқауы өткізіліп тұрады. “Қазақ бұлбұлы” атанған әнші есімі Республикамыздың жаңа астанасының опера театрына да берілген.

Сонау Италияда туған опера өнерi қазақ топырағына кейiндеу келiп, кенжелеп дамыса да, қазақ әншiлерi ешкiмнен кем болған жоқ. Тiптi, қазаққа операны сiңдiрiп, «қолжалғау» болған, операдағы орыс мектебiнiң өз бастауынан су iшкен мәскеулiк әншiлер де қазақтың дүлдүлдерiне жол беруге мәжбүр болды. Опералық туынды өзiнiң түпнұсқа тiлiнде айтылуы керек деген талап қойылғанға дейiн бұл саланың әртiстерi өз партияларының либреттосын аударылған тiлде айтып жүрген. Бiрақ, талап күшейтiлiп, тек түпнұсқа сөзбен айту керек дегенде де, тiл бiлмейтiн Күләшқа өзге тiлдегi туындының iшiнде өз партиясын қазақша орындауға жол берiлдi. Мұның да мәнi сол өнердiң құдiретiнде. Күләштiң керемет дауысы мен ерекше талантында.

Сол талант, табиғи дауыс талайларды тамсандырып өттi.
«Күләтай, ән салшы, «Дүние-айды» мен үшiн бiр орындап берсең, – деп жанын қоймаймын. «Дүние-ай» – «Қыз Жiбек» операсындағы ару Жiбектiң қоштасу зары, соңғы финал. Неге екенiн, Күләш осыны айтса, мен жылаймын. «Өзiң де жылайсың ба?» деп сұраймын. «Е, жылаймын!.. Жарық дүниемен қоштасып жатқандай сезiнем өзiмдi», – дейдi. Сонда менiң жаным түршiгiп кететiн…

Асыл құрбым зарықтырмады, бастап кеттi. Сыбызғының уiлiндей шымыр да есiлген жiбек арқандай жұмсақ нәзiк үн төңiректi тербеп алып кеттi.

Қарлығаштың қанаты кешкi тымықты тызылдата қалықтап тұрып

алушы едi ғой, Күләштiң дауысы сол дерсiң!

Айдын көлде қос аққу сыза жүзiп, махаббат жырын толғамаушы ма едi, – Күләштiң дауысы сол дерсiң!

Сыңсыған қамысты көлде, түн ауа бере құстар дүниесi шуылдап, сазды оркестрге салып айналаны азан-қазан еткенде, iшiнде бiр құс саз сырнайдай бiр әуездi құйқылжытпай ма, Күләш – бейне сол!».

Бұл да жазушы Ғабит Мүсiрепов жазғандай, «сахна төрiнде жарқырап көрiнген қос жұлдыздың» бiрi – Шара Жиенқұлованың құрбысы жөнiнде жазғаны. (Шара Жиенқұлова, «Өмiрiм менiң – өнерiм», 47-бет.) Алтын қорда сақталып қалған өз дауысымен орындаған 65 әнi арқылы ғана бiз бiлетiн Күләштiң өнерiне, дауысына бұдан басқа «диагноз» қою мүмкiн емес сияқты.

Рас, «Ән салу – Күләшқа демалыс. Кәдiмгi тыныс алу сияқты» дейдi әншi туралы «Бұлбұл» атты кiтаптың авторы, журналист Сара Латиева. Ал жазушы Ғабит Мүсiрепов 1972 жылдың өзiнде «Қазақ әдебиетi» газетi арқылы: «…Айман, Қыз Жiбек, Қадиша, Шұға, Ақжүнiс, Баттерфляй, Маро, Ажар, Сара… Бұл рөлдерде Күләштен кейiн ойнаушылар сахнада жүргенде Күләштiң iзiмен жүретiндей, Күләшқа ұқсап күлетiндей сезiледi. Көркемөнерде кiмге болса да ұқсауға тырысу – ең үлкен қате, өзiңдi өзiң қорлайтын қате. Үйрену жолы бұл емес. «Күләштай қайдан болсын, Қалекеңдей қайдан болсын» дейтiн наразылық сол «iзбаспадан» туады» – деп, Күләшқа ешкiмдi теңгере алмайтынын жеткiзедi.

Жарқ етiп жұлдызы жанысымен-ақ, өзiне тиiстi абыройды да, атақты да алған әншi өмiрден озғаннан кейiн де құрметке кенде болған жоқ. Оның есiмiмен аталатын елiмiздiң iрi қалаларында көше де, музыкалық оқу орны да, театр да (елордада), тiптi, арнайы әншiлерге берiлетiн атақ та бар. Ал Ыбырайдың «Гәкку» әнi сол бiр гәкку-ғұмырдың белгiсiне айналып кеттi.

Мүсiреповтей жазушының Күләштi «Чудо» деп ешкiмге теңгермеуi, Оны бәрiнен биiк қоюы – әншiге қаламгердiң ғана емес, бүкiл қазақтың берген бағасы. Олай дейтiнiмiз, Алатауда биiктiгi 3450 метр болатын бiр шың Күләш Байсейiтованың есiмiмен аталады. Бүгiнгi қазақ операсындағы әншiлердiң бәрi сол Күләш шыңына шығуға ұмтылады. Күләш – опера ән-шiлерiнiң бәрiнiң алғашқы ұстазы секiлдi.

Ұлы қазақ әншісі жайлы «Қазақфильм» киностудиясында режиссер М. Мусин 2004 жылы «Күләштің ауылы» киносын түсірді. Күләш Байсейітованың сиқырлы даусының құпиясын білу үшін М. Мусин қазақ бұлбұлының отанына – Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданындағы Тоқырау өзені жанындағы ауылға барды. Режиссердің айтуы бойынша, фильм тек әнші туралы ғана емес, сондай-ақ, Күләш арқылы қазақ халқының музыкалық қабілетін көрсетуге деген ұмтылыс болды. Ақтоғайда оны құрмет тұтады, сүйсінеді және сыйлайды. Ақтоғай даласында халық әндерін орындау нақышының ерекше тәсілі бар – көмек арқылы айту. Мұндай нақыш алтайлық, тувалық әнішілердің ән айтуына ұқсайды. Бірақ олардан ақтоғайлықтардың ерекшелігі өте жоғары ноталарды алатындығында. Режиссер М. Мусин мұндай дауыстардың қалыптасуына ән айту дәстүрінің сарыарқалық – далалық нақышын сақтау әсер етеді деп есептейді. Онда тек әйел дауыстар ғана емес, сонымен  қатар, еркектердің дауыстары да бар.

А.И. Мұхамбетова – музыка танушы, өнертану ғылымдарының докторы, профессор Ақтоғай даласында халық әндерін орындауда қандайда бір табиғи фактор бар деп есептейді: бала жастан бұл дауыстардың қалыптасуына ауа құрамы мен жез иондары бар су құрамы әсер етеді. Және елді мекендер жез кен орнына жақын орналасқан. Тіпті, «жезтаңдай» деген тіркес те бар. «Жезтаңдайлар» өте жоғары дауыспен ән айтады. Бұл – гипотеза [3, 5 б.].

Күләш Байсейітова есімі Алматы қ. музыка мектеп-интернатына берілген. 2011 жылы 15 қыркүйекте К. Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған музыка мектеп-интернатының гүлзарында әншінің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында оның қоладан жасалған ескерткіші орнатылды. Ескерткіштің ашылуы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын тойлау аясында болып өтті. 1948 жылдан бері мектептен 20 мыңнан астам түлек ұшырылды, олардың басым көбі халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары мен дипломанттары болып табылады. Мектепте осы жылдар ішінде Нұрғиса Тілендиев, Айман Мұсақожаева, Жәния Әубәкірова, Марат Бисенғалиев, Базарғали Жаманбаев сияқты танымал музыканттар оқып бітірген. Мектеп Қазақстанның музыка өнерінің дамуына үлкен үлес қосты. Бұл музыканттар мен орындаушыларды дайындайтын республикадағы жалғыз элиталық музыка мекемесі болып табылады. 

Ұлы актрисаның лайықты ізбасары бар – Раушан Қанабекқызы Байсейітова, Қазақстанның халық әртісі, танымал балерина, мемлекеттік сыйлық лауреаты, «Халықтар достығы», «Құрмет» ордендерінің кавалері, халықаралық конкурстардың лауреаты, профессор. Ол КСРО Үлкен театры жанындағы Мәскеу академиялық хореография училищесін бітірген. Атақты А. Вагановадан, Е. Жемчужинадан және С. Мессерерден тәлім алған. Абай атындағы опера және балет театрында Раушан «Бахчисарайский фонтан, «Франческа де Рамини», «Лебединое озеро», қазақ балеті «Ақсақ құлан» сияқты спектакльдерде негізгі партияларды ойнады.

Әншінің мерейтойы аясында республика бойынша салтанатты шаралар болып өтті. 2012 жылы 11 сәуірде Күләш Жасынқызы Байсейітованың 100 жылдығына арналған «Күләш – ғасыр бұлбұлы» атты салтанатты шара өтті. Бұл шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҚР Ұлттық мұрағаты, К. Байсейітова атындағы опера және балет театры, «Республикалық Астана қаласының әйелдерінің кеңесі» РҚҰ ұйымдастырды.

Қонақтарды ұлттық костюмдегі қыздар қарсы алды. Алатау аясында ғимарат қабырғасына орнатылған К. Байсейітованың Қыз Жібек роліндегі портреті алыстан-ақ көрініп тұрды. Алматыдан, Астанадан, Қарағандыдан, Балқаштан және Ақтоғай ауданынан келген құрметті қонақтардың, қоғам өкілдері мен БАҚ қатысуымен КСРО халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық лауреаты Күләш Байсейітованың өмірі мен қызметі туралы көрменің салтанатты ашылуы болды.

Деректі көрме бойынша саяхатты мұрағаттың бас сақтаушысы М.Есмұханова пен мұрағат бөлімінің бастығы И.Бабаев өткізді. Бұрын жарияланбаған фотосуреттер, наградалық құжаттар, Күләш Жасынқызының жылнамалары, оның жеке заттары – алтын жүзіктер, тақиялар, хрусталь құмыралар, оның  1948 жылғы портреті, әртүрлі газеттер мен журналдарда жарияланбаған мақалалар, кітаптар көрермен назарына ұсынылды. Ұйымдастырушылар «Біздің Күләш» атты деректі фильмді ұсынды.

Бұл шараға қатысушылардың пікірі бойынша Қыз Жібек роліндегі әншінің сұлулығы мен жанды даусын, оның Захария Палиашвилидың «Даиси» операсынан орындаған «Маро» ариясын, «Қыз Жібек» операсынан «Гәккуді», Л. Хамидидің «Бұлбұл» әнін, польшаның «Шла девица» әнін толқымай, тебіренбей, сүйсінбей тыңдау мүмкін емес болды.

Салтанатты шара аяғында К. Байсейітова атындағы балет және опера театрының әртістері Күләш Байсейітованың репертуарынан әндер мен арияларды орындады [4, 4 б.].

Әншінің мерейтойына арналған келесі шара – музыкалық фестиваль 2012 жылдың 12 қазанында Күләштің отаны – Қарағанды қаласында өтті. Шараға қатысқан Қазақстанның, Ресейдің, Әзірбайжанның опера сахнасының саңлақтары планканы халықаралық деңгейге көтерді. «Қазақ Гәккуі - Күләш» атты музыкалық фестиваль «Шалқыма» концерт залында өтті. Оған Қазақстан Республикасының халық әртістері, К. Байсейітова атындағы республикалық конкурс лауреаттары Нұржамал Үсенбаева, Дина Хамзина, Медет Чотабаев, Жұпар Ғабдуллина және т.б., Әзірбайжаннан Илах Эфендиев және Ресейден Виктор Алешков қатысты. Кеш жүргізушісі Юрий Аравин Күләштің ел мәртебесі екендігін, Қазақстанның музыка өнерінің тарихындағы тұтас кезеңді бейнелейтіндігін атап өтті. Сондықтан оның мерейтойы, сөзсіз, барша ел үшін айтулы күн. 

