«Жасыл шырша жанында» атты кештің жүрісі
1. Кешті ашу
2. Әр түрлі сұрақтар арқылы сұхбат алу
3. Құттықтау сөз мектеп директоры: Р. Рысбаева
4. Ата - ана сөзі
1 - жүргізуші. Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата - аналар!
2 - жүргізуші. Бармысыздар балғын балалар!
1 - жүргізуші. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Бұл мерекеміз қуаныш пен күлкіге толы болсын.
2 - жүргізуші. Міне, 2013 жылда аяқталып келеді. Қуанышы мен қызығы мол бұл жылдың еншісіне айтулы оқиғалар болды.
1 - жүргізуші. Сондай оқиғалардың бірі ақберен батыр М. Өтемісұлының 210 жылдығы, дүлдүл ақын М. Мөңкеұлының туғанына 170 жыл толуы,
Индер ауданының құрылғанына 85 жыл толуы.
2 - жүргізуші.(мектептегі жетістіктерді айту)
1 - жүргізуші. Аппақ бүгін қыр далам
Ақ дастархан жапқандай
Халық біткен қарбалас
Қонақ күтіп жатқандай.
2 - жүргізуші. Жаңа жылда алдағы
Көңіл өсіп кеңейсін.
Ортақ ойы арманы
Жақсы дәстүр көбейсін.
Осы кезде айғайлап - шулатып, желіп ысқыртып залға жезтырнақ келеді.
Жезтырнақ: Е - е - е. Менсіз той жасағалы жатқан не деген батырсыңдар - а. Жо - жо - жоқ.
Жақсылыққа көнбеймін
Жаңа жылың келмеймін.
Мен тұрғанда адамға
Мереке жоқ ғаламда.
Жүргізуші. Мейірімді сиқыршы қайдасың?
Асырмақ жезтырнақ айласын
Құтқар мына балаларды
Аяз ата, қайдасың?
Жезтырнақ: Аяз атаңды алдап
Жаңа жылды жалмап
Жалмап қоям сиқыршыңды
Доғар ондай сөзіңді.
Сиқыршы: Ей, Жезтырнақ, Жезтырнақ қойсақ қайтеді айқайды. Қанша уақыт өтсе де, қаскөйлігіңді қоймадың. Бүгіннен бастап сен мейірімді Жезтырнақ боласың. Балалармен бірге ойнап күлесің. Жаңа жылды бізбен бірге күтесің .(таяғын сермейді)
Жезтырнақ: Мен қайдамын, мен кіммен, мұнда нағып жүрмін?
Балалар: Сен біздің мектептесің, бізбен бірге жаңа жылды қарсы алуға келдің. Жаңа жылды тойлайық.
Жаңа жылды тойлауға тойлауға келген қонақтардың құрметіне 3 - сынып оқушылары Перизат пен Іңкәр Жаңа жыл әнін орындайды.
2 - жүргізуші. Ал, балалар, балалар!
Ескі жылдай аға бар
Оны ортаға алайық
Қош айтысып қалайық.
Ескі жыл. Өткен жылға ризамыз
Өсе түсті бойымыз
Қандық талай ойға біз
Шарықтады ойымыз.
Мен сендермен қоштасқалы келдім. Қош сау болыңдар! Жаңа жылды көңілді өткізіңдер!
Жүргізуші. Ескі жылдың құрметіне Амангелді Нұрай мен Индира «Бала тілегі» әнін орындайды. Қабыл алыңыздар.
Клоундар. Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сәлеметсіздер ме балалар? Алдымен таныспаймыз ба? Менің атым клоун Сэм, ал менің атым клоун Том.
Клоун Сэм: Ал, балалар, ендеше
Сәнді сарай залында
Жасыл шырша жанында
Кел билейік, ән салып.
«Ертегілер елі» әнін орындайтын 3 - сынып оқушысы Перизат. Қабыл алыңыздар.
Клоун Том. Сэм, сен билеймін деп бәрін ұмытып кеттің ғой. Біздің шырша мерекесінде негізгі кейіпкерлеріміз жетіспейді ғой.
Клоун Сэм. Кімдер жетіспейді деп ойлайсыңдар! (Аяз ата, Ақшақар)
Аяз ата мен Ақшақар келгенше шыршаны айналып «Жаңа жыл» әнін орындау.
Клоун Том. Олай болса, қатты дауыстап Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.(2 - 3 қайтара айту)
Аяз ата. Армысыздар, балалар!
Ақшақар. Бармысыздар, балалар!
Аяз ата. Биік - биік таулардан
Ақбас қарлы шыңдардан,
Әзер жеттік балалар
Жаңа жылды тойланар.
Ақшақар. Ал, кәнеки балалар!
Ән мен жырға басайық
Той думанды жалғайық
Жарқыраған шырағы
Шыршамызда нұрланды.
Бақытты жас балалар
Айтады шат жыр әнді
Жаңа жылда сайланып
Шыршамызды айналып
Би билейік, ән салып
Баршамызда жар салып.
1 - жүргізуші. Аяз ата мен ақшақардың құрметіне Ерназардың өнерін тамашалаңыздар.
Ақшақар. Бәрекелді, өнерлі екенсіңдер.
Ақшақар. Том, Сэм біздің балаларға арналған ойынымыз бар. Кәне соны ойнап көрелік.(ойынның шарты түсіндіріледі)
Осы кезде қарақшылар келеді(мылтық)
1 - қарақшы. О, мұнда жаңа жылды қарсы алып жатыр екен ғой.
2 - қарақшы. Шыршаларының әдемісін - ай, неткен ғажап. Керемет безендіріпсіңдер ғой.(мылтықты тарсылдатып қорқытады)
Клоун Сэм. Бұларды кім шақырды
Том, сен шақырдың ба?
Том: Жоқ, мен шақырған жоқпын.
Аяз ата: Менде шақырған жоқпын.
Сэм: Сендер кімсіңдер?
Түрлерің неге жаман.
1 - қарақшы. Біз әлемге әйгілі қарақшылармыз, біз ешкінен қорықпаймыз. Бізге керегі тек байлық.
Сэм: Сендердей қарақшыларға бізде орын жоқ. Кетіңдер!
Кетпейміз.
Аяз ата. Жарайды, жарайды. Дау дамайға түсіп ренжіспейік. Бүгін көңілді шырша тойы, балалардың өнерін тамашалайық.
1 - сынып оқушылары өлең жолдарын арнайды.(дорбаны алып кетеді)
Аяз ата. Ойбай, ойбай сыйлық қайда қызым, ұят болды - ау балалардан. Енді қайттік, сонша жерден арқалап келіп едім. Енді қайттім.
Ақшақар. Аяз ата, клоун Том, Сэм сыйлықты қарақшылар ұрлап кетіпті.
Клоун Том. Аяз ата сіздер балалардың өнерін тамашалай тұрыңыздар. Біз қарақшыларды ұстап әкелейік. Балалар сыйлықсыз қалып жүрер. Міне ұстадық қарақшыларды. Өкінішке орай сыйлықты тығып қойыпты.
Қарақшылар. Сыйлықты оңайлықпен қайтармаймыз. Шартымыз бар.
Аяз ата. Ол қандай шарт?
Қарақшы. Шартымыз бізбен бірге күш сынасыңдар.(арқан тартайық)
Біз жеңсек, сыйлық бізде қалады, ал сендер жеңсеңдер біз сыйлықты қайтарамыз.
Аяз ата. Не істейміз балалар? Ойнаймыз ба?
Қарақшылар. Жарайды балалар! Біз сыйлықты қайтарамыз. Жаңа жылды қайтаруға рұқсат беріңізші.
Аяз ата. Балалар жаңа жылды тойласын ба?
Аяз ата. Балалар ұлттық би билейміз дейді. Соны тамашалайық.
Аяз ата. Ал, балалар, өткен жылға өкпеміз жоқ. Ортамызға жаңа жылды шақырайық.
Жаңа жыл. Уа, құрметті де құдіретті оқушылар мен қонақтар! Мен жаңа жылмын. Барлық адамға бақыт болып келемін. Өтіп бара жатқан жыл өркені өссін. Табысты жыл болсын. Жылдардың арқауы үзілмесін. Жаңа жыл, жаңа бақыт әкелсін.
Жаңа жылдың құрметіне Шұғыла мен Жанбота «Қазақ биін» билейді.
Аяз ата. Ал, балалар, сендермен бірге ойнап күліп, әбден дем алдым. Ақшақар екеумізге бір жерде көп аялдауға болмайды. Ақшақар екеумізді қаумалап жолға шығарып салыңдар.
Келесі жаңа жылға дейін қош сау болыңдар.
1 - жүргізуші. Қандай жақсы біздің Аяз атамыз
Ол келген соң терең ойға батамыз.
Ақшақар болып қалықтаймыз
Құс жолымен ән сап бара жатамыз.
2 - жүргізуші. Кезекпенен келеді жылдар легі
Бұл көпшілік ықыласпен тыңдар мені
Бұл жиынның шырай сіздерге арнап
Естілсін сазды әуеннің әсем лебі.
Кешті бимен қорытындылау
Жауап берді: Жаңа жылға 10 сыныпқа арналған сценарий керек?
Жауап берді: Қайрат Рысқұлбеков "Мен ақталып қайтамын"мазмұндама жазу?
Қайрат Рысқұлбеков
Қайрат Рысқұлбеков 1966-жылы 13-наурызда Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Бірлік ауылында малшы әулетінде дүниеге келді. Қайрат 1973-1981 жылдары Шу ауданындағы Төле би ауылына орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып сегіз жылдық білім алды. Мектепте сабақты жақсы үлгеріп, кластан класқа емтихансыз көшіп отырды. Қоғамдық жүмыстарға белсене аралаласып, мектептің бастауыш комсомол ұйымының хатшысы болды.
Ал 1981-1983 жылдары Бірліктегі бұрынғы Киров атыңдағы орта мектепте оқып, он жылдықты бітірген соң, әскер қатарына шақырылғанға дейін әкесі Ноғайбайға жәрдемші-малшы болып, Көктерек товарлы-сүт фермасында жұмыс істеді.
1984-1986 жылдары Амур өлкесі Белогор қаласыңда әскери міндетін абыроймен өтеді. Әскери-саяси қызметтердің үздігі ретіңде бірнеше мақтау қағаздарымен марапатталып, әскери бөлімше командирлері ата-анасына алғыс айтқан құрмет қағаздарын жіберді. 1986-жылы мамырда әскери борышын өтеп ауылға келіп, тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматы сәулет-құрылыс институтына келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті. 1986-жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның бас тізгіні қайдағы біреуге тапсырылуына бейбіт наразылық білдірген жастар мен студенттерге қосылып, Орталық алаңға шығып, шеруге қатысты.