Нұржамал Үсенбаева өзінің журналистерге берген сұхбатында Күләш Байсейітованың ол үшін үлгі тұтар тұлға және ұлы әнші ғана емес, сондай-ақ, тамаша актриса екендігін баса айтты. Опера әншісі үшін сахнада образ жасай білу керек, ал ол мұныжасай білетін. Опера – музыка мен драма арасындағы байланыс, біз тек даусымызды ғана емес, сондай-ақ, образымызды да жеткізе білуіміз керек. «Қыз Жібек» операсына қатысу және Күләштің өзі – оның шығармашылығындағы басты уәждеме және бұл ол үшін үлкен құрмет.

Мерекелік салтанат Ақтоғай ауданындағы Күләштің ауылында жалғасын тапты. [5, 2 б.].

Жезтаңдай әншінің мерейтойы тек Қазақстанда ғана аталып өткен жоқ. К. Байсейітованың шығармашылығын зерттеумен TURKSOY этномәдени экспедициясы айналысады. Қазақ опера әншісі Күләш Байсейітованың мерейтойына орай ТЮРКСОЙ Опера өнерінің күндері болып өтті. 8 елден 14 музыкант қатысқан фестиваль Түркияның Кадыкей қаласында Сүрей Паша атындағы опера ғимаратының сахнасында болды. Бұл түркі тілді орындаушылар арасындағы тұңғыш музыкалық фестиваль еді. Бұл халықаралық шараға Қазақстаннан Амантай Ибраев, Балапан Жұбаева, Нарұл Тойкенов, Әсел Тарабцевалар қатысты.

Аты аңызға айналған опера әншісінің өмірі туралы Оралда және Мәскеуде 2013 жылы тағы бір фильм түсірілді. Бұл «Хабар» агенттігінің жаңа жобасы болды. Идея авторы – танымал продюсер және тележүргізуші Баян Есентаева. Оның айтуы бойынша, жоба мақсаты тәрбие беру және ағартушылық болып табылады. Бүгінде дәл осындай тұлғалар өскелең ұрпаққа үлгі болады. Дегенмен небары 24 жасында аты тек КСРО ғана емес, шетелдерге де танылған әншінің есімін білетін жастар аз. 

Жүректің лирикалық қылдарын тербететін әннен асқан не бар?! Құстың сайрағанын еске түсіретін, қайталанбас колоритке ие, жеңіл әрі мөлдір дауыс иесі, «қазақ бұлбұлы» Күләш Байсейітова тыңдармандарға әуенді жеткізе білді.

Күләш туралы сөз болғанда «тұңғыш» сөзі қоса жүреді. Ол - фортепиано аккомпанементімен және симфониялық оркестр сүйемелдеуімен ән салған тұңғыш қазақ актрисасы, ол қазақ, мәскеу, грузин театрларының сахнасында «Евгений Онегин», «Чио-Чио-Сан», «Абай», «Биржан мен Сара», «Даиси» және т.б. сияқты классикалық опера мен жас музыкалық қазақ театрында барлық спектакльдерде басты рольдерді ойнаған тұңғыш орындаушы. Ол – орыс тіліндегі және әлем халықтарының әндерін орындаған тұңғыш орындаушы, танымал қоғам қайраткері болған Тұңғыш қазақстандық әйел. Ол – Шығыс бұлбұлы!

Жауап берді: Иоганн Гёте – неміс ақыны, мемлекеттік қайраткер, ойшыл және табиғат зерттеуші

$
0
0

Германияның ұлы ақыны және ең керемет ойшылдарының бірі Иоганн Вольфганг Гётенің есімі адамзат мақтан тұтатын ең үздік есімдер қатарына жатады. Оның өмірі мен шығармашылығы феодалдық, дворяндық-монархиялық Европаны буржуазиялық-капиталистік Европаға өзгерткен соғыстар мен революциялар катаклизмімен  тығыз байланысты.

Жеңіске жету риясыздығы емес, керісінше, барлық мүмкін жолдармен және тәсілдермен шындықты қоймай іздестіру, шындық үшін күресу – Гётенің жан-жақтылығын істе көрсетті. Гете поэзия туралы пайымдауында: «Әлем қаншалықты ұлы және бай, өмір қаншалықты көп қырлы. Менің өлеңдерімнің бәрі жағдайдан туған. Олар шындықтан шабыт алған, соған негізделген, соған құштарланған» – депті. Оның түрлі әдебиет жанрлары мен ғылыми пәндерге жүгінуі әрдайым мазалаған сұрақтардың шешімін табуға ұмтылысымен тығыз байланысты: жоғарғы мақсатқа ғана отырып, адам қалайша өмір сүру керек? «Шексіз, дыбыссыз сөйлейтін табиғатпен қарым-қатынасқа түсе отырып», оның «ашық құпияларын» құмарта түсініп, Гёте адамзаттың тарихи тұрмысының «жұмбағын» шешуге де ұмтылды.

Гёте жастық шағынан өмірінің соңына дейін қарапайым халқын жан-тәнімен сүйді, оның еңбегін, тәніндегі күші мен адамгершілік қуатын  құрметтеді. Халық арасындағы кемістік пен мардымсыздықтың ешқайсысы оны тоқтата алмады. Ол адам бойындағы пасық неміс болмысынан, ажырамас кедейлік пен құлдық кедейлік әсерінен болған бөгде, жаман қылықтардан дұрыс түйір таба білді. Гёте шаруа, орманшы, кенші сияқты қарапайым адамдардың еңбек және отбасылық өмірін бақылауды жақсы көрді. Гёте сауаты ашылмаған қарапайым халықтан өзінің жоғары екендігін ұмытпаған Вольтердей емес, ол үшін халық абстрактілі түсінік болған жоқ.

Халықпен осылайша ұштасу, халықпен, оның өмірлік қызығушылығымен, қуанышымен және қайғысымен өзара пікірлесу Гётенің рухани демократизмінің, жоғары гуманизмге толы бүкіл шығармашылығының және қоғамдық-саяси қызметінің берік негізі болды. Осыдан болар, Гретхен (Фауст) мен Клерхен (Эгмонт), Марианна (Вильгельм Мейстер), Филимон мен Бавкида (Фаусттың екінші бөлімінің 5-көрінісі) сияқты тартымды және әсерлі кейіпкерлер – халық арасынан шыққан кейіпкерлер. Олардың бәрі мейірімсіз қанаушы жаққа тап болып, құриды. Ұлы ақын басынан өткерген трагедиялық концепция осындай.

Сонда да «Фаустты» жаратушының бойында жарқын болашаққа деген сенім («Азат жерде халық та азат») жоғалмады. Алайда бүгіннен бастап ол ақын санасында бүкіләлемдік адамзат тарихындағы шалғай болашақта ғана көрініс тапты.

Кто жил, в ничто не обратится!
Повсюду вечность шевелится,
Причастный бытию блажен!
Оно извечно...
Гёте

Иоганн Вольфганг Гёте — жаңа замандағы неміс әдебиетінің негізін қалаушы, ойшыл және табиғаттанушы, Петербург ҒА шетелдік құрметті мүшесі (1826). 1749 жылдың 28 тамызында Франкфурт-на-Майн атты ескі неміс сауда қаласында, ауқатты бюргер Иоганн Каспар Гётенің отбасында дүниеге келіп, 1832 жылдың наурызында Веймарда қайтыс болады. Гётенің әкесі тақуалы, қатал, адал адам болған. Одан ұлына білімге деген құштарлық, әр нәрсеге егжей-тегжейлі көңіл бөлу, тиянақтылық және табандылық дарыған. Анасы баласының бойынан оқиғалар жазуға деген махаббат оятты, Гёте үшін ол жүрек жылулығының, даналық пен қамқорлықтың үлгісі болды.

Гётенің үйінде үлкен кітапхана да болды, соның арқасында жазушы «Илиадамен», Овидийдің «Метаморфозаларымен» ерте танысты, Вергилий мен басқа да замандас ақындардың  шығармаларын түпнұсқа күйінде оқыды. Оның әкесі өз мүддесін қанағаттандырмаса да, балаларына көп мүмкіндік беруге ұмтылды және олардың білім алуына мүмкіндік жасауға тырысты.

Иоганн Гёте ақындық шығармашылыққа ерте бейімделді. Ол жеті-сегіз жасында ежелгі тілдер – латын және грек тілдерін меңгеріп үлгерді, неміс тілінен басқа, итальян тілдерін де үйренді. Иоганн сонымен бірге би, атпен жүру және семсерлесу сабақтарын алған. Әкесінің жетекшілігімен ақыл беретін тақырыпта латын және неміс тілдерінде әңгімелер жазды, табиғат сұлулығына қызығатын. Он алты жасында Гёте Лейпциг университетіне аттанып, жоғары білімін Страсбург университетінде 1770 жылы аяқтады, мұнда ол құқық докторы дәрежесіне диссертация қорғайды. Сонымен бірге ол оккультті философиямен, астрологиямен айналысады, орта ғасырдың алхимия трактаттарын оқиды. 1769 жылы оның «Новые песни» атты алғашқы өлеңдер жинағы жарық көреді.

1770 жылдың басында жаңа бастап жүрген ақын юриспруденциялық білімін жалғастыру үшін Страсбургке аттанады. Сонымен қатар, Гёте химия, медицина, филология дәрістеріне де қатысады. Страсбургте Гёте Зазенгеймдегі пастордың қызы Фридерика Брийонмен танысады. «Письма в стихах, так называемые «Зазенгеймские песни» деп аталып, ғашығына арналған, өлең түрінде жазылған хаттар 1775 жылы жарыққа шығады. Жырлардың басты тақырыбы (неміс әдебиетінде алғаш рет) бозбалалық күйзеліс болып табылады, бұл алдағы әдеби дәстүрдің күрт кереғар болуына септігін тигізді.

1770 жылдың қыркүйек айында Страсбургке философ және сыншы И. Г. Фон Гердер келеді, ол  Гётенің бойында готикалық сәулет өнері мен халық поэзиясына деген қызығушылық оятады. Гёте Гомерді, Оссианды, Кельт эпостарын оқиды. Жаңа бастап жүрген ақын философтан сол кезде неміс сахнасында басым болған француз театрына сыни қарауды қабылдайды. Француз классицизмінің «дұрыс» театрына қарама-қарсылық ретінде Гердер Гётеге Шекспир театрын көрсетеді.

Көбінесе шекспирлік драмалық дәстүрге сүйене отырып, 1771 жылдың қараша айында Страсбургтен Франкфуртке келгенде Иоганн Гёте «Гец фон Берлихинген» атты алғашқы едәуір пьеса жазады (1774 жылы қойылды). Гец фон Берлихинген – шынайы тарихи кейіпкер, Гёте оған XV және XVI ғасырлардағы мемлекеттік құқық тарихының мәселелері жөніндегі диссертациясымен жұмыс істегенде ден қойды. Ұлы шаруалар соғысы кезінде (1524-1526) шаруалар жағында болған Берлихинген «мейірімді немістің», батыр-патриоттың, парасатты, адал, ер жүрек, еркіндік сезімі кернеген тұлғаның мінсіз үлгісі болды. Ақын оны Гец деп атаған және оны (Гецті) замандастар еліктеу үлгісі ретінде қабылдады, ал пьесаның өзі Гердера мен И.Г. Мерк айналасында қалыптасқан жас әдебиетшілердің саяси ангажирлеу қозғалысының манифесі болды. Қозғалыстың басқа қатысушыларымен бірге, Гёте «О немецком духе и искусстве» памфлетін (1773), қозғалыстың бағдарламалық құжатын жазуға атсалысады [1, 51-б.].

Гётені зерттеушілер оның бастапқы шығармаларының  еліктеушілік сипатқа ие екендігі жайлы алдын ала болжам жасайды. «Die Mitschuldigen» (Совиновники) комедиясы, пастораль «Die Laune des Verliebten» (Каприз влюблённого), «К луне», «Невинность» және тағы басқа өлеңдері рококо әдебиетіне тән. Гёте өзіндік ерекшелігін ашпайтын бірқатар шығармалар жазады. Рококо ақындарындағыдай, оның махаббаты – сезімдік жұбаныш, табиғат – шеберлікпен орындалған декорация; ол рококо поэзиясына тән поэтикалық формулаларды шебер қолданады, александриялық өлеңді және т.с.с. жақсы меңгереді. Гете табиғатты сан түрлі бояулармен, кескіндеумен бірге, сол сезімді жүрек сәулесімен нұрландырып, керемет жырға айналдырды.