Қазақ қыздарын шашынан сүйреп, айуандықпен тепкілеп, кейбіреулерін, тіпті, қаныпезерлікпен көк мұзға отырғызуға дейін барды.
Міне, осылай оспадар-озбырлыққа шыдамаған, ана қауымын пір тұтып сыйлап өскен ер-намысты жігіттер қыздарға араша түсіп "бұзық"атанды. Араша түскендердің бел ортасында жүргеңдердің бірі Қайрат еді. Қайрат рухына байланысты өткізіліп жүрген шаралардан қалыспай, ақ ниетті тілегімен құран, дұғаларын аруағына бағыштаумен жүрген ауыл молдасы Абас Смайылов ақсақал былай дейді:
- Біз 1977- жылдары "Көктерек"совхозының Көлтабан бөлімшесіне көшіп келген едік. Қайраттың ата-анасы бізбен көрші тұратын. Бала-шағалары көп еді. Анасы Дәметкен сауыншы болатын да, әкесі Ноғайбай көбіне бақташылық жұмыстар атқарды. Менің кіші қызым Раушанкүлмен жастары шамалас болғандықтан ба, Қайрат біздің үйге жиі келіп тұратын. Сол кездері-ақ үлкенді-кішілі бауырлары кір-қожалақ болып жүргенде, не бары он жастағы Қайрат мұнтаздай таза да, әдемі де, сүйкімді қалпынан таймайтын. Басқа балаларға қарағанда өзгеше де бөлек жаралғанын сонда-ақ байқаған болатынмын. Және де балғын жастығына қарамастан үлкен адамдарша байыпты сөйлей алатындығына қызығатынбыз. Әйелім Резван да іші тарта жақсы көріп, ол келгенде әрдайым тәттілері мен бауырсақтарын ұсынатын...
Қайратты Төле би ауылыңдағы С. Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқытқан ұстазы Александра Михайловна Поласкалина былай дейді:
- Қайрат өте тәртіпті, үлгілі оқушы еді. Өзім оны ерекше жақсы көретінмін. Мектептегі комсомол ұйымының хатшылығына ұсынған мен болатынмын. Қаралы Желтоқсан оқиғасынан кейін Қайрат ұсталыпты деген хабарды естігенде, оның "бұзық әрекеттерге барғанына"менің жүрегім сенген жоқ. Қайраттың ақ екендігін қызметтес әріптестеріме талай рет айттым да...
(1991-жылы қараша айыңда Қайраттың әкесі Ноғайбай Рысқұлбековпен бірге қатысқан мектеп-интернаттың ұстаздары мен шәкірттерінің кездесу жиынында айтылған әңгімеден).
Қайраттың кластас құрбысы Сәлима Исаева:
- 3-сыныптан 8 жылдықты бітіргенше Шу ауданы, Төле би ауылындағы С. Шәкіров атындағы мектеп-интернатта Қайратпен бірге оқыдым. Бұл оқу орны негізінен Мойынқұм мен Шу ауданы малшыларының балаларына арналған еді. Сол кезде бірге оқыған кластас құрбыларымның ішінде Қайрат ерекше дараланатын. Мен келгенде ол 3-сыныптың командирі екен. Алғашында байқағаным Қайрат бұзықтау бала болып көрінді. Жүре келе ол бұзық емес, келеңсіз жайларға шыдамай жаны күйзелсе, бар ойын кімге болса да ашық та батыл айта салатын жан екендігін көрсетті. Өжет те қайсар болатын. Бізбен Қадиша деген қыз оқыған еді. Сол қыз шашын тарамай, сабалақ-сабалақ болып, бет-аузының кірін де жумай сабаққа келе беретін. "Іздегенге сұраған"демекші, мен де тазалық тексергіш-санитарка болып сайланған едім.
- Әй, сені де санитарка дейді ғой, неғып ана Қадишаның шашын таратып, қолының күсін жуғызбайсың?- деп, менің де жанымды шығаратын.
Ол кезде мұғалімнің бетіне қарап сөйлеуге жүрексінетінбіз. Ал Қайрат болса, класс жетекшінің өзіне де қаймықпай:
- Тәтей, ана Қадишаның түріне қаранызшы, "таза жүр"деп, айтпасаңыз, соның қолының кірінен жиіркеніп, тамақты да дұрыс іше алмаймыз,- деп тіке айтатын...
Қайраттың қызықты қылықтарының бірі: кей балалар екілік алғандарында дәптерлерін, күнделіктерін жыртып, лақтырып жіберетін. Сол оқушылардың туыстары келгенде, Қайрат жаңағылардан бұрын алдынан шығып, олардың іс-әрекеттерін бұрынырақ жеткізетін. Әрине, тәртіп бұзғандар өкпелейтін. Бірақ Қайрат олардың да өкпелерін тез тарқататын. Оның тағы бір қасиеті - қолында барын бөліп беретін жомарттығы мен ақ көңілдігі. Бір жағынан, Қайрат адам баласына, әсіресе жапа шеге, зәбір көргендерге жаны ашып, қолынан келген жәрдемін аямайтын. Өзім кішкентайымнан әкемнің туған апайының қолында өскенмін. Ол кісінің қайтыс болғанына көп уақыт бола қойған жоқ еді. Мектеп-интернаттың басшылары бір күні оқушыларға киім үлестіре бастағанда, маған пальто мен етік тиді. Сонда мұғалімдер мені шешесі жоқ деп, мүсіркеп беріп отырған шығар деп, көңілім әбден құлази мұңайып қалдым. Бұл 6-сынапта болатын. Сол кезде Қайрат менің қасыма келіп:
- Сәлима сен бұған ренжіме, бұл киімдерді түсіне білсең, ата-анаңа көмек ретінде беріп отыр ғой,-деп жұбатқаны әлі есімнен кетер емес.
Сондай-ақ, Қайрат замандастарымен хат жазысып тұрғанды да ұнататын. Тіптен Кореяның, Германияның, Монғолияның пионерлерінен жиі-жиі хат алып тұратын.
Қайрат 1-сынаптан бастап бірге оқыған Гүләйім Құттыбековамен жыр шумақтарын жарыса жазысатын да, бірге талқыласатын. Қайрат болса, өз шығармаларын көбіне көпшілікке көрсетуге ұялатын. Ал Гүләйім керісінше, жазған өлеңдерін түрлі жиындарда да, жайшылықта да оқып беретін...
Сегіз жылдықты тамамдаған соң, мен - Мойынқұмға, Қайрат туған ауылы Бірліктегі орта мектепке орналасқаннан кейін де хабарласып жүрдік. 1984-жылы Қайрат Армия қатарына шақырылғанда, "қыздардың жолы жіңішкелігінен"аттап кете алмай, қоштасып шығарып сала алмадық. 1986-жылы мамырда Азаматтық борышын өтеп, ауылға оралғанын, кешікпей өз күшімен Алматыдағы сәулет-құрылыс институтына оқуға қабылданғанын естігенмін. Шыңдығын айтқанымда, сонау балғын шақтардан бастап-ақ Қайрат пен Гүлайым бір-бірін ұнататын. Гүлайым Қарағандыдағы жоғарғы оқу орныңда оқып жүргенде де Қайратпен хат алысып, хабарласып тұрған еді. Кейінгі хабар ошарларды тек Гүлайым арқылы біліп жүрдім.
1986-жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасына қатынасып, "Қайрат адам өлтіріпті дегенде, жағамызды ұстап, өз құлағымызға өзіміз сенбей, есеңгіреп қалдық... Ал Қайрат қайтыс болды дегеңде, бәріміз дерлік қан жылап, қасіретті қайғыға ұрындық.
Әсіресе қаралы қаза Гүләйімнің жас жүрегін жаралап, өте ауыр дертке ұрынған халде қалды... Сондай қайғылы халде күйзеле жүрген шағында Қайраттың рухына мынадай өлең шығарыпты:
Ұзын да емес, қысқа да емес, ортамын,
Жүрегі жоқ адамдардан қорқамын.
Қанды қақпан қармағына іліккен,
Қайрат құрбым, торқа болсын топырағың!
Ерлігіне қуанам да сүйінем,
Қайрат құрбым, рухына мен иілем.
Бәйшешектің солғанына аһ ұрсам,
Әділ жанның қазасына күйінем.
Жыр шашатын жүрегің де тілінді,
Есімің де ел аузына ілінді.
Тіршілікте елеусіз боп жүрдің де,
Көз жұмған соң, кім екенің біліңді.
Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектептің ұстазы Ажар Әбжапарқызы Кененбаева:
- Қайрат бұл мектепте 9-10 кластарда оқыды. 2 жылғы класс жетекшілігімде оның мінезінің қыр-сырын толық білдім деп айта алмаймын. Бірақ Қайраттың мінезі салмақты, әр нәрсеге байыппен қарайтынын байқап едім.
Гитарада ойнайтын, өлеңде шығаратын. Суретті де жақсы салатын. Парталас құрбыларының арасында сыйлы, беделді болды. Өзіне тапсырылып, міндеттелген қоғамдық жұмыстарды дер кезінде орыңдайтын. Мереке күңдеріне орай шығарылатын газеттерді әсемдеп, сурет салып, өз өлеңдерін қоса жариялайтын. Спортпен шұғылдануды ұнататын. Сондықтан орта бойлы, денесі шымыр сомдалып, иықтылау болды. Ауданаралық дәрежедегі футбол жарыстарыңда әрдайым озат ойыншылар қатарыңда көзге түсетін. Көп балалы от басында тәрбиеленгендіктен бе, Қайрат көпшіл, шыншыл, әділ еді...
1987-жылдың көктеміне қарай болу керек, әкесі Ноғайбай аға біздің мектепке келіп: "Ажар, сен 2 жыл Қайратты оқыттың ғой, оның қаңдай екенін білетін шығарсың. Мінездеме қажет болып тұр -деген еді. Жоғарғыдай мағынада үлгілі қасиеттерін көрсете жазып, мектептің сол кездегі директоры Тәжібай Сүйімбековке мөр бастыруға әкелгенімде, онымен танысқаннан кейін: "Мектептің атынан мұндай мақтау құжат жіберуге болмайды",- деп жыртып тастады. Тәжекен де жоғарғылардан жалтақтаған шығар. Ноғайбай ағай мұңая күйзеліп, екі иығы салбырап шығып кетті...
Шіркін, Қайрат егер тірі болғанда, қазақтың аяулы азаматы болып өсер еді...