Гётенің Гердермен кездесуі оның шығармашылығындағы жаңа бетбұрыс болады, Гердер Гётені поэзия мен мәдениетке деген көзқарастарымен таныстырады. Ол халық поэзиясына қызығып, соған еліктеумен «Heidenröslein» (Степная розочка) өлеңін және т.б. жазады. Келесі жылдар қарқынды әдеби жұмысқа толы болады, алайда оған заң тәжірибесі де бөгет бола алмайды. Өйткені Гёте бұл іспен әкесіне деген құрметтен айналысуға мәжбүр болды. Және де Франкфурт қаласының империялық кеңесшісі өз ұлы Иоганды 1772 жылы көктемде Ветцлерге оқуға аттандырғанда, әрине ақын болып қайту үшін жіберген жоқ еді. Әкесі Гётені болашақта заң қызметіндегі төре болады деп үміт етеді.

Ветцлерге оқуға барған жас Гётенің империя заңдарын оқып үйренуге құлқы болмай, әр қилы ақындар творчествосын зерттеуге кіріседі.

1774 жылдың көктемінде, бүкіл әлемнен толық жасырынып, төрт аптаның ішінде, Гёте «Страдания юного Вертера» шығармасын жазады, бұл жаңа неміс әдебиетіндегі алғашқы едәуір шығарма болды. Гётенің бұл романы хат түрінде жазылған сентименталдық роман дәстүрін жалғастырды және XVIII ғасырдың екінші жартысында кеңінен тарады. Көп томды эпистолярлы романда бірден бірнеше кейіпкердің хат жазысуы болса, «Вертерде» жетекші роль бір адамға ғана тән. Тіпті, «Вертердегі» бір адамның ішкі өмірін сипаттау әдеттегі бюргерлік өмір көріністеріне сай келеді. Гёте әртүрлі екі әдеби дәстүрді революциялық түрде біріктіреді, өйткені күнделікті өмірді сипаттайтын романдар, жан тарихын сипаттайтын романдарға қарағанда, басқа дәстүрге ие болды. Гётенің бірінші романында «ішкі адамның» тұрмысы, оның рухани дамуы, оның махаббаты мен өлімінің трагедиясы шет аймақтық қаладағы күнделікті өмірінің аясында өрістейді [2, 87-б.].

Сана сезімнен жоғары түсінілген кезде, Ағарту кезеңінде жазылған Иоганна Гётенің бұл романы сырды ашып беру сипатындай болды. «Вертердің» басты тақырыбы – барлық көріністегі махаббат. Қарапайым адамның махаббаты романда діни мәнге ие болады да, оған өзінің даралығын ұғынуға, ішкі еркіндікке ие болуына көмектеседі. Алайда өзіндік даралықты, яғни қандайда бір шектеулікті Вертерді өзіне-өзі қол жұмсауына әкеледі: өлім кезінде кейіпкер физикалық әлем шектеулігін, өз махаббатының шектігін жеңеді, шексіз табиғатқа сіңіп кетеді.

1774 жылдың жазының соңында жарияланған «Вертер» Германия мен одан тыс елдерде де таң қаларлық жетістікке ие болады. Роман бірден көптеген еуропалық тілдерге аударылды. Оны еуропалық жастарды жаңа буыны сүйіне қабылдағанмен, ағартушылар мен шіркеу қызметшілерінің тарапынан қатаң сынға ұшырады, олар жас автордың бұл шығармасын өзін-өзі өлтіруді мадақтау деп білді.

1775 жылдың жазында Иоганн Гёте мұрагер шаһзада, Саксония-Веймар герцогы Карл Августпен танысады. Бұл кездейсоқ танысу жағымды нәтиже беріп, Гётенің өмірінде жаңа кезеңнің ашылуына себеп болды. Сол жылдың қараша айында Гёте Веймарға көшіп барады, сонда ешқайда шығусыз өмірінің екінші жартысын өткізеді. Веймардағы алғаш жылда Гёте герцогствоның саяси өміріне белсенді араласады, «палата президенті» болып тағайындалады, бұл Веймарда бірінші министрдің дәрежесімен тең болатын. Әр уақытта ақын кен мекемелерінде, әскери комиссияда басшылық қызмет атқарды, мектептердің, халық денсаулығы мен оны хабарлау жолдарының қамын ойлады, 1791 жылдан бастап театр меңгерушісі болып, феодализм қалдықтарымен ауырлық түскен халықтың жағдайын жақсартатын шаралар өткізіп тұрды. Осылайша Франкфурт немесе Страсбург уақытындағы портреттерінде суреттегендей бозбалалық келбет билеуші-философтың қатал әрі терең ойлы келбетке айналды. Тәжірибелік істің көптігі оны әдеби іспен айналысудан алаңдатқандықтан, Веймардағы өмірінің алғашқы жылдарындағы жаңа шығармаларының саны аз болды. Сол уақытта «Вильгельм Мейстер», «Ифигения в Тавриде», «Торквато Тассо» және «Эгмонт» жазылды. Ал «Стихи к Лиде» және балладалар сол кезеңнің лирикалық шығармалары болып табылады, онда бақытқа кенелтетін де, құртатын да табиғаттың құпиялық сарыны басым [3, 191-б.].

Лириканың алғашқы нұсқасы Гетенің 27 жасында жазылған. Екінші өлең 4 жылдан кейін дүниеге келді. Гете өзінің жастық шағымен қоштасып, махаббат сезімі шарпыған жалынды жылдарын артта қалдырады. Ғашықтың дер-тінен жапа шеккен ақынның қаяу көңілі достарынан да қол үздіреді. Жалғыздықты сезінген Гете енді жанына тыныштық тіледі. Аруларға деген сүйіспеншілігінен жан дүниесіне жара салған көңілі қаяу еді. Жабырқау жүзіне Тәңірден медет іздеді. Жанын жұбандырар жыр ғана. Сол жыр жан тыныштығын іздеген ақын сырын сыртқа, жұртқа жайды. Клауэрдің Гетенің дәл осы шағындағы салған мүсіні отыз жасар ақынның әбден шаршап, қалжырап, жабығып, беттері әжімделіп, уайым мен мұң басқан келбет-кескінін бейнелеген.

Гётенің фон Штейн ханыммен танысуы оның адамгершілік және көркемдік тұрғысынан өзгеруіне әсер етті. Құрбысының бойынан қызығушылығы мен талпынысы бір және оны түсініп, қолдай алатын құрдас тапты. Гёте оған шығармаларын жатқа айтатын, тіпті ғылыми мәселелер жөніндегі ойымен де бөлісетін. Ханымның көмегімен ол Веймарда ең дарынды жазушылар (Гердер, Виланд және т.б.) мен кемелденген әйелдер үйірмесін ашты, кейін бұл үйірме бүкіл Германияға танылып, әдеби жұмыстар жазуда, әуесқойлық спектакльдер қоюда, қолжазба журналдар шығаруда сарқылмас байлық болды. Сонымен бірге, ол табиғаттану бойынша жұмыстар жүргізді, мамандармен, қарапайым кен қазушылармен және орманшылармен әрдайым араласа отырып, ол табиғатқа одан да жақындай түсті, табиғаттың өмірі жайлы біле бастады. Геология мен минерология бойынша жүргізген жұмыстары мен зерттеулері, ботаникалық бақылаулар, остеологиямен айналысуы о баста, оның жас кезінде болған, ал енді құмарлыққа айнала бастаған қызығушылықты оятты. Ортақтығы аз суретші мен қоғам қайраткерінің дарындылығы ондағы натуралист талантымен күрделенетін, өйткені ол үстірт жұмыстардан жаңалық ашу және жаңа жол салу қабілетіне ие болатын.

Осылайша, Гётенің әдеби қызметтен кету әрекеттері сол кезеңдегі саяси оқиғаларға (Ұлы француз революциясы, франк-прусс соғыстары)  жауап болғандай: жаратылыстану ғылымдарын зерттеуге көп көңіл бөле бастайды, физикамен, ботаникамен («Опыт метаморфозы растений» трактаты, 1790), анатомиямен айналысады. 1784 жылы Гете адамның жақ арасындағы сүйегін ашады.

1786 жылдың күзінде, сарайдағы міндеттерінен шаршаған Иоганн Гёте Веймардан жасырын түрде кетіп қалады. Кей шығармаларының қолжазбаларын өзімен бірге алып, ол Италияға аттанады.  Сол жердегі антикалық өнер ескерткіштерін зерттеу үшін ғана емес (былай деп өзі де айтқан), сонымен бірге жеке өмірін шығармашылыққа қайтып оралуға дайындау үшін келді. Оның алдында жаңа және еліктірер әсерлер әлемі ашылды. Өнер мен табиғат ғажаптары, ұлы ел рухы оның жанына шипа болды. Мұның бәрі оны заманауилықтан алшақтатып, таза өнерге, сұлулыққа, шексіз философиялық ойларға әкелді. Саясатқа қайтып бару ақылға сыймайтын болар еді.

Италияда өткізген екі жылда Гёте антикалық және классикалық өнерді зерттеумен айналысады. Римде Гёте «Ифигения в Тавриде» (1779-1786), «Торквато Тассо» (1780-1789) және «Эгмонт» (1788) драмаларын өзінің жаңа көркемдік принциптеріне сәйкес қайта жазады.

Иоганна Гётенің Италиядағы саяхатынан неміс әдебиетінде «веймарлық классицизм» кезеңі (1786-1805) басталады. Гёте 1788 жылы Италиядан Веймарға қайтып келген сәттен бастап, Карл-Август ақынды сарайдағы міндеттерінің көбінен босатады, оның жеке қызметіне еркіндік береді.

XVIII ғасырдың соңғы он жылдығы мен XIX ғасырдың алғашқы жылдары Гёте мен Фридрих Шиллердің тығыз қарым-қатынасымен өтеді, бұл достық тіпті Шиллердің өмірінің соңына дейін жалғасады. Шиллердің кеңесімен Гете Вильгельм Мейстер жайлы алғашқы романды («Годы учения Вильгельма Мейстера», 1793-1796) аяқтайды, «Фаустқа» қатысты жұмысын қайта жаңғыртады. Олар бірге «Ксения» атты эпиграммалар циклын, балладалар (шиллер балладалары «Ивиковы журавли», «Кольцо Поликрата», «Коринфская невеста» Гёте) жазады.

1808 жылы Иоганн Гёте қайтадан рухани дағдарысқа ұшырайды. Гёте Веймардан кетіп, Карлсбадқа аттанады, «Избирательное сродство» романының (1809) алғашқы бөлімдерін жазады, бұл романды ХХ ғасырдағы неміс интеллектуалдық прозасының жаршысы деп тануға болады. Бұл шығармада ерекше философиялық ой тереңдігі түсіндірудің қарапайымдылығымен және тынықтығымен үйлесіп жатыр, ал әр, тіпті ол болмашы болса да, сипаттау бөлшегі символдық мәнге ие болады, тіпті күнделікті өмірде де, — дейді Гёте — қарапайымдылықтың өзі символдық мәнге толы екендігін біз әрдайым түсіне бермейміз [4, 105-б.].

1811 жылы Иоганн Гёте өзінің еске алулары жайлы «Поэзия и правда» атты кітап шығарады. Ал 1819 жылы «Западно-восточный диван» атты шығармасы жарыққа шығады, бұл бірегей поэтикалық жинақ, онда Гёте Батыс пен Шығыстың мәдени дәстүрін синтездеуге талпыныс жасайды. «Ақынды танып-білу үшін оның ел-жұртын көріп, тану керек» деген поэтикалық дүниетанымның қағидасына айналған әйгілі сөзді Гёте осы шығармасында жария еткен. «Құдіретті Шығыс! Құдіретті Батыс!» деп, дүниенің ажырамас бірлігін паш еткен. Қартаю – тыныш кабинеттік еңбек уақыты болса да, - Гёте жаратылыстану-ғылыми жұмыстарын қайта қарап, «метаморфоза растений» және «Farbenlehre» туындыларын халықтың назарына ұсынды. Ой өрісін әрдайым жетілдіріп отырды.