Мен 1980-жылдары "Көктерек"совхозыңда сүт таситын машинаны жүргізетінмін. Сол кездерде Қайрат Шу ауданы Төле би ауылыңдағы мектеп-интернатта оқитын. Жексенбі күңдері ауылға келгеңде, Таудағы ата-анасына көбіне менің автокөлігіммен қатынайтын. Бүгін есімде қалғаны: Қайрат анау-мынау тентек балаларға қосылмай, жеке дара жүргенді ұнататын. Мінезі сабырлы да салмақты еді. Жастайынан әскер қатарына шақырылғанша, бақташы әкесі мен сауыншы анасына әрдайым қолғабыс жәрдемін көрсетіп, еңбекке араласатынын жиі байқайтынмын.
Қайрат қайтыс болған соң, 1988-жылы жазға салым, жылжымалы моншамен таудағы малшыларға барып қалғанымда, анасы Дәметкенге көңіл айта отырып:
- Алланың жазуы осы шығар, көп мұңая бермеңіз. Ұзамай шыңдық орнау керек. Колбин кеткен соң көрерсіз әлі, Қайраттарды ақтап, оларға батыр атақтарын береді, деген болатынмын. Құдайдың өзі аузыма салды ма, ерекше бір рухани күш айтқызғаңдай халде едім...
Қайраттың ауылдағы құрбысы Айнаш Омарова:
- Өзіміз құралқы жастар бұрынырақтарда аңда-санда мереке күңдерін ойын-сауық ретіңде бір үйге жиналып атап өтетінбіз. Біз сол тамашаларға Қайрат қатынасса ғана баратынбыз. Ол кештің еш жанжалсыз, қызықты-тартымды өтуіне ықпал ететін. Қайрат ішімдікке жоламайтын, жеңіл-желпі қызып алған ер балалардан қорғай жүріп, қыздардың барлығын дерлік үйді-үйлеріне өзі-ақ ерінбей-жалықпай жеткізіп салатын...
Көп балалы ана Келімжанова Маржангүл: - Қайрат Киров атындағы орта мектепте егіз ұл-қызым Асқар, Гаухармен бірге оқып еді. Біздің үйге жиі келіп тұратын және өте кішіпейіл, бауырмашыл болатын. Мені ылғи "мама"деп атайтын. Отбасымызға соңғы рет 1986-жылы 10-желтоқсаңда келіп Асқарды әскерге шығарып салды. Көп ұзамай-ақ жаңа жылда Қайратты ұстап алып кетті деп естідік те, таңқалдық. "4000 сом берсе, түрмеден шығарып алуға болады екен",- деген хабарды ести сала, өзімен бірге оқыған ұл-қыздарды, жора-жолдастарымен ақылдастыра отырып, ақша жинай бастадық. Шамасы келгендері 100 сомнан, арты 50 сомнан берді. Қаражат жинауға Тұмақбаев Амангелді, Тұмақбаева Алтын, Құлбаев Берік, Шілдебаев Нұрлыбай, Бояубаев Сатай, Әйтішев Жұмақан, Тұрынбаева Гүләйім, т.б. белсене көмектесті. Бүгін де Жамбыл облыстық ауруханада тіс дәрігері болып қызмет істейтін қызым Гаухар қаржы жинаса, Армия қатарындағы Асқардың орнына өзім 100 сом қостым. Қайраттың құрбы-жолдастары Талжігітов Мейірхан - жүргізуші, Алматыда ҚАЗМУ-де оқитын Исадыков Нұрлан және Арғымбекова Жасұландар жиналған қаражатты Алматыға апарып, Қайратқа жолыға алмай, анасы Дәметкенге табыстаған.
Сол 40 шақты жора- жиналған ақшаны алып баратын балаларға, қаржы бергендердің тізімін ақ қағазға қызыл бояумен жазып, терезеден Қайраттың өзіне көрсетіңдер деп едім, ол ойым іске аспады.
Жас боздақтың өміріне араша түсе алмағанымыздың өкініші есіме түссе, осы күнге дейін өзегім өртенеді. Ғ. Насыров (ол кезде студент):
- Марқұм Қайрат Рысқұлбековтің алаңда жиналғаңдарға: "Жігіттер, үш күнге шыдадық. Үш күн ішінде біздің даусымыз «Біріккен Ұлттар Ұйымына жетеді!» деген жан дауысы әлі күнге дейін құлағымнан кетпейді.
"Атамекен"газетінен 12 желтоқсан 1991-жыл. Қайраттың анасы Дәметкен Асанбаева:
- Қайраттың мінезінің қаңдай екеңдігін туған анасы мен тұрмақ, жора-жолдастары және ұстаздармен қатар бүкіл ауылымыздың халқы бес саусақтай біледі. Басқа ұл-қыздарымнан ерекшелігі: ол ақ жарқын да ақ пейілді, ешкімнің көңілі қалмаса екен деп өскен ұл еді. Оның үстіне өз замандастарының арасыңда үлгілі де қадірлі болатын.
Жоғарғыдай мінездемелер мен деректерді ой сарабына салып таразылағаңда, мәртебелі мырзалармен олардың жағымпаз жандай Қасіретті Желтоқсан оқиғасының бар ауыртпалықтары мен "бәле-жаласын"он екіде бір гүлі ашылмаған қыршын Қайратқа арқалатып, оны қаралап қана қоймай, өміріне қастандық жасауын ойласақ, жан түршігеді.
1987-жылы 21- мамырда Қайраттың қайтыс болғанын "Америка дауысы"Радиохабарламасынан естіген белгілі құсбегі Жапар Сатылғанов қапалана отырып, "Қайрат қайтыс болғанда"атты өлеңін дүниеге келтіреді. Бірақ жалтақ сарашылардың арқасында бұл шығарма кезінде жарық көрмеген еді.
Жауап берді: Өмір артқан міндет деген мазмұндама қажет?
Бейімбет Майлин (1894-1938жж)
Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин 1894 жылы бұрынғы Торғай облысы, Қостанай уезі, Дамбар болысындағы Ақтөбе деген жерде қазіргі Қостанай облысы, Таран ауданы, Майлин кеңшарында туған. Екі жасында әкеден жетім қалған Бейімбет бір байдың сауыншысы боп жүрген анасының қолында тәрбиеленеді. Жетігі жеткен соң өзі де сол байдың қозысын бағып, кейін атының делбесін ұстайды. Бейнет пен жоқшылықтың ащы дәмін ерте татқан жас бала кәрі әжесінің жылы құшағында бұйыға тербеліп отырып, оның:
Өмірімде көргенім күңдік, құлдық,
Бұл жалғанда бар ма екен біздей мұңдық? –
деген гөй-гөйінің зар сырын жанымен ұғады. Әжесі көне жырларды көп білетін, өзі де аздап өлең шығаратын ақынжанды адам екен. Соның әсері болса керек, Бейімбет қаршадайынан өнерге құмартып өлеңге әуестенеді.
Майлин алғаш рет ауыл молдасынан сауат ашып, хат таниды. Содан соң есігінде жүрген бай үйінде тұратын Әбдірахман Сатыбалдин деген татар мұғалімінен дәріс алады. Одан әрі іргелес көрші ауылдағы басқа бір Әбдірахман Арғынбаев дегеннің медресесіне түсіп, екі жыл (1910-1912) оқиды. (Шұғаның белгісіндегі бас кейіпкердің мұғалім болуы және Әбдірахман атануы тегін емес-ті). Өз бетінше кітап оқып, көп ізденеді; қалаға барып, білімін одан әрі көтеруге талаптанады.
1913-1914 жылдары Майлин Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітіргеннен кейін Уфа қаласындағы Медресе-Ғалияда оқиды. Сол жылдары медресе шәкірттерінің әдеби үйірмесіне қатысып, өзі секілді талапкер жастармен бірге «Садақ» атты қолжазба журнал шығарысады. «Садақтың» әрі редакторы, әрі белсенді авторы болған Бейімбет осы журналдың 1914 жылдағы үш нөмірінде өзінің тырнақ алды прозалық туындысы «Шұғаның белгісін» жариялайды. Бұл «Ғалия» шәкірттері мен ұстаздарының арасында автордың атын шығарып, талантын танытқан тамаша шығарма болатын. Бейімбет Майлиннің медресеге сабақ беретін белгілі татар жазушылары Мәжит Ғафуринмен, Ғалымжан Ибрагимовпен шығармашылық байланысы, медреседе өзімен бірге оқитын башқұрт ақыны Сайфи Құдашпен достығы осы кезден басталады. Солармен ынтымақтаса жүріп, Бейімбет екі жылдай орыс тілін үйренуге көп күш салады; Гоголь, Лев Толстой, Чехов, Горький шығармаларымен түпнұсқадан танысады.
Бірақ денсаулық жағдайына байланысты Медресе-Ғалияның оқуын аяқтай алмай, 1915 жылы дәрігерге көрінбек болып Тройцк қалсына қайтып оралады да, осы тұста «Айқап» журналында қызметте жүрген Сұлтанмахмұт Торайғыровпен, Мұхамеджан Сералинмен танысады. Журналда бірнеше өлеңдер жариялайды. 1916 жылы еліне келіп, 1919 жылға дейін қаламгерлік қызметімен қатар, ауыл жастарына ұстаздық етеді. Бұл бір орасан қиын, ойлы-қырлы, бұралаң жолдары көп күрделі кезең еді. 1916 жылғы маусым жарлығы кезінде елдің ер-азаматтары қылыштарын кекке қайрап, екі жақты езгіге – патша жендеттерінің талауына, жергілікті жемқорлардың қанауына қарсы ұлт-азаттық көтерілісіне аттанғанда, Бейімбет оларға сәт-сапар тілеп, күрес адамдарын ашық айқасқа, берік сапқа тұруға шақырды («Қанды тұман»):
Ойбай-ау қайдасыңдар? Аттаныңдар!
Бері кел, шашау шықпа, топтаныңдар! -
дей тұрғанымен, осы қозғалыс бірсыпыра жерлерде сәтсіздікке ұшырағанда кенет торығып, келер күннен үміт үзе жаздайды да, 1917 жылдың ақпанында патшаның тақтан құлағанына қуанып, қайта жадырайды («Қазаққа»):
Келді теңдік, туды теңдік басыңа,
Қатын, еркек, кәрі менен жасыңа.
Туысқандық, құрдастыққа асыға –
Алалықты араңдағы жой, қазақ!
Бұрынғыдай байың, жарлың шашылма!
Бірлікпенен жұмыс атқар басыл да!
Азынаулақ миың болса басыңда,
Партия, штат, дау-шарыңды қой, қазақ!
Ақпан революциясының нәтижесінде шынымен-ақ «келді теңдік, туды теңдік» деп асығыс түйін түйгеніне қарамастан, осы өлеңдегі ел-жұртты бірлікке шақырған ақын үнінің асқақ рухы, азаматтық әуені әлі күнге маңызын жойған жоқ. Тағы бір ескеретін нәрсе, осы өлең сол кездің алауыз, жікшіл, ұр да жық рухынан ада. Бағзы біреулерше, өзінің ел-жұртын, ұлтын тапқа бөліп, анау бай, мынау жарлы-жақыбай деп қылың бұқара арасына жік салып, алауыздық отын жағып жатқан Бейімбет және жоқ. Керісінше, байың бір бөлек, жарлың бір бөлек шашылмаңдар, бірігіңдер, бірлесіп еңбек етіңдер, қазағым дейді. Демек, Бейімбет Майлин сол кездің өзінде туған елінің болашақ азаттық, еркіндік, егемендік рухымен тыныстағандай...
Бірақ ол тұстағы жағдай да, заң да жалпыға мәлім. Соған сәйкес ендігі өмірі мен өнерін түгел және біржола Қазаннан кейінгі жаңа заманға бағыштаған Бейімбет Майлин 1919-1921 жылдары ауылдағы кеңес жұмысына араласады. 1922 жылы Сәкен Сейфуллиннің шақыруымен Орынборға келіп, баспасөз қызметіне қызу кіріседі. Орталық газет бетінде жиі-жиі әңгіме-очерктер жариялап, «Қызыл Қазақстан» журналында «Шұғаның белгісін» жаңадан жөндеп бастырады, кітап баспасынан өлеңдер жинағын шығарады.
1923 жылы Майлин Қостанай қаласына барып, «Ауыл» деген жаңа газет шығарысады. Көптеген новеллалары, сықақ әңгімелері, белгілі «Раушан коммунист» хикаяты осы газет бетінде жарық көреді. 1925 ж.
Өлкелік өкіметтің арнайы шақыруымен республиканың сол кездегі астанасы Қызылордаға келіп, қайтадан баспасөз және баспа орындарында (1934 жылға дейін) әр алуан қызметтер атқарады. 1934-1937 жылдары «қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы болып істейді.
Осылармен қатар, ұйымдасқан күннен бастап Қазақстан жазушылар ұжымының құрамында болып келген Бейімбет ұлан-ғайыр әдеби еңбекті ұйымдастыру, ұйым жұмысын басқару, жас әдебиетшілерді тәрбиелеу ісіне үнемі ат салысып отырады.
Бұл жылдары Майлин-суреткер өз дәуірінің ұлы, өз заманының үні болудың үлгісін көрсетті. Әсіресе оның шағын және орта көлемді эпика түрінде ай сайын, апта сайын толассыз суып, мерзімді газет-журнал беттерінде үздіксіз жарияланып жататын әдеби шығармалары жиырмасыншы-отызыншы жылдардағы ауыл өмірінің тіршілігінің Бейімбет бейнелемеген сыры да, сымбаты да сирек шығар...
Осы жылдар ішінде жазушының өзі қалам тербеген барлық жанрда елу бес кітабы жарық көріп, жұртқа кеңінен таралып еді.
Б. Майлин 1938 жылы дүние салды.
Ақындығы
Бейімбет Майлин – ақын: әдебиеттегі алғашқы адымын өлеңнен бастады және қазақ поэзиясының дамуына өзіне лайық үлес қосты.
Майлин – реалист. Оның поэзия, проза драматургия салаларының қай-қайсында жазған шығармаларын алып қарасақ та, тұнып тұрған шындық; ақиқаттан ауып басқан бір де бір адымы болған емес.
Ендеше, шыншыл суреткердің әдеби туындыларының болмыс-бітімін, сыр-сипатын, қажет жағдайда тіпті күнгейімен қоса көлеңкесін сарапқа салған тұста да оның өзіне ұқсамауға, яғни ақиқат шындықтан алшақтауға болмайды.
Қазақ поэзиясының дамуына өзіндік үлес қосты дегенде біз қазақ өлеңін көркемдік жағынан еуропалық биікке көтеріп, оның мазмұнды пішінін тотының түгіндей құбылта құлпыртқан Абайдан әрі өрлетіп әкетті демейміз. Әділіне келсек, Бейімбет өлеңдерінің өрімі ең жеңілі, ырғағы, ұйқасы ... – Абай реформаларынан көш кейін жатады.
Демек, кейбір зерттеулерде айтылып жүрген «Бейімбет – қазақ өлеңінің асқан шебері» деген пікірді ұшқары, ағат. Мазмұн мен пішін жағынан қатар салмақтап байқасақ, оның суреткерлік шеберлігі әңгімелеріне қарағанда өлеңдерінде бәсең, әлсіз.
Олай болса, Майлин поэзияның қадір-қасиеті неде?
Екі нәрседе – жырлаған тақырыбында және бейнелеген образында біріншіден, Бейімбет қазақ кедейінің тұрмысы мен тіршілігін қазақ поэзиясында өзіне дейін болмаған аумақта, кең, терең және жан-жақты суреттеді.
Екіншіден, Бейімбет қазақ кедейінің мінезі мен мүсінін қазақ поэзиясында өзіне дейін болмаған деңгейде дәл, тіпті типтік һәм символдық дәрежеде (Мырқымбай) тарихи жағынан нақты және өрбу, өсу үстінде сомдап соқты.
Осы екеуінің үстіне енді Бейімбет өлеңдері мен поэмаларының тұла бойына күн шуағындай тарап, ұшқын атып, сәуле шашып жатқан әрі жылы, әрі шымыр юморды (әлсіз әжуәні) қоссақ, жалпы Майлин ақындығының өзгелерден оқшау тек өзіне ғана ерекшелігі белгіленеді де, оның жоғарыда айтылғандай, қазіргі қазақ поэзиясының дамуына қосқан үлесі анықталады.
Қыз-келiншектер, әйел-аналар туралы мақал-мәтелдер керек?
Қыз өссе – елдiң көркi, гүл өссе – жердiң көркi.
Сұлу – сұлу емес, сүйген сұлу.
Сұқтанба қапыда “сұлу” деп құр бетке,
Адамдық – ақылда, сұлулық – жүректе.
Қызым саған айтам, келiнiм сен тыңда.
Жақсы үйге түскен келiн – келiн болады.
Келiнi жақсының – керегесi алтын.
Екi жақсы қосылса, ай мен күндей жарасар,
Екi жаман қосылса, ырылдасып таласар.
Апасының киген тонын, сiңлiсi де киедi.
Қызға қырық үйден тыйым.
Қызды кiм сүймейдi, қымызды кiм iшпейдi?!
Анасын көрiп қызын ал, ыдысын көрiп асын iш.
Отырған қыз орнын табады.
Жақсы әйел жаман еркектi – ер қылады.
Жаман еркек жақсы әйелдi – жер қылады.
Екi сиырың болса – айран болар,
Екi әйелiң болса – ойран болар.
Екi әйел алғанның – дауы үйiнде,
Жаман әйел алғанның – жауы үйiнде.
Баланы жастан, әйелдi бастан.
Жақсы әйел – ырыс, жаман әйел – ұрыс.
Абысын тату болса – ас көп, ағайын тату болса – ат көп.
Ата даңқымен қыз өтер, мата даңқымен бөз өтер.
Қарыздан да әйел ал, әйелiң қалар жаныңда.
Байдың әйелi өлсе – төсегi жаңғырар,
Жарлының әйелi өлсе – басы қаңғырар.
Бас екеу болмай, мал екеу болмас.
Ауру – астан, дау – қарындастан.
Сараңдық жұғады екен ауылдастан.
Жауап берді: Әке мен бала мазмұндамасын жазу керек?
Әкешім — асқар тауым
Құрметтi, әкелер, Сiздердiң назарларыңызға!
«Ана — сая болар бағың болса,
Әке — асқар тауың» дейдi қазақта.
Бiр күн бар, жылатар күн, жұбатар күн.
Бiр күн бар, мұңайтар күн, қуантар күн.
Мейлi ол шаңырақ сәттi болсын, сәтсiз болсын,
«Әке» деген сезiмдi ұмытар кiм, — дейдi бiздiң халқымыз.
Әр шаңырақта әкенiң орны ерекше. Әке — отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерiнiң тiрегi, қамқоршысы. Әкенiң мiнез — құлқы, өзгелермен қарым — қатынасы, өнерi мен бiлiмi — баланың көз алдындағы үлгi, өнеге алатын, оған қарап өсетiн нысанасы. Отбасының пейiл — береке, ынтымағы үшiн отағасының әдiл, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелiк рөлi де зор. «Әке — асқар тау», «Әке — балаға сыншы» дейдi халқымыз.
Ер бала әкесiмен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бiр әрекет жасау үшiн әуелi әкесiмен сырласады. Ер баланың өсiп, жетiлiп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенiң атқарар еңбегi ерекше. Қазақ халқында «Бiр бала бар — атадан өте туады, бiр бала бар — керi кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негiз қалайтын да әкенiң өзi.
Ер адамдардың көбi ұл баланың туғанын асыға күтедi. Бұл түсiнiктi жағдай: ұлды өзiнiң жалғасы ретiнде көредi, ұлға дәулетi болмаса да (бiрақ кейбiр кезде дәулет туралы да сөз болады), өзiнiң өнерiн, шеберлiгiн, бiлiмiн мирас етiп тастап кетем деп үмiттенедi.
Әке мен ұл баланың арасындағы қарым-қатынас
Нағыз ер жiгiт –өзiн-өзi ұстай алатын салмақты, қарсыласына тойтарыс бере алатын ержүрек, әрқашан әлсiздерге көмектесiп, әдiлдiктi жақтайтын адам.
Дәл әкенiң өзi ұл баланың бойына ерте жасынан бастап осы қасиеттердi қалыптастыруы тиiс. 3-4 жасынан бастап-ақ жасаған қылықтары үшiн жауап беруге, «Еркелеме, нағыз ер жiгiн олай iстемейдi, сен сабырлы болуың керек» деген сияқты өзiн-өзi қадағалау дағдыларына баулу керек. Бала қиыншылықтарға шыдамды, оларға қарсы тұра алатын, қажет болған жағдайда ауыруға төзiмдi болуы тиiс. Осылайша болашақ ер азаматтың негiзгi қасиеттерi қалыптасады.