1829 жылы Вильгельм Мейстер туралы романының екінші бөлімі шығады. Егер Мейстер жайлы бірінші романда кейіпкер қоршаған ортаны тану, өнер мен махаббат арқылы қалыптасса, «Годы странствия Вильгельма Мейстера, или Отрекающиеся» романында тұлғаның жан-жақты даму үлгісі басшылыққа алынбайды. Мұнда жеке тұлғаның өркениеттің жалпы дамуына қосар практикалық үлесі маңызды (осылайша, Вильгельм актер болудан бас тартып, хирургияны оқуға бет бұрады). «Годы странствия» романы онда сюжеттің кезекті дамуының жоқтығымен қызықты. Ол сыртқы формасы әртүрлі көптеген фрагменттерден тұрса да, олар ішкі мағыналық қатынасты өзара байланысты күрделі жүйені құрайды.

1831 жылы Иоганн Гёте «Фауст» трагедиясын аяқтайды, бұл жұмыс шамамен алты жыл уақытты алды. Дәрігер Иоганне Фауст жайлы орта ғасырлық аңыз сюжеттің негізі болды, сюжетте дәрігер жай металды алтынға айналдыруға мүмкіндік беретін білім алу үшін шайтанмен шартқа отырады. Гёте бұл аңызды терең философиялық және символдық мәнге толтырады, нәтижесінде бұл шығарма әлемдік әдебиеттің едәуір шығармаларының бірі болады.

Алты жыл бойы ақынның серігі болған, оның дамуының барлық кезеңдерін бірге өткерген трагедияның қорытынды бөлімі оның өмірі мен шығармашылығында үйлесімді аяқталады. Ұлы армандарды орындауға әлі де қабілетті қария өмірінің шырағы сөне бастады. Ол өлімнен қорыққан жоқ, өз өлеңінің мына жолдарын қайталай берді: «Подожди немного, отдохнешь и ты». Ол қайтыс болатын күннің таңын қарсы алады, көркем көктем табиғатымен тамсанады. Ақын жаңа жұмыстар бастау үшін бірнеше кітап әкелуді сұрап, шаршағандықтан креслоға отырады, сол мезетте ол өмірден озады». Бұл 1832 жылдың 22 наурызы еді [5, 6-б.].

Айтарлықтай оқиғаларға бай болмаса да, ішкі мазмұны мен күші бойынша таң қаларлық болған Гёте өмірі адамзатқа қатысты сан саланы қамтыды: поэзия мен ғылым, практикалық іс және әлемдік мәселелер, халықшылдық пен космополитизм, өнер құпиялары мен табиғат зерттеулері, тұлға психологиясы мен гуманистік бүкіл адамзаттық идеалдар. Гёте із қалдырмаған бірде-бір әдебиет саласы жоқ. [5, 3-б.].

Үлкен ақыл-білім иесі Гёте Эккерманмен әңгімелесе отырып, кітапты дұрыс оқып-түсінудің қиындығына тоқтала келіп, өмірінің сексен жылын оқу өнеріне арнаса да, осы өнерді түбегейлі игере алмай жүргенін мойындап еді. «Мен, — дейді Гёте Эккерманға, — ұлы әлемдік оқиғалар орын алған кезеңде дүниеге келдім және олар менің ұзақ ғұмырымда таусылған емес, сондықтан мен Жеті жылдық соғыстың, Американың Англядан бөлінуінің, Франция көтерілісінің, тіпті наполеондық кезеңнің куәсі болдым. Сондықтан менде қазір ғана дүниеге келіп, мұндай елеулі оқиғаларды түсініксіз ктіаптардан оқуға мәжбүр болатындардан гөрі өз түйіндерім мен көзқарастарым бар». Гёте бірінші француз буржуазиялық көтерілісінің нәтижесін жоққа шығармаса да, оны тұрақты негіз деп қабылдаған жоқ. «Уақыт бір орында тұрмайды, өмір үздіксіз дамып отырады, адамдар арасындағы қарым-қатынас әр елу жыл сайын өзгеріп отырады, - ол өзінің адал досы Эккерманға осылай деген, - 1800 жылы үлгілі деп саналған тәртіптердің өзі апатты сипатқа ауысуы мүмкін» [4, 76-б.].

Иоганн Вольфганг Гете атын атағаннан-ақ алуан сырлы атаулар тізбегі, сол заманды марапаттап айқындайтын символдық белгілер көкірегіңізде ояна кетеді. «Ұлы неміс». «Таңғажайып талант». Алып ойшыл. Адам баласы көркемдік ойының асқар тауы. Неміс романтигі. Неміс философы. Ақыл-ойдың соңғы байлауындай естілетін: «Кім табандар күн құрғатпай күрессе, бақытты еркін өмір соның сыбағасы болмақ». Сосын: құдіретті Гете көзі тірісінің өзінде бүкіл Еуропа елдеріне танылып, көзі тірісінде талай томдық кітаптары дүркін-дүркін басылып шыққан.

Гете 31 қаңтар 1827 жылы өз хатшысы Эккерманмен әңгімесінде былай дейді: «Мен поэзия адамзаттың ортақ игілігі екеніне барған сайын көзім жетіп келеді, барлық уақыттарда оның қорғаушылары һәм таратушылары жүздеген, мыңдаған адамдар болып табылады. Бірақ, расы сол, біз, немістер, егер бізге отандық тар ой өрісінен жоғарылай алмасақ, онда педантты (яғни жаттандылықтан аспайтын, құр тақуа) өзін дәріптеушілікке, әншейін даңғой бөспелікке тез беріліп кетуіміз кәнік. Сондықтан да мен бөтен ұлттардың шығармаларымен шын көңіліммен қуана-қуана танысамын және әркімге де өз кезегінде оларды оқуға кеңес беремін. Ұлттық әдебиеттің қазір құны шамалы, қазіргі уақытта біз әлемдік әдебиет дәуіріне ендік және әрбір адам енді осы дәуірдің пайда болуын тездетуге көмектесуі керек. Алайда шетелдік дүниені осыншама ардақтай тұра біз бәз біреуінде ерекше іркіліп қалып, оны өнеге, үлгі, нұсқа санамауымыз керек. Сондай үлгі деп қытай әдебиеті, немесе серб әдебиеті, болмаса Калдерон, яки Нибелунгтар деп ойлаудың қажеті жоқ; биік үлгілерді қажетсіну біздерді үнемі антикалық көне гректерге алып келеді - нақ солардың шығармашылығында тамаша, көркем адам бейнеленген. Қалғанының барлығын тек тарихи тұрғыда қарастыру керек, демек бар нәрсенің барша жақсысын мүмкіндігімізше сіңіріп алуымыз керек».

Бір басында ақын, философ, геолог, минеролог, зерттеуші, ғалым, ботаник, химик, математик, зоолог, тарихшы, лингвист, т.б. ғылым салаларына шынайы құштарлық тоғысқан Гетенің басқаша болуы мүмкін еместей. Ол ғылымдардың тоғысқан, түйіскен жерінен білім жарығын көрді.

«Әйгілі орыс ғалымы Климент Аркадиевич Тимирязев тегін айтпаған екен: «Ол бір тұлғада ұлы ақынның, ойшылдың және әйгілі ғалымның үйлесуін көрсететін адамзат санасындағы жалғыз мысал болып табылады». Оның ғылыми зерттеулері мен қызығушылықтарының аясына геология мен минералогия, зоология мен ботаника, анатомия мен остеология, акустика мен физиологиялық оптика енді; осы жаратылыстану ғылымының әр саласында Гёте, өзінің үйреншікті саласын – поэзиядағыдай, еркіндік пен новаторлық қызмет танытты.

Сөзімізді түйіндеу үшін, Қазақстанның мәдениетке еңбегі сіңген қайраткер, аудармашы Г.К. Бельгердің данышпан адамдар жайлы еңбегін мысал ретінде келтіруге болады. «Исполины духа: Гёте – Пушкин – Абай» эсседе, осы үш данышпанның бойындағы бабасынан қалған ген туралы жаза отырып, Г. Бельгер тек лексемасын ұсынып, оған мынадай анықтама береді: «Қазақтың «тек» деген сөзі – жоғары түсініктер қатарынан шыққан сөз. Ол «шығу тегі», «тектілік», «тектік тамыр», «адамгершілік бастаулары», «текшілдік» дегенді білдіреді. «Тексіз Адам» – «тегі жоқ адам», «тұрарлық тамыры жоқ адам» деген түсініктер қазақ халқында жек көрінішті, кем көрсететін сипатқа ие». Мұны Франкфурт қаласының империялық кеңесшісі Иоганна Каспара Гетенің ұлы, Франкфурт қаласының шультгейсі (бас заңгері) Иоганн Вольфганг Текстордың немересі, құпия кеңесші, ресми түрде императордың наменгері болып саналған қала-республика басшысы, министр фон Гетенің өзі жақсы түсінді. XVI ғасырдың керемет суретшісі Старший Лукас Кранахтың (1472-1553) Гётенің оныншы буындағы бабасы болғандығын айта кеткен жөн, ал кейінгі кезде Гете мен Гегельдің ата-бабалық туыстығы бар екендігі анықталды. Гетенің ата-тегі осындай! «Жоқтан ештеңе шықпайды. Кездейсоқ нәрсе де болмайды. Әр нәрседе қатал заңдылық болады. Әлемдік даңққа ие болған Гетенің бойында кенеттен Шығыс поэзиясына деген махаббат пен құлшынысында қандай да бір заңдылық пен рухани байланыс бар деп есептеймін. Нәтижесінде бірегей, алайда жұмбаққа толы «Западно-Восточный диван» атты туынды дүниеге келді. Ал тәжірибелі Абай кенеттен Батысқа қызығушылық танытты, ол енді Шығыстың ол үшін Батыс болып табылатындығын айтты, ал Пушкин, нағыз еуропалық ретінде, екі материктің де руханилығына бірдей қызықты, оның шығармашылығында батыстың да, шығыстың да сарыны болды. Гете, Пушкин, Абайдың рух патшалығында қауышыуында, ұлттық шекті бұзып, адамзаттық мәнге жеткендігінде «ТЕК» сөзі, яғни тектік тамыр, тектілік, адамгершілік бастаулары айтарлықтай роль атқарды, ақын жандарының жақындығын дәлелдеді. Данышпан – шындығында әр тарап түсінік [6, 32-б.].

Жауап берді: Шыңғыс хан өмірбаяны – ұлы қолбасшы және реформатор

$
0
0

«Дүниені сілкіндірген Шыңғысхан ұрпағының генеалогиясы отандық тарихта ғасырлар аяқ алысы, мемлекет бейнелі этностағы қазіргі және болашақ ұрпаққа арналған иммунитет», - Ұлы Шыңғысханның әлеуметтік-тарихи мұрасы туралы Ғизат Табылдиннің пікірі осындай. Ғ. Табылдин – «Туран – Профи» Халықаралық кәсіптік академия» БАИ доценті, Шыңғысхан атындағы Бүкіләлемдік Академия академигі (Монғолия, 2009 ж.). «XIII – XXI ғасырдағы Шыңғысхан ұрпағының бүкіләлемдік генеалогиясы» ғылыми жобасының жетекшісі.

XIII ғасырдағы және бүкіл әлем тарихында анағұрлым ұлы адамдардың бірі Шыңғысхан екені күмәнсіз. Монғол империясының, Еке Монғол ұлыстың құрылуы соның есімімен байланысты, оның кеңеюі еуразия этносының көпшілігіне, оның ішінде Поволжия этносына әсер етті [1, б. 19].