Ең маңызды сәт: нағыз ер жiгiттi тәрбиелеу өзiңiз көрсеткен үлгi арқылы ғана тиiмдi болуы мүмкiн. Әкесi баласын тек қана шындықты айтуға үйретедi, ал өзi телефонмен сөйлескенде баланың шешесiн «Менi үйде жоқ деп айтшы», — деп сұрайды. Әкесi баласын сабырлы, шыдамды болу керек деп үйретедi де, өзi баланың шешесiне қатты ұрсуы мүмкiн бе? Сондықтан бала сөздердi есiне сақтамайды, өнеге көрсеткен үлгiнi есте сақтайды, және де өмiр бойы жадында сақтайды. Бұл дегенiмiз: ең бiрiншi өзiңiз өзгерiп, жауапкершiлiктiң маңыздылығын қабылдап жетiлiп отыру керек.
Әке — үлгi тұтар өнеге.
Әке, қаласа да, қаламаса да ұлы үшiн нағыз ер жiгiт өнегесiнiң үлгiсi болып табылады. Бұл, әке өз баласына ең жақсы деген тәлiм-тәрбие берем десе өзiнiң зиянды дағдыларынан бас тартып, өз тәртiбiн мұқият қадағалайды деген сөз.
Құлпырып өсiп келе жатқан жас ұрпаққа әкесiне деген шексiз махаббат қана емес, одан басқа жетелейтiн шексiз құрмет, сыйластық болған өте маңызды. Әкесiнiң жүзу, мылтықпен ату, отын жару бiлуi. Жалақысының жеткiлiктiлiгi. Сабырлық сақтау қабiлетi. Осылардың бәрiн есте сақтап, бала өсе келе әкесiнiң соңынан тәртiбiн ғана емес, сонымен қатар киiм киюiн, түр-сипатын, жүрiс-тұрысын бәрiн қайталайды. Егер осыны байқасаңыз — мақтана аласыз, Сiздi балаңыз жақсы көредi әрi өте қатты сыйлайды, мақтан тұтады.
Әкенiң қаталдығы, талаптылығы шектелген болуы тиiс. Ұлы қандай жағдай болса да, әкесiнiң оны жақсы көретiнiн, қашанда түсiне алатынын нақты бiлуi тиiс. Мынадай бiр эксперимент өткiзiлген екен: ұлдардың үлкен бiр тобы психологтармен екi лагерге бөлiнген екен — бiреуiнде әкелерiмен әрқашан қиыншылықтары, табыстары туралы бөлiсетiндер жиналыпты, ал екiншiсiнде — бөлiскiсi келмейтiндер немесе бөлiсуге қорқатындар жиналыпты. Психологтар таң қалыпты — бiрiншi лагердегi балалар «еркек» типi бойынша, ал екiншi лагердегi балалар «әйелдер» типi бойынша дамып келе жатқан екен.
Ұрпақ тәрбиелеу мәселесi о заманда да билердiң көңiлiнен тыс қалып қоймаған. Бөлтiрiк шешеннiң:
«Алдындағы ағаның етегiн баспа, жолын қу,
Артыңдағы iнiңнiң бетiн қақпа, белiн бу» деген, ел iшiнде мақал болып кеткен сөз тiркесiнiң қаншалықты терең тәрбиелiк мәнi бар.
Жауап берді: Әке мен бала тақырыбындағы 8-сынып мазмұндамасы керек

Жауап берді: Әке мен бала мазмұндама керек?

Жауап берді: Әке мен бала мазмұндама тауып бересіздер ме?

Жауап берді: Құс-табиғат перзенті деген мазмұндама керек?
Құстар – табиғаттың көркі! (шығарма)
Құстар өзгеше болып жаратылған құбылыс иесі. Бейне біздің аспан Әлеміндегі қорғаушымыз сияқты. Сияқты емес солай да. Себебі көк аспан олардың туған мекені. Көкті құссыз, құсты көксіз елестету қиын. Біздің көгімізде құстар сайрап жүрсе, жердегі адамдар да тыныш, бейбіт өмір сүре алады. Біз көкке қарағанда көзіміз ең әуелі ұшқан құсқа түседі. Көп жағдайда күйкі тірлікпен олардың тыныс - тіршілігіне мән беріп, тіпті көкке көз тастап, бір де қарамаймыз. Ал, олардың көкте ұшқанын, жерге қонғанын зер салып, бақылап қарайтын болсаң, олар бейне бір жұмбақ құбылыс сияқты. Ешнәрсені ашып айта алмайды. Қуанышы да, реніші де ішінде сияқты. Бір құдіретті күшің болып, құстардың тілін меңгеріп алсаң, яғни құстардың тілін түсінер болсаң, тіпті басқаша әлемде өмір сүрген болар ма едік. Өзім солай ойлаймын, себебі, құс киелі жануар.
Құстар қос мекенділерге жатады. Яғни жер де, көк те құстың мекені болып саналады. Көк - құстың еркін мекені. Ал жерде көктегі сияқты емін - еркін сайраңдай алмайды. Себебі жерде оларға төнетін қауіп көп. Құстарды көбіне жердің бетінде жүргенде бірден ұстап алу қиын. Себебі құстар көп жағдайда адамдардан үркіп тұрады. Солай үйреткен де. Кейбір адамдар құсты ебін тауып ұстап алса, оларды ойыншыққа айналдырып, алғымына жіп байлап, қанатын кесіп қорлағысы келеді де тұрады. Құстарды үркек қылып қойған өзіміз. Олар неге адамдарды көрсе үрке қарайды? Олар өте сезімтал. Қай жер өзіне құт - мекен бола алатынын ерте бұрын - ақ сезген. Сөйтіп, олар көкте қанаттарын оңды - солды сермеп ұша алады. Өйткені оларға көктен төнетін ешқандай қауіп жоқ.
Орнитология - құстардың дамуы, физиологиясын, жер бетіне таралуын зерттейтін ғылым саласы. Олар зерттеген құстарын мынадай топтарға бөлген. Мысалы, жүгіретін құстар, ұшатын құстар, ашық далалы алқаптардағы құстар, жыл құстары, қыстап шығатын құстар, сұңқартәріздес, тырнатәріздес, жапалақтәріздестер, торғайтәріздестер деп бөлген.
Биолог мамандар құстарға төнген мынандай қауіптер дерегін келтіреді. Яғни, қоршаған ортаның ластануынан, құстардың көптеген түрі жоғалу үстінде. Себебі олардың мекен ететін ағаш жапырақтарына дейін қысқа болып тұр. Ал адамдардың серуені кезінде, құстардың ұяларын бұзып, құстарды үркітіп, мекен - жайларын ауыстыруға әкеліп тірейді. Құстарды адамдардың досы екенін жете сезінбейді. Ал құстардың адамдардың шаруашылық әрекетіне пайда келтіретін тұстарын көптеп келтіруге болады. Мысалы бір қарлығаш бүкіл жаз бойы 1 миллион құрт жейді екен. Қараторғайлардың бір тобы бүкіл балапандарымен 22 тонна шегірткені азық етеді екен. Ал шегірткеге келсек, олар біздің ең басты қас жауымыз. Олар біздің мал жейтін көк шөбімізді, жасыл өсімдіктерімізді баудай жайқалып тұрған егістігімізді отап - жеп көп зиян келтіреді.
Үйіміздің маңында жүретін кіп-кішкентай торғайдың бір өзі жылына 4 миллионға жуық жәндік жейді екен. Сондықтан құстарды қорғау және егістікті бау - бақшалы жерлерге тарту үшін қолдан жасанды ұялар салу, ағаштарды көбірек егу керек. Бұл жұмыстарды бүкіл еліміздегі мектеп оқушылары қолға алып, жүзеге асырып отырса нұр үстіне нұр болар еді. Сонда құстар біздің жерден алатын азық - түлік өнімдерімізді құрттардың құртуынан, жәндіктердің жеуінен құтқарады екен. Біздің қорек ететін азығымыз құстардың арқасында молайып отырғанын білеміз. Құстар болмағанда жерден өсіп - өнетін азығымыз құрт - құмырсқаға жем болар ма еді. Тамағымыздың тоқ, көйлегіміздің көп болуына құстардың пайдасы зор екен. Құстарды адамдар ерте заманнан – ақ дос санаған. Себебі ертегілердің көпшілігінде адам басына қауіп төнгенде құтқарушысы, жақсылық жасап дәулет сыйлаушысы Бақыт құсы ылғи да кездесіп отырған. Сондықтан да халық аңыздарында қанатты достарымызды айлалы, ақылды етіп көрсеткен көрінеді.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан жолы» атты кітабында былай деген екен: «Көктөбенің басында, алып көк теңіздің жағалауында өмір ағашы - Бәйтерек өседі екен. Жыл сайын Бәйтеректің бұтағындағы ұясына келіп, киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады екен. Бірақ жыл сайын айдаһар - жылан сол күн тәріздес жұмыртқаны жеп қояды екен. Бұл көрініс күн мен түннің, қыс пен жаздың ауасын, қайрымдылық пен зұлымдықтың, жарық пен қара түнектің күресін астарлы түрде бейнелейді. Аңыз бойынша Ер Төстік жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алып қалады, ал осыған разы болған құс оның жер асты патшалығынан шығуына көмектеседі. Киелі ағаш туралы аңыз - бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған жаңарған Қазақ елінің мақсатты көрінісі».
Осындай халық аңызының арқасында «Бәйтерек» кешені біздің көз қуанышымызға айналды. Мұнда да құс бейнесі, құс тағдыры суреттелген. Ендеше құстарды біздің келешегіміздің кепілі деп айтуға толық негіз бар екенін осы жерден білеміз.
Жауап берді: "Құс-табиғат перзенті"тақырыбында мазмұндама керек еді, қайдан табуға болады?

Жауап берді: "Құстар - біздің досымыз"тақырыбына шығарма керек еді, қайдан алуға болады?

Жауап берді: Тахауи Ахтановтың күй аңызы әңгімесінің идеясы қандай?
"Күй аңызы" - Т.Ахтановтың ең алғашқы әңгімесі. Әңгіменің негізгі тақырыбы — өнер құдіреті. Естемес деген күйшінің ауыр тағдыры. Ол өзінің мұңлы да зарлы күйі арқылы ботасы өлген боз інгеннің тақырдай қатып қалған қайыс жонын жұмсартып, тіршілікке нәр бергендей болды.
Бұл әңгіме күйші Естемес пен жас жігіт Оразымбеттің жолдағы әңгімесі мен бастан кешкен оқиғасы туралы. Естемістің жас қызға ғашық болып, оған соңына дейін тырмысып өзіне алғысы келгені, бірақ қыздың ондай ойы болмағанын біліп, көңілі түскені туралы болатын.