Өзінің ерекше көрнекті қасиеттерінің арқасында: майталман әскери стратег, тамаша дипломат және саясаткер, ұшқыр ақыл, адамдар психологиясының білгірі, еркінің қаттылығы, қол астындағыларға қатаңдығы мен жомарттығы – ол, оның құлдары мен немерелері жарты әлемді жеңіп алды, Алыс Шығысты, Орта Азияны және Еуропаны біріктірді. Еуропалықтар үшін ол жабайы, қатыгез шапқыншы, ал Шығыста – Ұлы Монғол Империясының негізін қалаушы, әскери өнер данышпаны, Ұлы әскери басшы болып көрінеді: Ғ.Ж. Табылдиннің пікірінше, жаңа заман тілімен айтқанда Ежелгі феодалдық Монғол Империясының Генераллисимусы. Адамзат тарихында ең үлкен империя құрушы.

Өзінің «XVIII – XIX ғғ. қазақ хандары мен қожаларының шығу тегі» кітабында атақты маман зерттеуші И.В. Ерофеева былай жазады: «Отандық және шетелдік шығыстанушы ғалымдардың көптеген буындарының бірлескен күші арқасында қазіргі кезде ғылымда жоғарғы билеушілердің - XV ғасырдың ортасы  XVIII ғасырдың басындағы қазақтардың көпшілігінің жалпы әулеттік және тектік-рулық тиістілігі туралы біршама барабар түсініктер қалыптасты, анық немесе жуықталған хронологиялық басқару ғасырлары және осы хандардың хан тағында кезектесу реттілігі және олардың отбасыларының Сібір хандығы, Ноғай ордасы, Шығыс Моғолыстан, Бұқар және Хиуа хандығының билеуші тектерімен және рулық қауымымен туыстық әулет аралық байланыстар бекітілді» [2, б. 11].

«Халық арасында кішкене бұзау сияқты жуас болыңдар, ал соғыс кезінде ұрысқа  жабайы құсқа түскен аш қаршыға сияқты шүйлігіңдер» Шыңғысхан

Моңғол империясының Тұңғыш Ұлы Ханы (1206-1227). Мұрагері: Толуй (регент) Өгедей; Шамамен өмір сүрген жылдары 1155-1162; қазасы: 1227 жылдың 25 тамызында; жерленген жері белгісіз; әулеті: борджигин; туғанда берілген есімі: Тэмуджин (Темучжин); әкесі: Есугей; анасы: Оэлун; жұбайы: Бөрте, Хулан, Есугэн, Есуй; балалары: ұлдары: Джучи, Шағатай, Өгедей, Толуй, Кюльхан, Харачар, Чахур және Хархад; қыздары: Ходжин бегі, Цэцэйхэн, Алангаа, Тэмулэн және Алдуун Чингисха́н (моғ. Чингис хаан, өзінің аты – Тэмуджин, Темучжин. 1155 немесе 1162-тамыз 1227 ж.) – жекеленген монғол тайпаларын біріктірген Монғол империясының негізін қалаушы және алғашқы ұлы ханы; монғолдардың Қытайға, Орта Азияға, Кавказға және Шығыс Еуропаға жорықтарын ұйымдастырған қолбасшы. 1227 жылдағы қазасынан кейін оның бірінші әйелі Бөртеден тараған тікелей ұрпақтары империяның мұрагерлері болып қалды.

Тэмуджиннің немесе Темучиннің тағдыры өте ауыр болды. Ол қазіргі Монғолия мемлекеті аймағындағы Онон өзенінің бойында малдарымен қоса көшіп-қонып жүрген атақты монғол отбасынан шыққан. Оның тоғыз жасында далалық өзара тартыстардың кезінде әкесі Есугей баһадүр қаза тапты. Өз қорғаушысынан және барлық дерлік малынан айырылған отбасыға қоныстардан қашып құтылуға тура келді. Олар тоғайлы алқапта қатал қыстан әрең аман қалды. Қайғы-қасірет кішкентай монғол баласының соңынан қалмады. Тайджиут тайпасынан шыққан жаңа жаулары жесір қалған отбасыға шабуыл жасады да, Тэмуджинді тұтқынға алып, мойнына құлдың ағаш қарғысын салып қойды.

 Алайда ол балалық шағының ауыртпалықтарымен шыныққан табанды мінезін көрсете білді. Қарғысын сындырып, ол құлдықтан қашып кетті де, бірнеше жыл бұрын оның отбасын қорғап қала алмаған өзінің тайпасына қайта оралды. Жас жігіт берілген жауынгерге айналды: оның бауырларының арасында дала аттарын аса еппен бағындырып, садақтан дәл атып, аттын бар шабысымен жүріп келе жатқанда арқан лақтырып және қылыштаса білгендер өте аз еді.

Тэмуджин көсем өзінің алғашқы үлкен айқасын 1193 жылы Германия маңындағы монғол даласында өткізді. Қол астындағы небәрі 6 мың әскермен ол күйеу баласына қарсы келген өзінің қайын атасы Унг ханның 10 мың әскерін талқандады. Хан әскерін әскербасы Сангук басқарды, ол, мүмкін, өзіне тапсырған тайпа әскерінің үстемдігіне сенімді болып, барлау туралы да, әскери сақтық туралы да ойламаған болар. Тэмуджин қарсыласының абайсызда үстінен шығып, тау жықпылында оны қатты шығынға ұшыратты.

1206 жылы Тэмуджин Ұлы Қытай қорғаны даласының солтүстігіндегі аймақтың ең қуатты билеушісіне айналды. Сол жыл оның өмірінде ерекше есте қалды, өйткені ол монғол феодалдарының құрылтайында барлық монғол тайпаларының «ұлы ханы» атанып, «Шыңғыс хан» лауазымына ие болды (түрік тілінен теңіз деген мағынада). Тэмуджин әлем тарихына Шыңғыс хан атымен енді. Дала монғолдары үшін бұл лауазым «жалпы халықтың әміршісі», «нағыз әмірші», «қымбатты әмірші» сияқты болды.

Ұлы хан ең бірінші монғол әскерінің қамын ойлады. Жеке билігін бекітіп, ел ішіндегі кез-келген наразылықты басу үшін ұлы хан 10 мың адамнан тұратын атты әскер құрды. Оған монғол тайпалары арасынан ең үздік жауынгерлерді алды және бұл әскердің Шыңғыс ханның басқа әскерлері арасында айырықша артықшылықтары болды. Гвардияшылар ханның оққағарлары болды. Олардың арасынан Моңғол мемлекетінің билеушісі жасақтардың әскербасыларын тағайындады.  Содан кейін Шығыс Түркістандағы  сол кездегі үлкен ұйғыр мемлекетінің кезегі келді. 1209 жылы Шыңғыс ханның үлкен әскері олардың шекарасын бұзып өтіп, қалаларын, гүлденген алқаптарын кезек-кезек басып алып, толық жеңіске жетті. Осы шапқыншылықтан кейін көптеген сауда қалалары мен ауылдардан тек қираған үйінділер ғана қалды.

1211 жылы Шыңғыс ханның атты әскері Солтүстік Қытайға шабуыл жасады. Ұлы Қытай қорғаны – адамзат тарихындағы ең ғаламат қорғаныс құрылысы – жаулап алушыларға тосқауыл болмады. Монғолдың атты әскері жолында тұрған жасақтарды талқандап өтті. 1215 жылы монғолдар ұзақ қоршауда ұстаған Пекин (Яньцзин) қаласын басып алды.

1218 жылы монғолдар Корей түбегін жаулап алды. Солтүстік Қытай мен Кореяға жасаған жорықтарынан кейін Шыңғыс хан одан әрі батысқа – күнбатыс жаққа қарай көз сала бастады. 1218 жылы монғол әскері Орта Азияға басып кіріп, Хорезмді жаулап алды. Ірі Орта Азия мемлекеті Хорезмді жаулап алу жалғаса берді.

Отырарға таянғанда Шыңғысхан оны қоршауға ұлдары Шағатай мен Үгедей баскарған әскерлерді қалдырып, Жошы-ханды Сырдарияның төменгі ағысына - Жент жөне Жанкент қалаларына жіберді, үшінші топ Сырдарияның жоғарғы ағысындағы қалаларды бағындыруға кетті, ал Шыңғысханның өзі негізгі күштерімен Бұхараға аттанды. 1219 жылы 200 мың адамнан тұратын Шыңғыс ханның ұлдары Оқтай мен Зағатай басқарған монғол әскері қазіргі Өзбекстан жеріндегі Отырар қаласын қоршап алды. Отырардың билеушісі Қайыр-хан бар күшін салып ең соңғы мүмкіндігін пайдалана отырып қорғанды. Отырарды коршау бес айдай уақытқа созылды. Қаланы батыр хорезм әскербасы Газер ханның қол астындағы 60 мың адамнан құрылған гарнизон қорғады.

Қаһармандық қорғаныстың бесінші айы бітуге айналғанда хорезмдік әскербасы Қаража-хаджиб он мындық қолымен Моңғолдарға беріліп, оларды қалаға кіргізіп жіберді. Алайда Отырар сонда да табандылықпен қорғана береді. «Арыстандай айбарлы» әскерлер тобымен Ғайыр-хан берік қамалға бекініп алды да, Моңғолдарға оны алу үшін тағы бір ай уақыт керек болды. Қамалды қорғаушылар түгел қырылғаннан кейін ғана ол 1220 жылғы ақпанда алынды. Ғайыр-хан қолға түсіп, Шыңғысханның алдына апарылған жерде қатал жазаланып өлтірілді.

1220 жылы наурызда Шыңғыс хан бастаған монғол әскері Орта Азияның ең ірі қалаларының бірі Бұқараны қоршауға алды. Онда 20 мың адамдық хорезмшах әскері тұрды, олар өз әскербасымен бірге моңғолдар таяп қалған кезде қашып кетті. Күштері сарқылған қала тұрғындары жаулап алушыларға қаланың қақпасын ашып берді. Тек жергілікті билеушісі ғана берілгісі келмей, бекініске жасырынды, алайда ол бекіністі моңғолдар өртеп қиратты.

Сол 1220 жылдың шілдесінде Шыңғысхан бастаған моңғолдар Хорезмнің басқа ірі қаласын Самарқандты қоршады. Моңғолдар Хорезм қалаларын кезекпен жаулай берді: Мервті, Үргеншіні, т.б.

1221 жылы Хорезмді құлатып, Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Шыңғыс хан Солтүстік-Батыс Үндістанға жорық жасап, осы үлкен аумақты жаулап алды. Алайда Шыңғыс хан одан әрі Индостан оңтүстігіне қарай бармады: оны әрдайым күнбатыстағы белгісіз елдер еліктірді.

Ол, әдеттегідей, жаңа жорық жолын тиянақты ойластырып, өзінің ең жақсы қолбасшыларын Жебе мен Субедейді түмендерімен және жаулап алған елдердің жауынгерлерінен құрылған қосымша әскерлермен қиыр батысқа жіберді. Олардың жолы Иран, Күнгей Кавказ және Солтүстік Кавказ арқылы өтті. Осылайша, моңғолдар оңтүстік Русь маңына, дон далаларына жетті.

Сол кезде жабайы далада өздерінің әскери күшін баяғыда жоғалтқан қыпшақ күймелері көшіп-қонып жүрді. Моңғолдар еш қиындықсыз қыпшақтарды талқандаған соң, олар да орыс жерлеріне қарай қашты. 1223 жылы Жебе мен Субедей қолбасшылар Калка өзені бойындағы шайқаста бірнеше орыс князьдары мен қыпшақ хандарының біріккен бірнеше әскерлерін талқандады. Жеткен жеңісінен кейін алғы монғол әскері кері бұрылды.

1226-1227 жылдары Шыңғыс хан таңғұттар елі Си-Сяға жорық жасады. Өзінің ұлдарының біреуіне ол Қытайды жаулауды жалғастыруды бұйырды. Ол басып алған Солтүстік Қытайдағы монғолдарға қарсы басталып кеткен көтерілістер Шыңғыс ханды қатты алаңдатты.

Ұлы қолбасшы таңғұттарға қарсы соңғы жорығы кезінде қаза болды. Монғолдар оны салтанатты түрде жерлеп, сол жерлеуге қатысқан адамдардың бәрін өлтіріп, қазіргі күнге дейін Шыңғыс ханның мазары орналасқан жерді құпия түрде сақтап қалды.