Естемес және оның жанында жүрген жас жігіт Оразымбет екеуі жол жүріп бара жатып жолаушылап Ипан тауының баурайындағы жалғыз үйге тоқтайды. Естемес сол қызға ғашық болады. Әкесі егер менің суалып қалған түйемді идірсең,қызымды беремін дейді. Жаңылға қосылу үшін ол күй шерте басатайды. Бұл баяғыдан бітіре алмай жүрген күйі еді. Күй соңында күйші қатып қалған бозінгенді идірсе де қыз оған заманының өткендігін білдіреді. Осы күй осыдан "Нар идірген"деп атылып кеткен.
Шығарма кейіпкерлері:
*.Естемес - күйші, тарамыс денелі, қатқыл өңді, егде кісі, тағдырына ыза болған, өкінген адам.
*.Оразымбет - Естемістің шәкірті.
*.Жаңыл - жасы он алты-он жетілер шамасындағы, қою қара қасты, мөлдіреген қара көзді, дөңгелек жүзді, қара торының сұлуы.
Жауап берді: Тахауи Ахтановтың күй аңызы деген шығармаға мазмұндама керек?

Жауап берді: Тахауи Ахтановтың Күй аңызы атты әңгімесіне кейіпкерлердің тағдыры туралы шығарма?
Екі салт атты адырдың басына желе-жортып шықты да, аттарының басын іркіп, алақан астынан алысты шолды. Төмен қарай көлбеп бара жатқан кең жазықтың шетінде мұнартып оқшау тұрған жалаңаш тау көрінді.
– Анау Ипан тауы ғой, – деді жас жігіт қамшысымен нұсқап.
Жас жігіттің дауысы аңсағанын көргендей қуанышты шықты. Оның астында жалын өрген қылаң бесті, үстінде өңіріне зер ұстаған кең мақпал қамзол, талдырмаш белін қызыл үдері белбеумен қынай буған, басында төбесін көк мақпалмен тыстаған құндыз бөрік. Тек ер-тұрманы ғана жұпынылау. Бір кезде көк сауырлап жез шегені тізілте қаққан ері басқа біреудің астынан ауысқан сияқты, әбден тозып, бояуы оңып, жарғақтанып кеткен. Ердің артындағы ұзын қызыл қоржыннан шекпен қап кигізген домбыраның мойны шығып тұр. Оның қасындағы күрең атты – жасы елуді алқындырған, әдемі дөңгелек қара сақалды, биік дөңес мұрынды, кішілеу өткір қоңыр көзі биік қабағының астында терең ұялаған, қағылез кісі. Бұл осы өңірге аты кең жайылған Естемес күйші еді. Ол маңдайына тосқан қолын түсіре берді де, етсіз салалы саусағымен қамшысының ұшын қағып алды.
– Бұл маңдағы ауыл көшіп кеткен-ау, – деді Естемес ойланғандай болып.
– Неге? Ауыл ылдида – Ипанның етегіндегі қайнарда болар, – деді жас жігіт.
Қыбыр еткен бір қара көрінбейді. Бұл ауылдың малы әрі Ипан аспай, бергі осы бозда жайылатын еді ғой. Жаңа ғана Ипанды көргенде балапандай талпынып, сергіген жас жігіт енді басылып қалды.
– Иә, мал көрінбейді, – деді ол. Естемес жас жігітке өңі жылып, есіркей қарады.
– Шаршадың білем, ә? Оқасы жоқ, ел болмаса да, қайнарда ат шалдырып, тыңайып алармыз. – Ол сәл күрсінгендей болды… – Күйшінің өмірі осы. Қамшыны тастай беріп, домбыра ұстайсың. Домбырадан босап кетсе, қолың тағы да тізгінде болады, солай, Оразымбет шырағым. Ал аттың терін басайық. Енді екеуі асықпай, аяңмен келеді. Естемес қайтадан сөз бастады:
– Қарағым Оразымбет, маған ергеніңе жыл болып калды. Құлағың сақ, қолың жүйрік жігітсің. Түбі, жақсы күйші сен боларсың. Бірақ күйімді үлгі етсең де, менің өмірімді үлгі етпе! Жас елуге келді. Менің өмірім тұрлаусыз болып барады. Қанша ел көрсем де, жер көрсем де, қайтып оралар бір қазығым жоқ. Жар сүймей, бала сүймей кетіп барам. Енді бір айналғанша, қарттық келеді. Нағыз от басының жылуын аңсайтын кез сонда болар.
Естемес ауыр күрсініп қойды. Оразымбет ұстазын аяп кетті. Қабағы кірбеңсіз, көңілі ашық көрінген ұстазын іштей кемірген зор уайым бар екен.
– Сізге қарттық қайда, Еске! Әлі де біреуді айттыруға болады ғой. Алпыстағы Түлкібай да былтыр қыз алған жоқ па? – деді ол ұстазының көңілін аулап.
Естемес ащы мырс етті:
– Аңғыртсың-ау әлі. Немді көріп құда түсем?! Күйге қыз берген қазақты әлі көргенім жоқ.
Осы әңгімеден екеуінің де көңілі жүдеп, үнсіз келе жатты. Кенет суалып қалған жырада жалғыз нар көрінді. Жолаушылар үйреншікті мал емес, жапанда жалғыз қалған адам көргендей әлденеден тітіркеніп, аттарының басын тежеп, іркіліп қалды.
Нардың түрі жүдеу, бүйірі солып, өркеші қамшылар жағына қисая бастаған. Тамыры қураған ағаштай семіп, кішірейіп бара жатқан ірі тұлғасы, күйіс қайырмай, қыбыр етпей тұрған мүсәпір бейнесі, әсіресе телміре қараған жасқа толы үлкен мөлдір көзі екі күйшіге қатты әсер етті. Оразымбет үрпиіп қадалып қалған Естемеске бұрылды:
– Еске, дұға оқып жіберіңізші. Елсіз далада мал кейпінде жын-шайтан жүреді деуші еді.
Өз сөзінің соңын көміп нар боздап қоя бергенде, Оразымбет « астағыпыралла» деп күбірлеп, кеудесін ұстады. Ішінен дұға оқып тұр ма, әлде айуанмен үнсіз тілдесіп тұр ма – Естемес бұған бұрылған жоқ. Нар аяғы жерге кіріп кеткендей ырғала ауыр қозғалып бұрылды да, теңселе аяңдап кете берді. Төбе құйқаны шымырлатып, зарлап боздап барады.
– Ботасы өлген боз інген, – деп күбірледі Естемес атын тебініп қозғала беріп. Ойынан енді ғана сергіп, Ора¬зымбетке бұрылды. – Көрмейсің бе, ботасы өлген ғой аруананың. Зары қандай ащы еді. Түйе деген жануар баласын адамнан артық жоқтайды.
– Мен қорқып қалдым, – деп Оразымбет шынын айтты. – Киелі шығар жануар.
Естемес тағы да үндемей қалды; көзі өткір жылтырап, өңі қуқыл тартып, алысқа қарайды. Желе жортып кеткісі келген Оразымбет те оның өңіндегі құбылысты танып, атының тізгінін тартты.
Естемес аз уақыт үн шығармай іштей ыңылдап, толқып келе жатты. Кенет атының шылбырын Оразымбетке тастай беріп, қолын кейін созып, қызыл қоржындағы домбырасын суырып алды.
Естемес домбыраның құлағын бұрап күйге келтіріп алып, машықты әуенмен қағып-қағып жіберді. Епті ұзын саусақтар пернені жоғарыдан төмен бірнеше қайтара жүгіріп өтті. Бірақ мұның бәрі жаттанды сарын еді. Аздан кейін күйші қолы күрмеліп қалғандай бір пернені басып, жалғыз ішекті шерте берді. Белгісіз тың әуен дүниесінің табалдырығынан аттап өте алмай, қиналған түрі бар. Оразымбет те демін ішіне тартып, ұстазының дидарына ынтыға қарап қалған; жаңа бір күй сарайының есігін ашқанша асыққан сабырсыздық бар өңінде. Ат жалына еңкейіңкіреп барып Естемес ырғалып, кеудесін көтере беріп, тың күйді бастап кетті. Майда ырғақты, жұмсақ әуен бояуы оңып кеткен шүберектей күзгі қуқыл даланың үстінде қалықтай берді. Сәл бәсеңдеп барып домбыраның кеудесінен екі-үш ырғалып, әрең суырылып көтерілді де, ар жағы мұңды сазға, майда ырғаққа ауысты. Көңілі жүдеу бишараны жұмсақ алақанымен маңдайдан сипап, алыстағы бір болмашы үмітті нұсқағандай елес береді. Күй шым-шымдап ішке кіріп, көңілді босатып, қабақ астында қатып қалған жасты жібітіп, енді бір кез майда рахат самалымен желпіп сергіткендей болады.
Оразымбет тарамыс денелі, қатқыл өңді, егде кісіден дәл осындай жүрек қылын шертетін нәзік күй шығады деп ойламап еді. Ол ұстазының бетіне қарап, оны жаңа көргендей болды. Терең әжімді, ашаң жүзіне жастық балғын нұр жүгіріп, кішілеу өткір көзі дымқыл тартып, Естемес балқып тұр екен. Салалы ұзын саусағы буынсыз болып кеткендей, жібектей майысып, жыпылдап барады. Жаңағы бір сезімтал майда әуенді қайталап келіп, енді көтеріле бергенде, өрге шыға алмағандай тайғанақтап, күй сазы қайта шегінді. Тағы да бір-екі рет талпынып барып, булығып қалды. Естемес ыза болғандай домбыраны қатты бір қақты да, бұрылып артындағы қоржынға салып қойды. Күйге еліккен Оразымбет ұстазының қолынан ұстай алып:
– Еске, ар жағын!.. – деді дауыстап. Естемес иіліп атының тізгінін қолына алды.
– Ай, шырағым-ай, мені қинайтыны да сол ар жағы ғой. Бұл өзі көптен көңілді тербеп жүрген бір күй еді. Дәл осы арадан аса алмай-ақ қойдым. Қашан кемеліне келтіргенше, күйді көп алдына салмаған жөн. Халықтың құлағын қажаған күйші күйден садаға кетсін. Қашаннан әдетім: күйімді әбден нақыштап алғанша, жанға есіттірмеуші едім. Ең аяғы, қасымдағы жолдасым сенен де бүгіп, осы күйді оңаша толғап жүрдім. Жаңағы бір оқиғаның қозғап жібергені ғой. Ар жағын алып кетем бе деп едім… Әлі де бір түрткі жетпей жатыр-ау. – Естемес көңіл толқуын баса алмай аз бөгеліп, қайтадан сөйлеп кетті. – Күй деген де ойдан туады. Қолың қанша жыпылдағанмен, көңілің қуыс болса, күй шықпайды. Жаңағы жарты күй осы жасқа келгенше ойланып-толғанып, түйгенім сияқты көрінеді өзіме. Қамкөңілді жұбатсам деген бір арман еді. – Естемес ауыр бір күрсініп, ойынан қалт сергіді. – Нарымыз ұзап кетті ғой. Кәне, сол ойсылқараның соңынан ерелік, бір қараға жеткізер, – күйші атын тебінді.