1227 жылы Шыңғыс хан өлгеннен кейінгі Азия картасы.

Нәтижесінде бүкіл Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген елдері Моңғол империясы билігіне өтіп, Құбылай Қытайда Юань әулетінің негізін қалады. Ол империя астанасын Қарақорымнан Кайпинге (Пекин) көшірді. 1271 ж. жаңа астана салғызып, оны “Хан қаласы” (Ханбалық) деп атады. Бірақ көшпелілердің ат жалында жүріп күшпен жаулап алынған қоғамдық, экон. даму дәрежесі әр түрлі елдер мен халықтарды бір орталықтан басқару оңай емес еді. Моңғолдар жаулап алған елдерінде өздерінің ұлыстық әскери-бюрократ. билік жүйесін орнатты. Осыған байланысты ұлыс билеушілері өздерін орталықтан дербес, жеке билік иесі ретінде сезіну үшін жергілікті ақсүйектермен жақындасып, солардың салт-дәстүрлерін қабылдады. Бұл өз кезегінде империяның ыдырауын тездетті. Дегенмен, Шыңғыс хан империясы арқылы Батыс пен Шығыс арасындағы қарым-қатынастар дамып,Ұлы Жібек жолы қайта жандана бастады. Сонда да жаулап алынған әрбір халық, әрбір аймақ мүдделерін бір орталықтан реттеп отыру мүмкін болмады. Империя астанасы Кайпинге көшірілгеннен кейін онда бір-бірімен терезесі тең үш ортаға: Юань, Жошы-Қыпшақ және Ирандағы ильхандар мемлекеттері пайда болды. Юань билігі 108 жылға, ильхандар билігі 120 жылға созылса, Жошы-Қыпшақ державасы 240 жылға жуық өмір сүрді. Кейіннен бұл державалардың орнында көптеген ұлттық мемлекеттер өсіп шықты. Солардың бірі Алтын Орда, Ақ Орданың тікелей мұрагері – Қазақ хандығы болып табылады.

Әкімшілік заңдар. Ең алдымен Шыңғыс хан әскерінің реформасын жасайды да, оның басына 95 нойон-мыңдықтарды қояды. Ол көшпенді мемлекеттік басқару жүйесін құрып, Шыңғыс ханның ауызша ясысы формасында заңнама негіздерін салады. Оның ұйымдастырушылық шараларында тікелей күзетпен және Шыңғыс ханның көшпелі ордаларының тәртібін бақылаумен айналысатын гвардиялық бөлімдерді рәсімдеу маңызды роль атқарды. Жаңа мемлекеттің барлық жауынгерлері мен басшыларына арналған мадақтаулар мен жазалаулар орнатылады. 1207 жылы орман халқын бағындыру үшін үлкен әскер құрамасы солтүстікке жіберілді. Осылайша мемлекеттің аймақтық базасы нығайтылды және каанның ұлдары мен жақын туыстары арасында үлестірілген үлесті қожалықтардың жүйесіне бастама жасалды. Әскерлердің жаңа ұйымдастыру құрылымы халықаралық қатынастарға сенімді түсуге, қоршаған халықтан алым-салықтарды талап етуге мүмкіндік берді. Осы алым-салықтарға терілер, маталар, қару-жарақ құралдары, қаруға арналған шикізаттар (әр түрлі металдар) және т.б. кірді.

Алайда Шыңғыс хан өзін тек ұлы шапқыншы ретінде ғана емес, сонымен қатар өте қысқа мерзімде жаңа жаулап алған мемлекеттерде тек қана туысқандары мен жақындарының билігін нығайтып қана қоймай, осы бодан мемлекеттерді басқаруды сол жаңа ұлыстардағы барлық саяси және әкімшілік функциялар ең жоғарғы деңгейде орталық монғол басқармасының қарамағында болатындай етіп ұйымдастыра алған тамаша саясаткер және басшы етіп көрсете білді. Көбінесе бұған себепші болған толығымен мемлекет билігіне қараған өз кезеңі үшін бірден бір мемлекеттік коммуникация жүйелерін – жолдар мен пошта қызметін құру еді. Әкімшілік және сауда байланыстары жолдарындағы қамалдар мен гарнизондардағы барлық негізгі посттар жаңадан келген монгол шенеуніктері мен монголдың әскери горнизондарының тікелей қарамағында болды. Шыңғыс хан империясы қашанда жігерлі және талантты қолбасшылар болып қалыптасқан осындай құрылымдардың арасындағы ең ұзақ жасаған империя болды.

Шыңғыс ханның билігі монғолдың көшпенді халқына да әсерін тигізді. Монғолияның өзінде шұғыл түрде империяның жаңа астанасы Қарақұм құрылады, осы жерге барлық бағынышты және тәуелді билеушілер ағылады. Осы жерде Шыңғыс хан жаулап алған барлық үлкен Азия әлеміне бұйрықтар мен өкімдер шығарылады.

Монғол әскерін ұйымдастыру. XIII ғасырдағы монғол әскері соғыстың ең қорқынышты құралы болды. Осы кезеңде ол, шүбәсіз, әлемнің ең күшті әскери ұйымы болды. Ол, негізінде, инженерлік әскер еріп жүретін атты әскерден құралды. Тарих бойынша монғол әскері мен әскери өнер дала көшпенділері әсери ісінің ежелгі дәстүрлерін қолданды. Шыңғыс ханның кезінде монғолдар ежелгі стереотиптерді кемеліне жеткізді. Олардың стратегиясы мен тактикасы дала халқының – барлық белгілі халықтардың арасындағы ең жақсы халықтың атты әскерлерінің шыңына айналды.

Ежелгі уақыттарда ирандықтар дүние жүзіндегі ең мықты атты әскерімен мақтана алатын: Ирандағы Парфия және Ссанидтер, сонымен қатар Еуразия далаларындағы аландар. Ирандықтардың негізгі қаруы ретінде қылышпен және найзамен қаруланған ауыр атты әскер мен садақпен және жебелермен қаруланған жеңіл атты әскерлердің арасында айырма жасады. Аландар, негізінен, ауыр атты әскерге тәуелді болды. Германдықтар мен аландардың Рим империясының батыс бөлігінде орналасуынан кейін және Германия мемлекеттерінің құрылуынан кейін орта ғасыр рыцарьлары аландық атты әскерлердің жолына түсті. Басқа жағынан, монғолдар ғұн жабдықтары мен құралдарын дамытып, кемеліне жеткізді. Бірақ алан дәстүрлерінің де монғол әскери өнеріндегі ролі маңызды болды, өйткені монғолдар жеңіл атты әмкермен қоса ауыр атты әскерді де қолданды.

Монғол әскери ұйымын бағалау кезінде келесі аспектілерді қарастыру қажет: 1. адамдар мен аттар; 2. қару-жарақтар мен жабдықтар; 3. жаттықтырулар; 4. әскерді ұйымдастыру; 5. стратегия және тактика.

Адамдар мен аттар. «Жылқышылық мәдениеті» – дала көшпенділері өмірінің басты ерекшелігі және олардың әскерінің негізі. Сақтардың, аландардың және ғұндардың өмір сүру стильдерін сипаттайтын ежелгі авторлар, сонымен қатар монғолдармен істес болған орта ғасыр саяхатшылары көбінесе көшпенді қоғамның бірдей көрінісін сипаттайды. Кез-келген көшпенді – тумасынан шабандоз; ұлдар ерте жастан бастап ат үстінде отыруға үйренеді; әр бозбала – мінсіз салт атты. Монғолдардың, тым болмағанда XIII ғасырда өмір сүргендерінің, таңғажайып төзімділігі болды. Олар аз тамақтанып ат үстінде көптеген тәулік бойы жүре алды.

Монғол аты салт аттының қымбат серігі болды. Ол аз демалып, ұзақ жолдарға шыдайтын және жолында тапқан шөп пен жапырақ шоғырларымен тамақтанып, өмір сүре бере алатын. Монғол өз атына жақсы қарайтын. Жорық кезінде бірнеше атты ауыстырып, әрқайсысында кезектесіп шабатын. Монғол аты қытайлықтарға ертеден танымал тұқымға жататын. Б.з.д. екінші ғасырда қытайлықтарда, ғұндар да ирандықтар пайдаланатын орта азиялық ат тұқымымен танысты. Қытайлықтар осы аттарды жоғары бағалайтын және Орталық Азиядағы Қытай елшісі ең жақсы аттар «аспан айғырларының тұқым-малы» болғанын императорға айтты [3, б. 48].

Көптеген орта азиялық аттар Қытайға және болжаммен Монғолияға импортталды. XIII ғ. монғол тұлпарлары будан болған көрінеді. Монғолдар тек тұқымға ғана емес, аттардың түсіне де ерекше назар аударатын. Ақ аттар қасиетті саналатын. Император гвардиясының әрбір бөлімшесі ерекше бір түсті аттарды қолданды, мысалы, багатурлар жасағының жауынгерлері қара атпен шабатын. Бұл Батудың Рязань князьдығы халқына орыс жорығының басында монғолдарға «бардың» оннан бірін берсін деген бұйрығын жандандыра түседі. Аттардың оннан бірі әрбір түс бойынша жеке іріктелуі керек: қара, сарғыш-қоңыр, торы және ала түстер аталған [4, б. 64].

Қару-жарақтар мен жабдықтар. Садақ пен жебе монғол жеңіл атты әскерінің стандартты қару-жарақтары болды. Әр садақшының әдетте екі садағы және екі қорамсағы болатын. Монғол садағы өте жалпақ және садақтың күрделі түріне жатады; Ол жүз алпыс алты фунт керуді қажет ететін, бұл ағылшынның ұзын садағынан көбірек болып келеді; оның жаралау қашықтығы 200-300 қадамды құрады.

Ауыр атты әскердің жауынгерлері қылышпен және найзамен қаруланған, ал бұған қосымша – жауынгер балтасы мен шоқпары және бұғалығы болатын. Олардың қорғаныш жабдықтары дулығадан (алғашқыда былғарыдан, кейіннен темірден болды) және былғары сауыттан немесе береннен тұрды. Аттардың да денесінің жоғарғы жағын және кеудесін қорғайтын былғары бас киімі және ат-жарақтары болды. Ер-тоқымы берік және алыс жаққа баруға бейімделген қылып жасалды. Мықты үзеңгілер садақ ұстап тұрған салт аттыға жақсы тірек болды.

Қысқы жорықтарда монғолдар тері бас киімдерін және тондарын, киіз шұлықтарды және ауыр былғары етіктерді киетін. Қытайды жаулап алғаннан кейін олар жыл бойы жібектен іш киім киген. Әр монғол жауынгерінің өзімен бірге кептірілген ет және сүт қорын, суға және қымызға арналған тері құмыра, жебелерді қайрайтын қайрақтарды, біз, ине және жіп алып жүретін.

Шыңғыс ханға дейін монғолдардың зеңбіректері болған емес. Олар бекіністі ататын механизмдермен Қытайда танысып, оларды Орта Азияда қайта кездестірді. Монғолдар қолданған механизмдер негізінен алдыңғы шығыс үлгісінде болды және олардың жаралау қашықтығы 400 метр болды.

Жаттықтырулар. Әскери лагерь өміріне дайындық кез-келген монғолдың ерте балалық шағынан басталатын. Салт жүріс әдемілік емес, қажеттілік болып саналды. Аңшылық малынан айырылып қалған жағдайда аштықтан аман қалу үшін қажетті қосымша кәсіп болды. Монғолдың әр ұл баласы садақ пен жебені үш жасынан бастап қолына ұстап үйренетін.

Ұлы Ясыға енгізілген аңшылық туралы жарғы бойынша, аңшылық ересек жауынгерлерге арналған керемет жаттықтыратын мектеп болып есептелетін. Бұл кәсіп әскери епті тәсілдердің ролін ойнағанын Ясы ережелері ақиқатқа шығарады.