Нар соңынан « әудем» жер еріп отырған екі атты Ипан тауынан бергі ылдидағы қайнарда жұпыны ғана жалғыз қараша үйді көрді. Нар үйге жеткенде басына үкілі тақия киген, талдырмаш денелі қыз шығып, бұйдасын шешіп, есік алдындағы қазыққа байлады. Екі атты да cay етіп келіп, « қарбалас-ау» деп аттан түсті. Қыз бала қаймықпай жолаушылардың қасына келіп, ізетпен үйге шақырып, Естеместің тізгінін алып, белдеуге өзі байлады.
– Әкемнің ұлы жоқ, айып етпеңіздер, – деді дауысы сыңғырлап.
« Дауысының әсемін-ай, құлақты қытықтап барады. Әрі еркін, әрі ибалы, мінезі де оңды екен», – деді Естеміс ішінен.
Түндігі бүркеулі қара көлеңке үйдің ішінде жалғыз шалдан басқа адам жоқ екен. Ол орнынан тұрып қонақтардың сәлемін алып, екі күйшіні төрге отырғызды.
– Жаңыл-ай, қалқам, түндік ашшы, – деп дауыстады.
– Ал жол болсын, шырақтарым?
– Әлей болсын! Біз ел аралап жүрген күйші боламыз. Менің есімім – Естемес. Мына жігіт – Оразымбет күйші.
– Өзім де шырамытып отыр едім. Ана жылы ел осы қайнарда отырғанда екі күн күй тартып, құлақ құрышын бір қандырып кетіп ең-ау.
Осы кезде үйге Жаңыл кіріп, төменгі жаққа келіп отыр-ды. Естемес қабақ астынан қыздың тұлғасын шолып өтті. Жасы он алты-он жетілер шамасында болар. Қою қара қасты, мөлдіреген қара көзді, дөңгелек жүзді, қара торының сұлуы екен. Үстіндегі жалаң көк көйлегі тозған. Шынтағындағы білдіртпей салған жамауын да күйші көзі шалып қалды. « Әттең, үлде мен бүлдеге ораса, жанып-ақ кетер едің-ау», – деп қойды Естемес ішінен. Шал арғы ел, бергі елдің хабарын сұрастырып отырғанда да, күйші пейілі түсіп, сөз арасында қызға қарай берді. Тіпті бұл үйдің жолаушыларға сусын ұсынып, қазан астына от жағуды ұмытып кеткені де есіне келмеді.
Шал аз уақыт тұйықталып, төмен қарап отырды да, бір кезде басын көтеріп алып:
– Естемес шырағым, – деді. – Өлімнен ұят күшті. Сен келгенде бір тостаған сусын тауып бере алмай, жерге қарап отырмыз.
– Жоқ, ақсақал, сіз қиналмаңыз.
– Неге қиналмаймын, қарағым. Биылғы жұт елді титықтатып кетті ғой. Арқалайтын да, асырайтын да жалғыз нарымыз анау жатқан. Ауыл көшерде бошалап кетіп, ботасыз қайтты. Суалып қалды. Қаңсытып, таңдайды кептіріп отыр, – деп шал ауыр күрсінді. Содан кейін қызына бұрылды. – Жаңыл қалқам, қайнардан су әкеліп бер. Қонақтар шөлдеген шығар. Жаңыл иіліп тостағанмен су ұсынғанда, Естемес тағы да ұзағырақ қарады. Қыз көзіне көзі түсіп кеткенде, жүрегі бүлк ете қалды. « Сақалды басыммен сабырдан айырылғаным қалай», – деп кейіді өзіне. Бірақ көңілі құрғыр әлденеге талпынып алып барады. Сонау бір жастық шағы қайтып оралғандай еліте құмартады. Талайдан аңсағанын көргендей көз жазғысы келмейді. « Атастырған адамы болмас, өйтсе шалды жұртқа тастап кетпейді ғой. Және ұзатылатын уақыты да жеткен ғой», – деп ойлады ішінен. Күйші осы күнге дейін аумалы-төкпелі халге түсіп, қыл үстінде тұрғандай қалтырайды. « Кім біледі, жер ортасынан асқанда тәңірінің сарғайтып барып бұйыртқаны осы болар», – деген де ойға тіреліп, қайта ауытқиды. Көңіл аптығын басу үшін Есте¬мес домбырасын алып, ақырын шерте берді.
Ойланып қалған шал басын көтеріп алып, тағы да тіл қатты:
– Апырым-ай, осы мал жарықтықтың күйге елігетіні болады деуші еді. Естемес шырағым, өнеріңді салып көрсең қайтеді?! Хақ тағала көз жасымызды көрсе, кім біледі, нарымыз иіп кетер. Салшы өнеріңді, қарағым. Қолымнан келсе, не сұрасаң да берейін.
– Не сұрасам да бересіз бе? – деп Естемес жалт етіп Жаңылға көз тастады.
– Беремін, қарағым.
Жаңыл сытылып үйден шығып кетті.
– Ақсақал, сіз де елде жоқ қолқа салып отырсыз. Мен де елде жоқ қолқа салайын. Осы күнге дейін жар сүймей келе жатыр едім…
Шал Естеместің қолқасын түсініп төмен қарап, ойланып қалды.
– Апырым-ай, мынауың шынында да елде жоқ қолқа екен, – деді ол сәлден кейін. – Ай, бірақ сен де бір азаматсың ғой. Баламды қор қылмассың. Сөзім сөз. Өнерің жетсе, тілегіңді бердім, қарағым.
Осы кезде Жаңыл есіктен қарап:
– Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар, – деді.
– Мейлі, болсын. Кәне, Жаңыл қарағым, нарыңды тұрғызып, шелегіңді тоса бер, – деп Естемес домбырасын ұстап орнынан тұрды.
Жаңыл нарды үйге жақынырақ әкеліп байлады. Шал тулақ алып шығып, нардың алдына төседі. Естемес « кепкен шандырыңды жібіте алар ма екем» деп сынағандай нарды шолып өтті. Түйенің ендігі түрі манағы көргенінен бөлек. Балшықтан құйғандай денесінде қыбыр еткен тірлік белгісі жоқ. Басын манағы келген жағына бұрып, сонау алыс адырға құрғақ, жансыз көзін қадап, қатып қалған. « Апырым-ай, мына жануарды жібіту қиын болар», – деп секем алып қалды Естемес. Осы кезде Жаңыл келіп, түйенің мойнынан құшақтап, басынан сипады. Нар сонда ғана селт еткендей болды. Естемес көзі тағы да Жаңылға түсті. « Мал баласына осылай пейілің түскені… жас та болсаң, аса мейірбан боларсың», – деп ойлап, күйшінің іші жылып кетті. Жаңыл қарындағы шелегін алып, түйенің желініне тосып, саууға ыңғайланды. Күйшінің жіті көзі қыздың әр қимылын қапысыз бағады. Бай ауылда күң, сауыншы аталатын еңбек әйелінің әр қимылында жарасымды ширақтық, әсем ептілік барына сүйсіне қарайды. Жаңыл бұрылғанда байқады, қыз жүзін ай бетіндегі мұнардай бір мұң шалып тұр екен. Естемес ішінен: « Қасымда тұрсаң да, алыстағы арманым екенсің, күй қанатымен қуып көрейін», – деп Жаңылға телміре қарап сәл тұрды.
Күйші жүгіне беріп, « я сәт!» деп домбыраны қағып-қағып жіберді.
Жасы ұлғайып, қимылы ауырлап кеткен ұстазының жас жігіттей құлшынып шыға келгеніне Оразымбет таңырқай қарады. « Бір жылдан бері мен аңдамаған мінезін осы бүгін көрсетті-ау», – деп ойлады. Әншейінде жайғасып малдасын құрып, тіпті шынтағына жастық қойдырып тартатын күйші, қазір бір тізелеп жүгініп отыра кетіп, сілтей жөнелді. Домбыраны қатты қағып, нарды бір елең еткізіп алды да, күйді бастап кетті. Алғашқы ырғағынан-ақ Оразымбет бұл жол үстіндегі өзі тыңдаған күй екенін танып: « Еске-ай, манағы тірелген жеріңде тағы да тайып құламасаң не қылсын», – деп сескеніп қалды. Бірақ Оразымбет бұл күдігін тез ұмытты. Ол енді алғашқы рет тосын күй тыңдағандай көз шарасы үлкейіп, ерні түріліп елтіп қалған. Күйшінің мына тартысы бөлек еді. Енді манағы мұңды әуеннің мағынасы артып, аяғы арманға ұласып барады. Жібек сазды ырғақтың арасында домбыра ақырын ғана күрсініп алғандай болады да, қайтадан сергіп, балапандай талпынады. Оразымбет лыпылдаған қанат сусылын естігендей де болды. Діріл қаққан күй тарауы майда қоңыр сазды сарынға ауысты да, ақырындап көтеріле берді. Күйшінің саусағы домбыраның сағасына таман келіп безек қағып, күй аз бұлқынып жоғары өрледі де, суырылып барып, асқақтап жүре берді. Күйшінің қиналған жерден өтіп кеткенін сезіп, Оразымбет: « Аһ, сабазың, шыңыраудан суырып шығарды-ау!» – деп сүйсінді. Алдынан кең өріс, алыс қиян ашылғандай оның да бойы сергіп қалды…
Естемес күйге елігіп, өзге дүниені ұмытып кетті. Талайдан бері арқаны құрыстатып, кеудені кернеп, булықтырып жүрген нәрсе түйіні шешіліп, қыртысы таралып, жанын сергітіп, әсем сазды күй болып дүниеге келе жатыр. Сарылып іздегені оңай табылып, шиеленісіп қинағаны тез шешіліп, күйші көңілі де күй қанатына ілесіп алысқа самғады. Сәл иіліп, талдырмаш тұлғасы әсем майысқан қыз бұлдырап алыстап, биіктеп кетеді. Сонау көкжиектен, сағым арасынан сыңғырлап күліп, еліктіре шақырғандай болады. Күйші көңілі соған талпынады.