Қыстың бас кезеңі үлкен аңшылық маусымы болып белгіленетін. Ұлы ханның ордасына, князьдардың ордаларына немесе лагерьларына  бекітілген жауынгерлерге бұйрықтар алдын ала жіберілетін. Жолға жөнелту үшін әр әскери бөлімше нақты адам санын бөлуі тиіс еді.  Аңшылар әскерлер сияқты бұрылатын – ортасымен, оң жақ және сол жақ қанаттарымен қоса, олардың әрқайсысын арнайы тағайындалған қолбасшы басқаратын. Мыңдаған шаршы километрды қамтитын аңшылыққа арналған үлкен аймақта қоршау жасалған, сол қоршау бір айдан бірнеше айға дейінгі мерзім ішінде біртіндеп тарылып, жабайы құстарды ішіне қамайтын, ал соның ішінде ұлы хан күтіп тұратын. Арнайы жіберілетін адамдар операция барысы жайында, жабайы құстардың бар-жоғы және саны туралы хабар беріп тұрды. Соңында шеңбер тұйықталып, ортасы он километр шеңбер бойымен қоршалды. Содан соң хан шошыған, ұлыған аң-құстарға толы ішкі шеңберге кіріп, атысты бастайды; оның артынан князьдар, содан соң қарапайым жауынгерлер еретін, бұл ретте әр дәрежедегі адамдар кезекпен атады. Қырғын бірнеше күнге созылады. Соңында ақсақалдардың бір тобы ханға келіп, бас ұрып, ханнан қалған аң-құсқа бостандық беруді өтінеді. Бұдан кейін тірі қалған аңдар жақын жердегі шөп пен суға қарай шеңберден босатылады; ал өлтірілген аң-құстарды жинап, санайды. Әр аңшы, дәстүр бойынша, өз үлесін алады.

Әскерді ұйымдастыру. Орданың гвардиясы немесе жауынгерлері Шыңғыс ханға дейін көптеген көшпенді билеушілердің және қидандардың лагерьларында болған. Алайда ол Шыңғыс ханның кезіндегідей әскермен соншалықты тығыз біріктірілген болған емес.

Бұған қосымша, үлес берілген император отбасының әр мүшесінің жеке гвардиялық әскері болды. Киіз үйлердің немесе отбасылардың белгілі бір саны үлестің иесі болып келетін император жанұясының әр мүшесінің ордасымен байланысты болғанын еске түсірген жөн. Осы киіз үйлерде тұратын тұрғындардың арасынан кез-келген әйел адамның немесе князьдың әскер жинауға рұқсаты болды. Орданың осы әскерін үлес шаруашылығын басқарушы ретінде император тағайындаған немесе князь жоғары дәрежеге ие болған кезде өзі тағайындаған әскербасы басқарды. Шамамен, осындай әскерлердің бірлігі, оның санына байланысты, тұрақты қызметтегі «мыңдаған» әскерлердің батальоны немесе эскадроны болып саналды, әсіресе князьдың өзінің лауазымы мыңбасы болғанда немесе осы мыңдықты өзі басқарған кезде.

Мыңдаған адамнан тұратын бөлім тұқымдардың қисындасуы немесе кішкентай тайпа болды. Алайда, көбінесе Шыңғыс хан әр мыңдықты әр түрлі тұқымдарға және тайпаларға жататын адамдардан құрды. Ондаған әскер (түмен) әр уақытта әр түрлі әлеуметтік бірліктерден құралды. Мүмкін бұл көне тұқымдар мен тайпалардан гөрі, империяның жолын қуған үлкен әскери қосылыстарды жасауға тырысқан Шыңғыс ханның, кейде болса да, саналы саясатының нәтижесі болған шығар. Осы саясатқа сәйкес үлкен қосылыстардың қолбасшыларын – мың басылар мен түмен басыларды – императорлар өздері тағайындайтын, және әлеуметтік шығу тегіне қарамастан әрбір дарынды тұлғаны көтермелеу Шыңғыс ханның ұстанымы болды.

Монғолдың қарулы күштері үш топқа бөлінді – ортаңғы, сол және оң қанаттарға. Монғолдар әрқашан үйлерін оңтүстікке қаратып тіккендіктен, сол қанаты шығыс тобын, ал оң қанаты батыс тобын білдірді. Арнайы офицерлер әскерлердің диспозициясын жоспарлау үшін, жорық уақытында және әскерлерді орналастыру кезінде әскердің қозғалысын бағыттау үшін тағайындалатын. Олар, сонымен қатар, барлаушылар мен тыңшылардың әрекеті үшін жауап беретін. Бас офицердің лауазымын қазіргі әскердегі бас квартирмейстердің лауазымымен салыстыруға болады. Чербтердің міндеттері қомиссариат қызметтері болды. Шыңғыс хан басқармасында барлық әскери ұйым тұрақты бақылауда және императордың тексерісінде болды, және Ұлы Ясы бұны болашақ императорларға ұсынды. «Ол өз ұрпақтарына шайқас алдында жауынгерлерді және олардың құрамын жеке тексеруді, жауынгерлерге жорықтарға қажетті заттардың бәрін жеткізуді және бәрін түгел бақылауды тапсырды, ал егер қандай да бір жауынгердің қажетті бір заты болмай қалса, оны жазалау керек болды» [5, б. 148].

Монғол әскері жоғарыдан төменіне дейін қатаң тәртіппен біріктірілген еді, оған офицерлер де, қарапайым жауынгерлер де бағынды. Әр бөлімшенің басшысы барлық қарамағындағы адамдар үшін жауапты болды, ал егер өзі қателік жасаса, оның жазасы одан да қатал болатын. Ал император гвардиясы – әскердің өзегі – тіпті бейбіт кезде дайындық жағдайында болатын.

Стратегия және тактика. Үлкен жорық алдында соғыстың жоспарлары мен мақсаттарын талқылау үшін құрылтай жиналатын. Құрылтайға барлық ірі әскери қосылыстардың басшылары қатысып, императордан қажетті нұсқаулар алатын. Шабуыл жасау объектісі ретінде таңдалған мемлекеттен келген барлаушылар мен тыңшылардан сұрау алынатын, егер мәліметтер жеткіліксіз болса, қосымша ақпарат жинау үшін жаңа барлаушылар жіберілетін. Содан соң шабуылға дейін әскер жиналатын аумақ және жасақтар өтетін жол бойындағы жайылымдар анықталды.

Қарсыласты насихаттауға және психологиялық түрде өңдеуге көп көңіл бөлінді. Әскерлер жаулардың мемлекетіне жетпестен көп бұрын сол жақтағы құпия агенттер монғолдардың дінге еріктілікті қабылдайтынына діни өзгеше ойды ұстанушыларды көндіруге тырысатын; монғолдар кедейлерге байларға қарсы күресуге көмектеседі деп кедей адамдарды; ал жолдарды монғолдар сауда үшін қауіпсіз етіп құрады деп бай көпестерді көндірді. Егер адамдар қарсыласпай берілсе, барлығына бірдей бейбітшілікті, ал қарсыласатын болса қатал жаза беруді уәде етті.

Әскерлер жаудың жеріне бір-бірінен біршама қашықтықта әрекет жасайтын бірнеше саппен кірді. Әр сап бес бөліктен тұрды: орта, оң жақ, сол жақ бөліктерден, арьергардтан және авангардтан. Саптар арасындағы байланыс адам жіберу арқылы және түтін белгілерімен жүзеге асты. Әскердің шабуылы кезінде жаудың әрбір ірі қамалының алдына бақылаушы топ тұрғызылды, ал сол уақытта мобильді жауынгерлер қарсыластың әскерімен қақтығысу үшін алға қарай ұмтылды.

Монғол стратегиясының басты мақсаты қарсыластың бас әскерін қоршап, қыру болды. Үлкен аңшылық тактикасын – щеңберді қолданып, олар сол мақсатқа жетуге тырысты – әдетте табысқа жететін.  Бастапқыда монғолдар үлкен аумақты қоршады, содан соң біртіндеп шеңберді тарылтып, қысады. Жеке сап басшыларының өз әрекеттерін координациялау қабілеті ғажайып болды. Көп жағдайларда олар басты мақсатына жету үшін сағат механизмінің дәлдігімен күш жинады. Субэдэйдің Венгриядағы операцияларын осы тәсілдің классикалық үлгісі ретінде қарастыруға болады. Егер монғолдар қарсыласының әскерімен соқтығысқан кездерінде олардың шегін бұзып өту үшін жеткілікті мықты болмаса, олар кері шегінуді бейнелейтін; көп жағдайларда қарсылас бұндайды ретсіз қашу деп санап, алға қарай соңдарынан ұмтылатын. Сол кезде өздерінің орағыту тәсілдерін пайдаланып, монғолдар кенеттен кері бұрылып, шеңберді тұйықтайды. Осындай бір стратегияға Лигниц кезіндегі шайқас үлгі болды. Сить өзені бойындағы шайқаста орыстар қандай да бір маңызды қарсы шабуыл жасағанша дейін монғолдар оларды қоршап алды [6, б. 97].

Монғолдардың жеңіл атты іскері бірінші болып шабуыл жасады. Ол жау әскерін тоқтаусыз шабуылдармен және кері шегінумен шаршататын, ал садақшылары жау әскерін қашықтықтан құлататын. Осы маневрлардың бәрінде атты әскер қозғалыстарын басшылары жалаушалар арқылы бағыттады, ал түнде түрлі түсті шамдарды қолданды. Жау әскері жеткілікті мөлшерде әлсіреп, деморализацияланған кезде, орта қол немесе флангқа қарсы ауыр атты әскер жіберілді. Олардың шабуылынан болатын талықсыту әдетте қарсыласуды тоқтататын. Бірақ монғолдар шешуші айқасты жеңген кезде де өз міндетін орындадық деп санамайтын. Шыңғыс ханның стратегиясы принциптерінің бірі жау әскері қалдықтарының толық көзін жойғанша дейін ізінен қалмау болатын. Жаудың ұйымдасқан қарсыласқан топтарын толық жою үшін бір-екі түмен жеткілікті болғандықтан, басқа монғол әскерлері кіші жасақтарға бөлініп, жүйелі түрде мемлекетті тонауды бастайды.

Өздерінің бірінші орта азиялық жорықтары болған уақыттан бері монғолдар күшейтілген қалаларды өте тиімді қоршау және соңғы рет шабуыл жасау техникасына ие болғанын айта кеткен жөн. Егер ұзақ мерзімді қоршау байқалып қалса, қаладан біраз қашықтықта сырттан келген жеткізілімдерді тоқтату және қала аумағының сыртындағы жергілікті әскермен байланысты үзу үшін қаланы қоршайтын ағаш қорған құрылатын. Содан соң, құлдардың және рекрутталған жергілікті тұрғындардың көмегімен қала іргесі бойындағы ор фашиналармен, тастармен, құммен, қолға түскен заттардың бәрімен толтырылады; қоршау механизмдері қаланы тастармен, шайыр толтырылған ыдыстармен және найзалармен атқылауға дайындық жағдайына келтірілетін. Ақырында инженерлік корпусқа қосымша ретінде монғолдар қоршау операцияларында жаяу әскерлерді де қолдана бастады. Оларды бұған дейін монғолдар бодан қылған шет ел мемлекеттерінен іріктелетін [7, б. 153].

Әскердің жоғары мобильдігі және жауынгерлердің төзімділігі мен сақтығы жорық кезінде монғолдың интенденттық қызметінің міндетін көп жеңілдететін. Әр саптың артынан ең аз мөлшердегі қажеттіліктері бар түйе керуені жүріп отыратын. Негізінде, әскер бағындырған жерлердің есебінен өмір сүреді деп жорамалданды. Әр ірі жорыққа барғанда монғол әскерінің қажетті қорларының потенциалды базасы арьергардтан гөрі алдыңғы бөлігінде болатын. Монғолдардың ілгері жылжуымен бірге олардың әскері бағындырылған елдің халқының есебінде өсіп отырды. Бұрын дұшпан әміршілеріне бағынған түркі және басқа да көпшенді және жартылай көшпенді тайпалар қару-жарақтары бойынша монғол бірлестігіне қабылданды. Олардан монғол офицерлері бастаған тұрақты әскер бөлімдері құрылды. Осыған байланысты Шыңғыс ханның өлімі кезінде монғол әскерінің саны 129 000 жауынгерге жетті деп айтуға болады. Мүмкін оның саны ешқашан көбірек болмаған шығар. Әскерлерді өздері бағындырған елдерден рекруттап қана монғолдар осындай үлкен жерлерді бағындырып, бақылай алды. Әр елдің қорлары, өз кезегінде, келесі елді бағындыру үшін қолданылды.