Естемес қиялынан сергіп, нарға қарады. Нардың тақырдай қатып қалған қайыс жоны жұмсарып, қан жүгіргендей. Денесіне тіршілік дірілі еніп, бір-екі рет қозғалып теңселгендей де болды. Жаңағы қадалған қырқадан басын бері бұрып, үлкен көзі жасқа толып, жаудырап тұр екен. Күйші осы кезде күй ырғағын баяулатып келіп, ақырын дірілдетіп көтерді де, ботадай боздатып жіберді. Анадан айырылған жас ботаның алғашқы зарлы үні үзіліп-үзіліп шығады. Аруана осы тұста бір ыңырай-ды. Естемес оны да домбыраның ішегіне іліп әкетті. Күйші көзі Жаңылға түсті… Қыз нардың емшегін қысып ұстап қатып қалыпты. « Апыр-ау, бұл неге саумай тұр», – деп ойлады Естемес. Нардың желіні тырсиып барады. Естемес қыздың әдейі саумай тұрғанын байқады. Кенет оған бір суық ой келіп, шошынып қалды. « Екі күйші өнерлеріңді бірдей салыңдар» деген қыз сөзінің астары енді ашылып, есіне қайта түсті. Дір етіп, бір шошынып қалған күй әлгі тапқан жайма–шуақ биігінен төмендеп, қайтадан мұңды сазға ауысып күңіреніп барады. Сәлден кейін жалт еткен арманынан айырылып қалғандай күй тағы бір талпынды. Естемес Жаңылға енді бір қарағанда, сығымдап қысқан сүйріктей ақ саусақтың арасынан шым-шымдап сүт тамып барады. Күйшінің де көзінен жас тамып кетті. « Заманым өткен екен ғой!» – деп аһ ұрып, жалт бұрылды да:
– Ар жағын сен тарт! – деп саңқ етіп, домбыраны Оразымбетке тастай берді.
Оразымбет домбыраны қағып алып, жалғастырып тарта жөнелгенде, нардың сүті де шелекке сауылдап құйыла берді.
Біз қайдан білейік, ел « Нар идірген» күйі осылай туыпты деседі.
Жауап берді: Тахауи Ахтановтың 1994 жылы неден қайтыс болғаны туралы мәлімет тауып бере аласыз ба?
Заманында кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезов Тахауи Ахтановжайында «ол әдебиеттегі жаңа құбылыс» деп айтып кеткен еді. Және жай ғана айтып қойған жоқ, оны өзіне іні-бауыр тұтты, абыройды ақтаған қаламгерлердің белді өкілі деп санады. Бүгін сол Тахауи ағамыздың туылған күні. Көзі тірі болғанында оның жасы 89-ға келер еді.
Тахауи Ахтанов 1923 жылдың 25 қазанында Ақтөбе облысының Шалқар ауданы, Шетырғыз ауылында туған. Ұлы Отан соғысының ардагері. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтының екінші курсында оқып жүрген кезінде майдан даласына өзі сұранып аттанған.
Соғыста қолынан қаруымен бірге қаламы да түскен жоқ. Майдан газеттерінің беттерінде әдеби көркем шығармалары, өлеңдері мен очерктері жарық көрген. Кейін, 1948 жылы әскер қатарынан босағаннан соң шығармашылыққа түбейгейлі бет бұрды. Сын мақалалары молынан жарық көріп, алғашқы монографиялық зерттеу еңбегі де басылып шыққан болатын. Жазушы мұнан кейінгі жылдарда проза мен драматургия жанрларында өнімді еңбек етті.
Ең алғаш жарық көрген әңгімесі "Күй аңызы". Артынан, 1956 жылы "Қаһарлы күндер"атты романы да дүниеге келген болатын. Ал, "Дала сыры"повесі үшін Тахауи Ахтановқа Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы жазылған "Сәуле"драмасы, одан кейінгі "Боран", "Ант", "Әке мен бала"драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. "Махаббат мұңы", "Күтпеген кездесу"драмалары, "Арыстанның сыбағасы", "Күшік күйеу"комедиялары өзге елдердің сахналарында қойылып жүр.
Т.Ахтанов 1994 жылы дүниеден озды. Өкінішке қарай жазушының 80 жылдығы да, 85 жылдығы да мемлекеттік деңгейде аталып өтілген жоқ. Келесі жылы тұлғаның 90 жылдық мерейтойы. Айтулы күні тиісті деңгейде шаралар өткізілсе нұр үстіне нұр, жазушы әруағына құрмет болар еді.
Айта кетейік, Тахауи Ахтанов II дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі рет Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі"ордендерімен марапатталған. Қазақстанның Халық жазушысы.
Жауап берді: Қаздар қайтып барады әңгімесінің қысқаша мазмұны?
Қабдеш Жұмаділов– қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі. Туған әдебиетіміздің тың арнамен дамып, өсіп – өркендеп, қанат жаюына сүбелі үлес қосып келе жатқан майталман жазушы. Шығармаларының негізгі өзегі – тағдыр тәлкегімен туған жерден жырақта жүрген қандастарымыздың киелі топырақ, қасиетті атамекеніне оралуды зарыға аңсап күткен сағынышы, арман – мүддесі, көз жасы, үміт – сенімі. Қабдеш шығармаларынан Отанға деген сүйіспеншілік, атамекеніне деген өрттей лаулаған махаббат, осы жолда елдік пен ұлттық рух ұрандап тұрғандай. Еліміз егемендік алып, тәуелсіздік тізгіні қолда тұрған шақта ел ертеңі болатын жас ұрпақтың бойына елжандылық рухты қалай дарытамыз. Осы мақсатта мектепте әдебиет пәнінің рөлі өте зор десек, ұлттық рухы асқақтаған Қабдеш шығармаларының орны өте зор. Міне, осыған орай Қабдеш шығармаларын оқытуда шығарманың тарихи негізін, негізгі мәселе мен айтпақ ойын ашып та анық талдай білу – ұстазға үлкен міндет жүктейді.
Мектепте Қ. Жұмаділов шығармашылығы «Сәйгүліктер» романынан үзінді «Қозыкүрең» үзіндісі, 8 – сыныпта «Қаздар қайтып барады» атты алғашқы әңгімесі, 11 – сыныпта жазушы шығармашылығына шолу түрінде өтеді. Осы жинақта жазушы шығармаларын оқыту тәжірибемнен әдістеме ұсынып отырмын.
Балаларды бағыныштылықтан, құлдық психологиядан арылтып, өз позициясы бар, өз намысын қорғай алатын ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуде талап үрдісінен шығуға мүмкіндік беретін бірден – бір тиімді әдіс – «Сорос – Қазақстан» қоры арқылы елімізге келген СТО жобасы. Бұл технологияның тиімділігін мен сабақ үрдісіндегі кенет туған өзгерістерден, серпілістерден байқадым. Сол себепті СТО жобасын тәжірибемде жиі тұрақты қолданамын. Мәселен, «Қызығушылықты ояту» кезеңінде «ой шақыру», «негізгі ойды суреттеу», «ББҮ» стратегияларын пайдаланамын, 8 – сыныпта Қ. Жұмаділовтің «Қаздар қайтып барады» әңгімесін өткенде, балалар ой шақыру үшін «Туған жер» сөзіне ассоциация құрды. Бұл тәсілдің тиімділігі – миға шабуыл жасауға мүмкіндік беру, пікір еркіндігі, шабытты ояту, сыни тұрғыдан ойлауға стимул(түрткі) жасау.
Қазіргі кезде оқушылардың әсіресе әдебиет пәнінде көлемді ұзақ әңгімелерді не үзінділерді бәрі бірдей оқымайтыны жасырын емес. Осы тұрғыда СТО жобасының «Жигсо – 1», «Жигсо – 2» стратегиясының тиімділігі өте мол екендігін байқадым. «Қаздар қайтып барады» әңгімесінің идеялық мазмұнын ашу үшін сынып оқушыларын 4 топқа бөлдім. Алдымен үй тобына (1,2,3,4) нөмірледім. Одан кейін 1-лер өз алдына бір топ, 2-лер бір топ болып, жұмыс тобын құрды. Мәтін ой аяқталуына байланысты 4 бөлікке бөлінген. Жұмыс тобында әр оқушы мұғалім роліне дайындалады. Осы бөліктегі бір мәселені шешті. Мысалы: «Қайсар әрі табанды қарт бұл сапарға неліктен кеш шықты?» Одан кейін I топ мәтін бөлігіне «Рухы берік қарт деген ат қойды» Басқа жұмыс топтары да алдымен жеке, одан кейін жұпта, сосын топта осы ізбен жұмыс істейді. Үй тобына оралып, әр оқушы жұмыс тобында оқыған мәтін мазмұнын кезекпен оқыды. Жұмыс тобында құрған жоспарын оқыды, проблеманы шешті, бекітті. Оқушыны бағалағанда, сөйлеген оқушыға емес, қасындағы балаға баға қойдым.
Ой толғаныс кезеңінде «5 жолды өлең»; «7 жолды өлең»; «Эссе»; «Еркін жазу»; «Әлем шарлау»; «Т кестесі» стратегияларын пайдаланып жүрмін.
Балалардың қиялын дамытатын, сөздік қорын байытатын, ойлау шаттығын туғызатын стратегия – «Еркін жазу» стартегиясы. «Қаздар қайтып барады» әңгімесін жан жақты талдап болғаннан кейін, «Еркін жазу» стратегиясын жазып, әңгіме оқиғасын өз қиялымен әрі қарай жалғастырып, өзінше аяқтады.
2 шығармадағы 2 кейіпкерді салыстыру үшін «7 жолды өлең» стратегиясын қолданып жүрмін.
1. Зат есім ______
2. Сын есім _____ _____
3. Етістік ____ _____ _____
4. 2 тақырыпты байланыстыратын ортақ сөйлем ___ ___ ___ ___
5. Етістік ____ _____ _____
6. Сын есім _____ _____
7. Зат есім ______
Қ. Жұмаділовтің «Қозыкүрең» әңгімесіндегі тұлпар мен «Қаздар қайтып барады» әңгімесіндегі қартты салыстыруға арналған «7 жолды өлең» стратегиясы.
1. Қарт.
2. Отаншыл, қайсар.
3. Шыдады, күресті, оралды.
4. Қарт пен Қозыкүрең – атамекенін аңсаушылар
5. Қашты, жетті, өлді.
6. Жүйрік, жершіл.
7. Қозыкүрең.
Жауап берді: Қабдеш Жұмаділов Қаздар қайтып барады әңгімесіне қысқаша мазмұндама жазу?