Билеу нәтижелері. Наймандарды бағындыру кезінде Шыңғыс хан жазбаша іс қағаздарын жүргізудің бастамасымен танысты. Наймандардың жартысы Шыңғыс хан әскеріне қызметке тұрды да, монғол мемлекетіндегі алғашқы шенеуніктер және алғашқы ұстаздар болды. Шамасы, Шыңғыс хан наймандарды этникалық монғолдармен алмастыруды көздеген болар, өйткені монғолдың атақты жас жігіттеріне, сонымен қатар өз ұлдарына да, наймандардан тіл мен жазуды үйренуді бұйырды. Монғол үстемдігі тарағаннан кейін, Шыңғыс ханның әлі көзі тірісінде, монғолдар шенеуніктердің және бағындырылған елдердің дін қызметкерлерінің, алдымен қытайлықтар мен парсы халықтарының, қызметтерін пайдаланатын [8, б. 154].

Сыртқы саясат аясында Шыңғыс хан өзіне бағыныңқы аумақтың шекараларын барынша көп кеңейтуге тырысты. Шыңғыс ханның стратегиясы мен тактикасына мұқият барлау, кенеттен шабу, қарсыластың күшін бөлуге ұмтылу, қарсыласты алдап түсіру үшін арнайы жасақтарды қолданып тосқауылдарды құру, көптеген атты іскерді қолданып орағыту, т.б. тәсілдер тән болды. Темучин және оның ұрпақтары көне ұлы мемлекеттерді жер бетінен жойып тастады: Хорезмшах мемлекеті, Қытай империясы, Бағдат халифаты, орыс князьдықтарының көп жерлері бағындырылды. Ірі-ірі аумақтар дала заңы «Ясыға» бағындырылды [9, б. 142].

1220 жылы Шыңғыс хан Монғол империясының астанасы Карақорымның негізін құрды [10, б. 167].

Шыңғыс хан өлімінің себебі туралы:

1. Рашид-ад-Дин мен Әбілғазы бойынша – Ол түсінде ажалы жақын қалғанын көріп, Таңғұт ханынан кек алып үлгеру үшін жорыққа шығады. Бірақ ажалы келіп, кек алуды балаларына өсиет етеді;

2. «Ган му» бойынша – Таңғұт ханын жеңіп, тұтқындап, Моңғолияға жібереді де, өзі кенеттен ауырып, 8 күннен соң қайтыс болады [11, б. 97];

3. «Құпия шежіреде» – 1226-1227 жылына қараған қыста аңда жүргенде аттан құлап, жарты жылдан астам уақыт ауырып, бірақ Таңғұт ханын жеңіп, өлтірткеннен соң қайтыс болады; (Егер «ҚШ» 1240 жылы жазылған болса, одан кейін жазылған «Жамиғ-ат-Тауарих» пен «Ган му»-ға осы шығарманы неліктен пайдаланбаған?) [12, б. 127].

4. Лубсан Данзан 1627 жылы жазған «Алтын топшы» 75 пайызы «Құпия шежіреден» көшірілген делінгенмен, Шыңғыс хан қазасы басқаша баяндалған. Мұнда ол аттан құламайды, жорық үстінде ауырмайды. Тек Таңғұт ханын өлтіріп, оның әйелін олжалап болған соң ғана «ыстығы қатты көтеріліп, алтын жаны шығар сәтте» өсиетін айта бастайды. Өзге шығармалардан ерекшелігі – «Алтын тобшыда» Таңғұт ханы Шыңғыс ханға: «Күрбелшін Гоа (сұлу) қатынымның қара тұяғынан бастап, түгел денесін тінтіп шық» деген сөздерді айтып, өліп кетеді. Ежен Боғада (Шыңғыс хан) Күрбелшін Гоа қатынды алады. Күрбелшін Гоа қатынның сұлу жүзіне Еженнен бастап, Ұлы ұлыс түгелдей таң-тамаша қалады. Күрбелшін қатын: «Мына өңім сенің шеріктеріңнің тозаңына кірлеп қалды. Бұдан бұрын мұнан да сұлу едім. Енді суға жусам, қайта көрікті боламын!» дейді. Ежен Боғда: «Суға барып жуынып кел!» деп жібереді. Ол қатын судың жағалауында жүрген көк торғайды ұстап алып, құйрығына жазу жазып: «Мен осы суға түсіп өлемін. Денемді төменнен іздемеңдер. Жоғарыға қарай іздеңдер!» деп әкесіне жібереді. Әкесі қызының айтқан сөзі бойынша өзеннің басынан іздеп тауып алып, жерлегенде бітеу тұлыппен топырақ төгіп көмеді. Сол сүйегін көмген зәулім үйіндіні «Темір олоқу» деп айтады. Сол өзенді Қатын өзені деседі» деп, әйелдің Шыңғыс ханды алдап, суға кетіп өлгені баяндалады [13, б. 180].

Бір таңғаларлығы, осы аталған тарихи еңбектердің барлығынан да ерте, «Мәңгі елге» 13 ғасырда келіп қайтқан еуропалықтар жазған шығармаларда Шыңғыс ханның я аттан құлап жарақаттанғаны, я тістен жарақаттанғаны туралы ештеме кездеспейді. 1253 жылы «Мәңгі ел» мемлекетінің астанасы Қарақорымда болған Франция королінің елшісі П.Карпини кітабында Шыңғыс хан өлімі туралы: «Совершив свои распоряжения и постановления он был убит ударом грома» деп жазыпты («История монголов», 5-тарау, 1-бөлім). Ал Мәңгі ел астанасы Пекинге көшкен соң, 1275 жылы келіп, 15 жыл осы елде тұрған венециялық Марко Поло Шыңғыс хан қазасы туралы «Әлемнің әралуандығы туралы кітап» деген шығармасының XVIII тарауында: «Пошел на крепость Канги, и попала ему тут стрела в коленку: от той раны он и умер. Жалко это, был он человек удалой и умный» деп жазған [14, б. 159]. Олардың бұл деректері өзге еш шежірелерде кездеспейді.

Соңғы екі ғасыр көлемінде Еуропа елдері зерттеушілері Шыңғыс хан өлімі туралы жазғанда негізінен «ҚШ»-дағы «аттан құлаған» деген және «Жамиғ-ат-Тауарихтағы»: «Таңғұт ханын өлтіруге үлгірмей, өзі өлді» деген пікірлерді пайдаланып жүр. Бірақ егер 1227 жылы қыста құлан аулаған кезде аттан жығылып, денесі қатты ауырып, Есүй ханым: «Қағанның денесі түнде қызып шықты» – десе, Шыңғыс хан сондай ауруымен тамыздың аяғына дейін шыдап, соғысқан ба? Таңғұт жеріне келген соң Шыңғыс хан төрт қаласын алып, мемлекет астанасының тұсынан өтіп кетеді («Жамиғ-ат-Тауарих»: «Он прошел мимо этого города и, захватив другие города и области, пошел в сторону Хитая» делінген. Содан соң ғана балаларына өзінің түс көргенін айтып, көктемде Таңғұтқа қайта аттанады (251 б.). Аттан осы жолы құлады деуге – мәңгіелдіктер заңы бойынша аңға тек қыста шығады. Ұлдарына өсиетін айтқаннан соң, оларға: «Енді ұлыстарыңды басқаруға барыңдар» деп, өзі Таңғұтқа аттанады. Егер ол аттан құлап ауырып жүрген болса, күшін бөлшектемей, бірден Таңғұттың астанасын алуға асығар еді ғой. Сондай-ақ осы соғыс кезінде ол Бақыршы мен Мұқылайды Қытай елін билеуге аттандырады («ҚШ», 267 бөлім.). Осыдан кейін Таңғұт ханы берілмек болып елші жіберіп, сыйлықтар дайындау үшін бір ай мерзім сұрайды. «Жамиғ-ат-Тауарихта» Шыңғыс хан науқасы туралы осы елші келіп кеткеннен соң ғана айтылуына қарағанда, Таңғұт билеушісі елшімен қоса әйелін де Шыңғыс ханға қастандық жасауға жұмсаған сияқты. «Алтын тобшыда» Таңғұт билеушісінің жадышы екендігі айтылады. Ендеше ол әйеліне тапсырманы орындап, суға кетіп өлуді гипноз арқылы жасауы мүмкін. Әрине, Таңғұт ханы есептегендей, Шыңғыс ханның тістен алған жарақаттан сегізінші күні қайтыс болған («Ган-му»). Бірақ Шыңғыс хан өз өлімін жасыруға бұйырғандықтан, Таңғұт ханы өз әйелі Шыңғыс ханға қастандық жасамаған, оны аман-сау деп ойлап, уәдесі бойынша бір айдан кейін берілуге келген [15, б. 442].

Бірақ соңғы екі ғасыр көлемінде Еуропа елдері зерттеушілері тек осы дерекке сүйеніп келеді. Кей шежірелерде Шыңғыс ханның аң аулау кезінде аттан құлап ауырып қайтыс болғаны айтылады.

Жауап берді: Қазақтың санын көбейтуді Шымкенттен үйреніңдер

$
0
0
Бұл жерде тек сұрақ қойып тұр ғой. Сөзді көбейтпей ия немесе жоқ деп жауап берсеңіздер қайтеды. Кімнің ойы қандай болса басқалар туралы да солай ойлайды. Әркімде қате болып тұрады оны жазудың еш қажеттігі жоқ. керек болса маман, редакторлар жөндейді.

Жауап берді: Кс-кс-чик-чик-пф-пф-а мағынасы қандай?

$
0
0
Ол сөздерде терең философиялық мағына жатыр. Ол сөздердiң мағынасын түсiну үшiн, кiтапханаға барып iздену керек)))

Жауап берді: Әдеби теорияларды тауып бересіздер ме?

$
0
0

Метафора (грек metaphora – ауыстыру) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Құбылыстар мен заттардың ұқсастық белгілері негізінде астарлы мағынада қолданылуы.

Метонимия (гр. 'metonymіa' – ауыстыру, қайтадан атау) – троптың (құбылтудың) бір түрі. Өзара байланысты балама ұғымдарды қолдану, құбылыс орнына оның ерекше қасиетін көрсету. Метафорада ауыспалы, астарлы мағына екі нәрсенің ұқсастығы негізінде туындаса, метонимияда олардың жалғастығы, айрықша белгісі арқылы пайда болады. Мысалы, әйелді – “ақ жаулық”, әскерді – “қол”, бүркітті – “ақиық, мұзбалақ”, қылышты – “наркескен” деп айту метонимияға жатады.
Метонимия сөз образдылығы мен ойды ықшамдау мақсатында қолданылады

Ирония (гр. еіrоnеіа - келемеж,кекесін) - адамға зат пен құбылысқа сырттай жақсы баға берсе де, ішкі мағынасы қарсы келіп, келекеге айналдыратын құбылту (троп) құралы, болмысты жоққа шығарудың бір түрі. Иронияға астарлы сықақ, іштей мазақ жатады (мысалы, қара кісіні "аппағым", пұшық адамды "қоңқағым"деу).

Жауап берді: Адам үшін дүниедегі ең қауіпті, бұл ..........

$
0
0
Адам үшін ең қауіпті ол-адамның надандығы, білімсіздігі, ұятсыздығы және жалқаулығы...

Жауап берді: 20000 y.e қанша теңге болады?

$
0
0
20,000 у.е*181=3,620,000 теңге

Информатика Файлмен жұмыс

$
0
0
Паскал тілінде файлмен жұмыс  туралы материалдар керек еді Қайдан алуға болады?
Viewing all 42143 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>